^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 6 сәуір 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы мен Алматы облысы шекаралас аймақтарды дамытудың ынтымақтастық мәселелерін талқылады
07 тамыз 2019

Бүгін, 7 тамызда Алматының шеті мен Алматы облысының жақын орналасқан аймақтарын дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті. Оның жұмысына Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев және Алматы облысының әкімі Амандык Баталов қатысты.

 

Кездесудің мақсаты – мегаполистің шет және облыстың шекаралас елді мекендері тұрғындарының әлеуметтік проблемаларын өзара ақылдаса отырып, шешу. Негізгі мәселелер құрылымы анықталды, олар – тұрғын үй мен әлеуметтік объектілер салу, көлік-жол инфрақұрылымын дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және туристік әлеуетті дамыту. Кәсіпкерлікті дамыту арқылы еңбекпен қамту мен жұмыс орындарын ашуға назар аударылды.

Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев өзінің сөзінде қолжетімді үй салу үшін қалада бос жердің тапшы екенін айтты.Тұрғын үйге деген сұраныс құрылыс қарқынынан басым. Үй кезегіндегілер саны жыл сайын 10%-ға артып, 2400 мың адамды құрайды. Мәселені шешудің бір жолы 2015 жылғы тәжірибе бойынша облыс аумағында тұрғын үй салу, сол кезде Алматы қаласының 900-ден астам үй кезегіндегілер Қарасай ауданындағы «Асыл Арман» ТК пәтер алған болатын.

Көлік қатынасын дамыту үшін қала әкімінің тапсырмасы бойынша қала маңына тасымалдаумен қалалық муниципиалды және жеке автопарктер айналысатын болады. Қызмет көрсету сапасын арттыру үшін тасымалдау ережесі күшейтіледі. Білім басқармасы тасымалдаушылармен және колледждермен бірге жүргізушілер мен сервистік қызметшілер құрамын оқыту мен қайта оқытуды қолға алады. Міндет – жалпы жүргізушілік мәдениетін арттыру.

Айта кетерлігі,көлік өткізу қабілетін арттыру үшін қалада жолайрықтар салынып, үңгілеу жұмыстары жүруде. «Алтын-Орда» базары маңындағы жолды тез арада кеңейту қажет. Радиалды жолдар жылдамдатқан жөн. Жаңа жол құбырлары мен инженерлік желілерді салу келісіп атқарылады.

Алматыны азық- түлікпен қамтамасыз ету – үйлескен іс-қимылды қажет ететін маңызды мәселенің бірі. Алматы – еліміздің ірі тұтыну нарығы. Соңғы 5 жыл ішінде қала тұрығндарының саны 20%-ға өсіп,1,8 млн адамнан асты. Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді - көкөністі,ет пен сүт өнімдерін, жеміс-жидекті,түрлі жармаларды тұтынудың жыл сайынғы көлемі 1,1 млн тонна.

Алматы облысы қалаға ауылшаруашылық өнімдерін басты жеткізуші бола алады. Алайда, қазір тұтыну көлемінің жартысынан азы ғана жеткізілуде.

Ауылшаруашылық өнімдерін тасымалдау мен жеткізу жүйесін арадағы делдалсыз дұрыс жолға қою тұрғындарға қолжетімді өнімдер сатып алуға мүмкіндік береді.

Алматы әкімі еңбекпен қамту және жұмыс орындарын ашу мәселесіне ерекше назар аударды. Ол үшін шет аймақтар мен қалаға жақын орналасқан елді мекендерде тұрғындар қажеттілігі мен еңбек нарығын ескере отырып, шағын және орта бизнесті дамыту қажет.

Жаңа жұмыс орындарын ашудың драйвері туристік әлеуетті дамыту болып табылады. Мамандардың мәліметі бойынша Алматыға келген шетелдік туристердің 80 проценті облыстың туробъектілерінде болуды қалайды екен.

Қолжетімділік пен жайлы жағдайды қалыптастыру үшін көлік және жолжиегі инфрақұрылымдарын дамыту қажет. Алматыдан ыңғайлы автобустармен шығатын туристердің Алматы облысында орналасқан ұлттық парктерде болуын ұйымдастырған жөн.

«Бүгінгі әңгіменің Алматы мен Алматы облысының шекаралас аймақтарында жаңа игілікті істердің пайда болуына ықпал ететініне сенімдімін. Бұл біздің бірігіп атқаратын ауқымды жұмыстарымыздың бастауы болады», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.

 

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Қала әкімдігі жұмыссыз режимнің 13 сәуірге дейін ұзартылғанын еске салады »»
05 сәуір 2020 - 21:15
5 сәуірге дейін ұйымдардың жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім кейінге шегерілді. Енді қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етпейтін барлық кәсіпорындар мен ұйымдар үшін жұмыссыз режим 13 сәуірге дейін ұзартылды.   Мұндай шешімді ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия қабылдады. Бұл режим адамдар мен жеке көліктің қала ішінде қажеттіліксіз жүріп-тұруына тыйым салуды көздейді. Азық-түлік пен дәрі-дәрмекті алуға тұрғылықты жерге жақын орналасқан дү...
Б. Сағынтаев жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысын бастауға пәрмен берді »»
04 сәуір 2020 - 17:34
Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 280 орынға жоспарланған, провизорлық госпитальдың құрылысы басталған алаңға барып, ондағы жұмыстармен танысты.   Госпиталь салу туралы шешімді коронавирус инфекциясына қарсы күрес мақсатында құрылған ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету туралы Мемлекеттік комиссия қабылдаған болатын. Тез салынатын блокты құрылыс жабдықтарымен бой көтеретін нысан 280 орынға арналған, оның ішінде 28-і интенсивті терапия бөлімшесіне тиесілі. Құры...
Қазақстанда автокөліктерге арналған сұйытылған мұнай газының орташа бөлшек бағалары төмендейді »»
03 сәуір 2020 - 15:46
Елде мемлекеттік реттеуді енгізу арқылы төтенше жағдай кезінде автокөліктерге жанармай құю үшін сұйытылған газдың бағасы тұрақтандырылады, бұл өз кезегінде халықтың тұтыну қоржынының құнын төмендетеді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.   ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 8 хаттамасының 8.2-тармағына сәйкес Энергетика министрлігіне Ұлттық экономика министрлігі және Әділет минист...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56