^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 20 тамыз 2019
 
     
 
Жаңалықтар
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Алматы қаласында болып қайтты
10 тамыз 2019

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматыға жұмыс сапары барысында ірі инфрақұрылым нысандарының құрылысымен танысып, Алматы қаласы мен Алматы агломерациясын дамыту мәселелері жөнінде кеңестер өткізді.

 

Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңес барысында қолжетімді тұрғын үй және әлеуметтік нысандар салу, жұмыспен қамту, көлік және жол инфрақұрылымын, кәсіпкерлікті дамыту, туристік әлеуетті іске асыру мәселелері талқыланды.

Фотография

ҚР Премьер-Министрі ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев Алматы қаласының дамуына үлкен көңіл бөлетінін атап өтті. ҚР Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев қалалық инфрақұрылымның сапасын жақсарту, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, көлік жүйесін, медицина мен білім беруді дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары І. Өсеров қаланы дамыту жобалары туралы баяндады.

ҚР Премьер-Министрі мемлекеттік органдарға қаланың Қазақстан экономикасындағы маңыздылығын атап өтіп, Алматы қаласының дамуын бақылауда ұстауды тапсырды.

Осы күні ҚР Үкіметінің басшысы Алматы қаласының шеткері аудандары мен Алматы облысының іргелес аумағын дамыту жөнінде кеңес өткізді.

2019 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен ірі қалалардың шеткері аймақтарының мәселелерін жыл сайын шешуге 30 млрд теңге, оның ішінде Алматы қаласының шеткері аймақтарына 10 млрд теңге бөлінді.

Фотография

«Агломерация тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі шараларды жүзеге асыру қала мен облыстың 730 мыңнан астам тұрғынын тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді А. Мамин.

ҚР Премьер-Министрі кеңес қорытындысы бойынша қаржы және ұлттық экономика министрліктеріне мүдделі мемлекеттік органдармен, Алматы қ. және Алматы облысының әкімдіктерімен бірлесіп, қала маңындағы аудандарды, іргелес аумақтарды дамыту бойынша іс-шараларды уақытылы жүзеге асырудың қажетті шараларын қабылдап, қаржыландыру мәселелерін пысықтауды тапсырды.

«Біз Алматы қ. мен Алматы облысында бірлескен жобаларды іске асырудан синергетикалық нәтиже алуымыз керек. Ол үшін Алматы агломерациясын дамыту бағдарламасын әзірлеу керек», — деп А. Мамин, түрлі бағыттарда – энергетика, көлік, тұрғын үй, денсаулық сақтау салаларын дамытуда бірлескен жобалардың тізімі құрылғанын атап өтті.

ҚР Үкіметінің басшысы қала мен облыстағы халық санының өсуінің жоғары қарқынына байланысты дамудың өзекті мәселелерін шешіп, сол арқылы өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру қажет екенін атап өтті.

Асқар Мамин бірлескен жобаларды іске асыру және алға жылжыту үшін Алматы қ. мен Алматы облысының жобалық офисін құруды тапсырды.

Фотография

ҚР Үкіметінің басшысы «Урбанистика орталығы» мен №405 авиа жөндеу зауытында болып, Алматы қ. құрылысының жаңа жобасымен, қаланың құрылыс индустриясын дамыту жоспарларымен танысты, сондай-ақ, Құрылысшылар күніне арналған салтанатты жиынға қатысты. 

Фотография

Алматы қаласына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Аюсай шатқалын тазартуға арналған экологиялық сенбілікке қатысты.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Автосарапшы ШААЖ мен Әл-Фараби даңғылы бойында жылдамдықтың 80 км/сағат болуы тиіс екенін дәлелдеді »»
20 тамыз 2019 - 17:15
Бүгін, 20 тамызда Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте автомобиль сарапшысы, Тәуелсіз автомобиль одағының (ТАО) төрағасы Эдуард Эдоков ШААЖ мен Әл-Фараби даңғылы бойында жылдамдықтың 80 км/сағат болуы тиіс екенін дәлелдейтін нақтылы мәліметтер келтірді.   Спикер барлық ЖКО жол қозғалысы Ережесін сақтамау мен бұзудан (олардың ішінде тек көлік жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер, велосипедшілер мен самокатшылар және басқалары бар) болатындығын, жылдамдық режимі солардың бір құра...
Алматылықтар бюджетті неге жұмсау керектігін өздері шешеді »»
20 тамыз 2019 - 16:05
Бүгін, 20 тамызда Алматы әкімдігінің баспасөз-орталығында «Бюджетке қатысу»жобасы бойынша брифинг өтті.     Open Almaty порталында «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасы бойынша өтінімдерді қабылдау 19 тамыздан 1 қыркүйекке дейін жалғасады. «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасы бойынша жобалық ұсыныстарды қабылдау 2019 жылғы 19 тамыздан бастап 1 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады. Жобаларды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін сараптау комиссиясы оларды іріктейді және 2...
Қала қазынасын ұлғайту жөніндегі қосымша шаралар туралы »»
19 тамыз 2019 - 19:27
Бүгін, 19 тамызда Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев пен Алматы қаласы ӨКП төрағасы Нариман Әбілшайықовтың қатысуымен шағын және орта бизнесті қолдау және олардың қала экономикасына қатысу үлесін кеңейту жөніндегі қосымша шаралар туралы брифинг өтті.   Қала бюджетін толықтыру құрылымы ерекше. Қалада 185 мың ШОБ субъектісі бар. Халықтың үштен бірі кәсіпкерлік салада жұмыс істейді. ШОБ кірістері қаланың ЖӨӨ-нің 40%-ын құрайды, бюджеттің 60%-ы ШОБ-т...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56