^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 23 ақпан 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда жастардың «Central Asia Youth Festival» I Орта Азиялық фестивалі өтуде
22 тамыз 2019

Фестивальдың ашылу сәтінде ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасы Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешов, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов құттықтау сөздерін айтты.

 

«Бүгінгі күні адами капитал – ұлт жетістігінің басты факторы.Фестивальдің шабыт беретін, нақтылы бағытты айқындайтын алғашқы қарлығаш жәнесіздердің әрқайсыларыңыздың бейбітшілік пен келісімнің ұйтқысы екендіктеріңізге сенімдімін. Біздің фестиваль – бұл тек алғашқы қадам ғана, ал болашақта бізді ұзақ және барынша нәтижелі жол күтіп тұр. Ақ жол, достарым менің!», – деді өзінің құттықтау сөзін оқыған ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешов.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев келер жылы Алматыда Орталық Азияның еріктілері мен еріктілер ұйымдарының Жастар форумын өткізуді ұсынды.

Қала басшысы мемлекеттің дамуындағы жастардың ерекше рөлі және ел Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың алдағы 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялауы жастар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға оң ықпал ететінін атап өтті.

«Жастардың тікелей араласуы стратегиялық серіктестікті, достық пен тату көрші болуды нығайтудың басты шарты болып табылады. Сондықтан Қазақстанның Тұңғыш Президентінің қорына, ББҰ-ның өкілдігіне, өзге де ынталы ұйымдар мен қонақтарға - жалпы барлықтарыңызға 2020 жылы Алматыда Орта Азияның еріктілері мен еріктілер ұйымдарының Жастар форумын өткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын», - деді Б. Сағынтаев.

ҚР Тұңғыш Президентінің – Елбасының Қоры мен Алматы әкімдігі өткізіп отырған бұл фестиваль Қазақстандағы Жастар жылына арналған. Алқалы шараны өткізудегі Қордың серіктестері – БҰҰ, ЕҚЫҰ және Конрад Аденауэрдің қоры.    

Шара жастар жетекшілерінің әлеуетін арттыруға, Орта Азия жастары үшін тұрақты диалог алаңын, өңірлік интеграцияны, серіктестікті құруға, ел өңірлері жастарының ресурстарын ортақ іске кеңінен жұмылдыруға, жастар саясатындағы озық тәжірибелерді алмасуға бағытталған.

Фестивальдің жұмысына ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешов қатысты.

Алқалы жиынға әр елден – Қазақстаннан, Қырғызстан мен Өзбекстаннан және Әзірбайжаннан 300-ден астам қонақтар қатысады деп күтілуде. Олар - халықаралық ұйымдардың мүшелері, жастар жетекшілері, сарапшылар, қоғам, мәдениет пен ғылым қайраткерлері, стартап-кәсіпкерлер, спортшылар.

Фестиваль аясында оған қатысушылар өңірлік маңызды мәселелер мен проблемаларды кеңінен талқылайды. Сессия жұмысында IT-технологияға, киберқауіпсіздікке, миграция проблемаларына, зияткерлік капиталды сақтауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қолжетімді білімге, полиэтникалық қоғам – бейбітшілік пен келісім моделіне ерекше назар аударылатын болады.








  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда демалыс күндерінің жаңа жәрмеңкелері ашылды »»
21 ақпан 2020 - 13:10
Алматыда демалыс күндері жаңа жәрмеңкелер ашылады. Олар қаланың 8 аудандарында сенбі және жексенбі күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін өтеді.   Алматыда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын реттеу мақсатында қала әкімдігі және «Алматы» ӘКК бірқатар нақтылы шараларды жүзеге асыруда. Солардың бірі - «демалыс күнінің жәрмеңкесін» өткізу. 2019 жылы Алматыда «демалыс күнінің» 4 жәрмеңкесі жұмыс жасады. Енді 2020 жылдың басына бері тағы жаңа 6 сауда нүктесі ашылды...
Сағынтаев алматылықтар шағымданған әлеуметтік нысандарды аралады »»
20 ақпан 2020 - 17:08
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев есептік кездесу кезінде жұмыстарына алматылықтар шағымданған әлеуметтік қызмет орталығы мен балалардың инфекциялық ауруханасында болды. Бұл туралы қала әкімі Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасында жазды.   Арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін №3 Орталықта 350 орын бар, мұнда қарт адамдар, оның ішінде қамқорлықты қажет ететін мүгедектер тұрады. Әкімнің есептік кездесуінде персоналдың жұмысы мен медициналық қызметтің сапасын тексеру бойынша шағым айтылғ...
Бақытжан Сағынтаев – Біз өзімізге жылдың соңына дейін Алматының барлық көшелерін жарықпен қамтамасыз етеміз деген биік мақсат қойдық »»
19 ақпан 2020 - 16:47
Бүгін мегаполис тұрғындарымен өткен есептік кездесуде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев көшелерді жарықтандыру жұмыстары туралы мәлімдеді.   “Өткен жылы көшелерді жаңғыртуға бөлінген қаражат есебінен 300-ден астам магистральді көшелерді жарықтандырдық. Жарықтандыру мәселелері Алатау, Наурызбай, Жетісу аудандарында көтерілді. Біз жарық жүйесі жоқ барлық көшелердің тізімін қайта қарадық. Сондай мың көше анықталды. Жаңа жылдың басына қарай олардың саны екі мыңға жетті. Аудит және түгендеу...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56