^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 21 қаңтар 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Қоғамдық орындарды жаяу қадағалаудың тиімділігі
06 тамыз 2019

Алматыны дамытудың басты бағыттарының бірі қоғамдық қауіпсіздік болып табылады. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қоғамдық қауіпсіздікке ерекше мән беруде. Сондықтан қала басшысының тапсырмасы бойынша полиция Департаменті аулалар мен қараңғы учаскелерді ескере отырып, патруль жүргізу тәртібін қайта қарады.

 

Алматының полиция Департаменті хабарлағандай, мегаполисте қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету форматы өзгерді: сыртқы қызметтер аулалар мен қоғамдық орындарға патруль жүргізуді, яғни қадағалауды бастады.

Алғашқы ауысым өздеріне тапсырылған учаскені сағат 08.00 ден 16.00-ге дейін, екіншісі сағат 16.00 ден 00.00-ге дейін, ал үшіншісі сағат 00.00 ден 08.00–ге дейін күзетеді. 

Қылмыстың алдын алуға қатысты кешенді шараларды жүргізудің нәтижесінде қоғамдық орындарда жасалатын қылмыс деңгейі 25,4%-ға, көшелердегі қылмыс 30,7 %-ға төмендеген. 111 мыңнан астам әкімшілік тәртіп бұзушылық анықталды, айыппұл сомасы 979 млн теңгеден астам.

 



  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда жазушы Сәбит Досановтың мерейтойы аталып өтті »»
20 қаңтар 2020 - 17:05
Бүгін Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында танымал жазушы Сәбит Досановтың 80 жылдығына орайластырылған салтанатты кеш өтті.   Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Досановтың атына жазылған құттықтау сөздері мен ізгі тілектерін оқып берді. Мерейтой иесін құттықтауға жазушылар, әдеби сыншылар, аудар...
Сағынтаев Президенттік жастар кадрлар резервінен аудандар әкімдерін тағайындады »»
17 қаңтар 2020 - 19:27
Алматының Алатау және Түрксіб аудандарының жаңа әкімдері тағайындалды   Алматы әкімінің өкімімен, Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Алатау және Түрксіб аудандарының әкімдері болып Азамат Қалдыбеков және Бақытжан Ақжаров тағайындалды. Аудандардың жаңа әкімдерін таныстырған Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев олардың Президенттік жастар кадрлары резервінің өкілдері екенін атап көрсетті. «Мемлекет басшысының дарынды жастар үшін ашық және тиімді әлеуметтік лифт ...
Алматы әкімінің бастамасымен мегаполисте таяу арадағы 3 жыл ішінде миллионға жуық ағаш отырғызылады »»
17 қаңтар 2020 - 18:49
Алматы қаласы әкімдігінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында жасыл экономика басқармасының басшысы Ержан Сейтенов «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар аясында жасыл қорды дамыту перспективалары туралы айтты.   Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы 28 желтоқсанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қол қойды. Алматы әкімдігі 28 жаңа құзірет...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56