^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 15 қыркүйек 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда келер жылы медкөмекті қаржыландыру көлемі 45,5 млрд теңгеге артады
15 тамыз 2019

Алматы әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаровтың төрағалық етуімен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша өңірлік штабтың отырысы өтті.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ басшысы Айбатыр Жұмағұловтың мәліметі бойынша Алматы қаласы тұрғындары үшін медициналық көмекті қаржыландыру көлемі 2020 жылы 45,5 млрд. теңгеге немесе бір жарым есеге өсетін болады.

«Егер 2019 жылы медициналық қызмет бюджеті 114,9 млрд теңге болса, онда 2020 жылы 160, 4 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған», - деп атап өтті А. Жұмағұлов. МСҚ төрағасының сөзіне сүйенсек, бұл медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуімен тығыз байланысты.

Бірер айдан кейін толық іске қосылатын реформаның негізгі мақсаты – медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру болғандықтан, реформаны ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына жіті көңіл бөлініп отыр.

Осыған байланысты Алматы әкімдігі тұрғындар арасында ақпараттандыру жұмыстарын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

«Реформа қарсаңында қала тұрғындарының МӘМС жайлы білу деңгейін көтеруіміз қажет. Әсіресе, бейресми жұмыс істейтін азаматтардың статусын анықтаудың маңызы зор. Сол себепті әр тұрғынға дұрыс мәлімет беру, сондай-ақ, туындаған сұрақтарға толыққанды жауап беру реформаның табысты жүзеге асырылуына септігін тигізеді», - деді Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.

Сонымен қатар, Медициналық сақтандыру қоры жуық арада жеке байланыс орталығын іске қоспақ. 1406 бірыңғай байланыс орталығы сарапшылары халыққа медициналық көмек пен сақтандыру жарнасына қатысты жан-жақты мәлімет беріп, жұртшылықтан түскен арыз-шағымдармен айналысады.

Естеріңізге сала кетсек, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде көрсетілетін қызметтердің қаржы операторы болып табылады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыны дипкорпус та құттықтайды
15 қыркүйек 2019 - 17:28
Қазақстанның Үндістандағы амбассадоры Болат Сәрсенбаев қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа құттықтау жеделхатын жолдады.   Мұнда мегаполистің ерекше дамуы мен қала тұрғындарының еңбексүйгіштігі ерекше айтылған. "Қала күні алматылықтардың күнделікті өмірінде ерекше орын алады. Қаланың әрбір жетістігінде алматылықтардың үлесі орасан зор. Қала тұрғындарының туған өлкесіне деген махаббаты, оның заманауи үлгіде дамуына атсалысуы ерекше құрметке лайық", - делінген Б.Сәрсенбаевтың жолдаған жеделхатын...
Алматыны бауырлас қалалар құттықтайды
15 қыркүйек 2019 - 17:13
Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың атына әлемнің түкпір-түкпірінен Қала күнімен құттықтаған хаттар келіп түсуде.   Олардың арасында бауырлас қалалардың мэрлерінен де бар. Алматы мен оның тұрғындарын төл мерекесімен құттықтаған Вильнюстің мэрі Ремигиюс Шимашюс қаланың гүлденуін тілейді. Сондай-ақ, Росарио қаласының мэрі Моника Фэйн де алматылықтарды мерекесімен құттықтайды. Құттықтау жеделхатында ол: "Алматы бүгінде Қазақстанның және бүкіл Орталық Азияның қаржы және мәдени орталы...
Жеті азаматқа Алматы қаласының Құрметті тұрғыны атағы берілді »»
15 қыркүйек 2019 - 16:40
Қала күні аясында шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев қаланы дамытуға ерекше үлес қосқан жеті азаматқа Алматының Құрметті тұрғыны атағын берді.   Сондай-ақ, бірқатар азамат "Еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталды. Қала күнін мерекелеу Тұңғыш Президент саябағында өтуде. Биыл алғаш рет қала әкімінің ұсынысымен қала мәслихаты бірден жеті азаматқа құрметті азамат атағын берді. Осылайша әр сала бойынша мегаполистің дамуына үлес қосқан тұрғындардың еңбегі еленді. Алматы қаласының Құрметті азаматы...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56