^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 11 сәуір 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Дәрігерлер Алматы базарларының қызметкерлері мен келушілерді қарады
06 тамыз 2019

Алматының Жетісу ауданындағы үш базарда медиктер 3 күн бойына мұндағы қызметкерлер мен келушілерді кешенді алдын алу шараларынан өткізді.

 

Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша 1-3 тамыз аралығында «Байсат», «Сәлем» және «Алатау-1» базарларында 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында мұндағы қызметкерлер мен келушілер кешенді медициналық алдын алу шараларынан өтті.

Медициналық профилактикалық қабылдауларға Жетісу ауданындағы медұйымдар қатысты, олар: №11, №21 емханалар, «Құлагер» алғашқы медициналық- санитарлық көмек көрсету орталығы, №5 емхана, Алматы қалалық ФЗОЖ орталығының, СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының, Тері-венерология орталығының, Алматы онкология орталығының мамандары.

Көрсетілген медициналық қызметтер:

Фотография

- Флюорография;

- Холестерин мен қандағы қант деңгейін өлшеу;

- Көз қысымын өлшеу;

- Артериалды қысымды өлшеу;

- ВИЧ-инфекция, микрореакцияны анықтау үшін экспресс-тестілеу.

«Тұратын жерлеріне қарамастан біз келушілердің барлығын қабылдадық. Базарларда жұмыс жасайтын көрші мемлекеттер азаматтары да дәрігерлердени кеңес алып, медициналық байқаудан өтті.Тіпті кейбіреулері өздерінің қан қысымын білмеген, байқау барысында 21 адамның гипертонияға ұшырағаны анықталды. Олардың тоғызын дәрігерлер жедел қарап, қан қысымдарын ретке келтірді.Стационарлы цифрлы пост жұмыс істеді, сол арқылы адамдар қай емханаға тіркелгендерін білді», - деді қалалық №111 емхананың терапевт бөлімінің меңгерушісі Назым Күшікбаева.

Кеңес алғандар:

500 адам – жалпы практика дәрігері қабылдады, 37 адамның патологиясы анықталды;

204 адам - невропатологке жүгінді, 68 адамның патологиясы анықталды;

141 адам– психологке қаралды, 5 адамға қосымша қабылдау ұсынылды;

119 адам - дерматологте болды, 14 адамның сырқаты анықталды.

Қаралғандар:

Фотография

107 әйел - онколог-маммологта болды, олардың 17-іне УЗИ и маммографиялық тексеруден өту ұсынылды;

260 адам флюорографиялық тексеруден өтті;

200 адам микрореакцияға қан тапсырды;

300 адам ВИЧ/СПИД қатысты жедел тексеруден өтті, дертке шалдыққандар жоқ.

Қаралғандар:

Фотография

Фотография

310 адам - артериалды гипертензиядан өтті, 21-інің артериалды гипертониясы анықталды;

9 адам жоғары артериалды қысыммен түсті, оларға дер кезінде медкөмек көрсетілді, қан қысымдары реттелді және диспансерлік есепке тұру үшін аймақтық емхана бару ұсынылды;

315 адамның көз қысымы тексерілді, 11-інің патологиясы анықталды;

200 адам қандағы қант деңгейін өлшетті, 21-інің қант деңгейінің жоғары екені анықталды, эндокринологтан кеңес алу және қосымша тексеруден өту ұсынылды.

Фотография

1-3 тамыз аралығында Байсат», «Сәлем» және «Алатау-1» базарларының 425 қызметкерлері медбайқаудан өтті және мамандардан кеңес алды. «Шетсіз қала» акциясы аясында медиктер 5 тамызда «Көкмайса» (бұрынғы «Дорожник») ықшам ауданы тұрғындарын кешенді медициналық бақылаудан өткізді.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда Covid-19-дан екінші қайтыс болу жағдайы тіркелді »»
10 сәуір 2020 - 22:00
Ол жергілікті қала тұрғынымен байланыста болған 1963 жылы туған пациент.   29 наурызда медициналық жедел жәрдем бригадасы оны «Екі жақты полисегментарлы пневмония» диагнозымен коронавирустық инфекцияға талдау алынған стационарға жеткізді. 1 сәуірде пациенттің жай-күйінің нашарлауына байланысты ӨЖЖ аппаратына қосылды. Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, жедел тыныс алу, жүрек-қан тамырлары және жіті бауыр жетіспеушілігінің дамуымен жағдайы үдемелі нашарлады. Пациенттің анамнезінде...
Қаладағы дәріхана ұйымдары өз қызметкерлерін жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді »»
10 сәуір 2020 - 17:52
Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз орталығында өткен брифинг кезінде Қазақстан Республикасы Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова айтты.   Онлайн брифинг кезінде қауымдастық президенті COVID-19 инфекциясы фармацевттер арасында тіркелмегенін атап өтті. Өйткені, әр дәріхана ұйымы өз қызметкерлерін барлық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді деді. – Дәрігерлер сияқты фармацевттер де қауіп-қатердің басында жүр. Алматы қаласының Бас сани...
Қаладағы барлық дәріхана бағаларына күнделікті мониторинг жүргізіледі »»
10 сәуір 2020 - 16:40
Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз орталығында өткен брифинг кезінде Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мәлімдеді.   - Алматы қаласы аумағында Төтенше жағдай мен карантин кезінде дәрі-дәрмектерге қолжеткізу қалай жүріп жатқанына тоқталмақшымын. Бұған дейін Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мен Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56