^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 20 тамыз 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алатау ауданының тұрғындары Алматы әкіміне 400-ден астам сұрақтар қойды
09 тамыз 2019

9 тамызда Almaty Art Center-де Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесті.

 

Қала әкімі мегаполисті дамытудың негізгі бағыттары, абаттандыру, әлеуметтік және жол-көлік инфрақұрылымын жетілдіру, медициналық қызметтің қолжетімділігі, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жұмыс орындарын құру туралы айтып берді.

Б. Сағынтаев қаланың барлық аудандарында сапалы медициналық қызметтің қолжетімділігін ерекше атап өтті. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін медмекеме жоқ ықшам аудандарда медициналық пункттер мен амбулаториялар ашылады әрі мұнда орталық емханалардың дәрігерлері қабылдаулар жүргізеді. Бұдан өзге, бірінші тамыздан бастап тоқсан сайын жылжымалы медициналық пункттер халықтың ортасында болып, кәсіби мамандар кеңес береді.

Қала әкімі еңбекпен қамту мәселесіне ерекше назар аударды. Қызмет көрсету мен сервисті экономика саласында ШОБ қолдау арқылы сапалы жұмыс орындарын құрудың кешенді шаралары әзірленді. Аудандарда «Бақытты отбасы» көпбалалы аналарды қолдау орталықтары ашылуда және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін «Іскер ана» бағдарламасы іске асуда.

Еңбек нарығында жастардың қажетті мамандық алуларына көмектесу мақсатында қала колледждерінің мобильді (көшпелі) қабылдау комиссиялары жұмыс жасауда. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуға және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында тегін оқыту қолға алынуда.

Б. Сағынтаев қауіпсіздік мәселесі бойынша полицияның жаяу және автомобиль нарядтарының бұдан былай аулалар мен қараңғы учаскелерді бақылауға алатыны туралы айтты. Барынша криминалды жерлерде полицияның мобильді пункттері жұмыс істейтін болады.

Өз кезегінде аудан тұрғындары инженерлік, жол инфрақұрылымдарының, жарықтың жоқтығын, иесіз желілерге, жер мен жеке үй салу істерін заңдастыруға, коммуникацияға қосылуға қатысты проблемалар туралы айтты.

Ең өткір мәселелер – көлік қатынасы, медициналық қызметтің қолжетімділігі, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Ауданда 4760 оқушы орны жетіспейді.

Кездесуге келгендердің барлығы әкімге сұрақтарын тікелей қойды. Үш сағатқа созылған кездесу барысында тұрғындар ауызша және жазбаша түрде 400-ден астам сауалдар жолдады. Алматы әкімдігінің көшпелі хатшылығы сұрақтардың барлығын тіркеді, олар сараптамадан өтеді және тиісті шешімдер қабылданады.

«Біз жедел шешетін мәселелер бар, олар – абаттандыру мен жарықтандыру. Ал кейбір мәселелерді шешу үшін біраз уақыт, қосымша қаржыландыру қажет. Шешілетін мәселелердің барлығы шешімін табады. Жоқтан бар жасайтын боламыз», - атап өтті Б. Сағынтаев.

Еске салсақ, қала әкімі өткен сенбіде Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездескен болатын, мұнда да ашық диалог орын алған еді.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Автосарапшы ШААЖ мен Әл-Фараби даңғылы бойында жылдамдықтың 80 км/сағат болуы тиіс екенін дәлелдеді »»
20 тамыз 2019 - 17:15
Бүгін, 20 тамызда Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте автомобиль сарапшысы, Тәуелсіз автомобиль одағының (ТАО) төрағасы Эдуард Эдоков ШААЖ мен Әл-Фараби даңғылы бойында жылдамдықтың 80 км/сағат болуы тиіс екенін дәлелдейтін нақтылы мәліметтер келтірді.   Спикер барлық ЖКО жол қозғалысы Ережесін сақтамау мен бұзудан (олардың ішінде тек көлік жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер, велосипедшілер мен самокатшылар және басқалары бар) болатындығын, жылдамдық режимі солардың бір құра...
Алматылықтар бюджетті неге жұмсау керектігін өздері шешеді »»
20 тамыз 2019 - 16:05
Бүгін, 20 тамызда Алматы әкімдігінің баспасөз-орталығында «Бюджетке қатысу»жобасы бойынша брифинг өтті.     Open Almaty порталында «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасы бойынша өтінімдерді қабылдау 19 тамыздан 1 қыркүйекке дейін жалғасады. «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасы бойынша жобалық ұсыныстарды қабылдау 2019 жылғы 19 тамыздан бастап 1 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады. Жобаларды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін сараптау комиссиясы оларды іріктейді және 2...
Қала қазынасын ұлғайту жөніндегі қосымша шаралар туралы »»
19 тамыз 2019 - 19:27
Бүгін, 19 тамызда Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев пен Алматы қаласы ӨКП төрағасы Нариман Әбілшайықовтың қатысуымен шағын және орта бизнесті қолдау және олардың қала экономикасына қатысу үлесін кеңейту жөніндегі қосымша шаралар туралы брифинг өтті.   Қала бюджетін толықтыру құрылымы ерекше. Қалада 185 мың ШОБ субъектісі бар. Халықтың үштен бірі кәсіпкерлік салада жұмыс істейді. ШОБ кірістері қаланың ЖӨӨ-нің 40%-ын құрайды, бюджеттің 60%-ы ШОБ-т...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56