^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 1 сәуір 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Әкімнің бірінші орынбасары тағайындалды
19 тамыз 2019

Алматы қаласы әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ерлан Қожағапанов қала әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

 

Е. Қожағапанов 1968 жылы туылған. 1992 жылы Қарағандының мемлекеттік университетін "Экономика" мамандығы бойынша, 1999 жылы Алматы мемлекеттік университетін "Қаржы" мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы РФ Мемлекеттік кеден комитетінің Ресей кеден академиясын "Юриспруденция" мамандығы бойынша тәмамдаған. 1987-1989 жылдары КСРО Қарулы күштері қатарында әскери міндетін өтеген.

 

1990 -1994 жылдары — кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.

1994 – 2007 жылдары — мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда жұмыс жасаған.

2007 - 2013 жылдары — Астана қаласы әкімінің орынбасары болған.

2013 - 2016 жылдары — ҚР Спорт және дене шынықтыру істері Агенттігінің төрағасы, ҚР футбол Федерациясының президенті міндеттерін атқарған.

2016 - 2017 жылдары — ҚР премьер-министрінің көмекшісі;

2017 жылдан ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болған.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Ақпараттық хабарлама
31 наурыз 2020 - 17:14
Карантин кезінде уақытша жабылуға жатпайтын Алматы қаласының ұйымдары мен кәсіпорындары үшін рұқсат етілген салалар мен қызмет түрлерінің тізіміне толықтырулар енгізілді. 2020 жылдың 31 наурызы мен 6 сәуір аралығында карантин кезеңінде жұмыс істейтін қызметкерлер үшін анықтама үлгілері анықталды.   Алматыда карантин шараларын күшейту туралы...
Қаладағы нысандарды өңдеу үшін дезинфекциялық құралдарды қолдану бойынша ақпарат  »»
31 наурыз 2020 - 14:14
Қоқыс салатын жәшіктер, орындықтар, қоғамдық көлік аялдамаларын, жерасты және жерүсті өткелдерін дезинфекциялау үшін күн сайын 60-тан астам жұмысшы жұмылдырылуда. Төтенше жағдай кезінде 600 текше метр (600 000 литр) ерітінді (300 таблеткадан 200 құты) қолданылды.   Қоқыс шығаратын ұйымдар контейнерлік алаңдар мен контейнерлерді дезинфекциялауға 43 000 литр дезинфекция ерітіндісін пайдаланды. Ол үшін 85 адам жұмылдырылды. Автобустарды дезинфекциялауға 130 литрден астам ерітінді пайдаланылып, 100-ге ж...
Алматыда карантин кезеңінде қызметіне рұқсат етілген кәсіпорындар үшін ақпараттық хабарлама »»
31 наурыз 2020 - 13:36
2020 жылдың 30 наурызы мен 5 сәуірі аралығында Алматыда барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтатылады.   Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті компаниялар ғана жұмысын жалғастырады. Ары-қарай оқу үшін және қандай салалар өз жұмысын жалғастыратыны туралы мына сілтемелерден қарау керек. Егер сіздің компанияңыз рұқсат етілген салаларға кірсе, онда сізге мына төменде берілген үлгілерді толтыру қажет: №1 үлгі (кәсіпорындар бойынша): https://forms.gle/PfjLFPK4DgyBnQt27 №2 үл...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56