^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 21 ақпан 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Қала басшысы Алматыны дамыту жоспарымен бөлісті
23 тамыз 2019

Бүгін, 23 тамызда Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесті.

 

 

Кездесу кезінде қала басшысы «Жаңа Алматы» бағдарламасы бойынша мегаполисті дамытудың жоспарларымен бөлісті: ауданда жаңа емхана салынады, полицияның тәулік бойына жұмыс жасайтын жылжымалы пункті болады, 200 жаңа автобус алынады, троллейбустар саны артады.

Қала әкімі түйткіл мәселені көтерді, автобус жүргізушілері біліктілігінің төмен екенін атап өтті.

Еңбекпен қамту да көкейкесті мәселенің бірі. Оны шешу үшін биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап жастарды жаңа кәсіптерге баулу жоспарланған.

«Тұрғындар проблемаларын біртіндеп шешетін боламыз. Күрделілігіне қарай», - деп атап өтті әкім.

Қала басшысы балалар мен жастарға қатысты объектілерді модернизациялауды ұсынды, олар: кітапханалар, спорт алаңдары әрі әр ауданда оқушылар сарайларын ашу қажет.

Кездесуге қатысқандардың басым көпшілігі жеке өздеріне әрі жалпы ауданға қатысты проблемаларды көтерді. Б. Сағынтаев оларды мұқият тыңдап, тиісті ведомстваларға тапсырмалар берді.

 





  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда демалыс күндерінің жаңа жәрмеңкелері ашылды »»
21 ақпан 2020 - 13:10
Алматыда демалыс күндері жаңа жәрмеңкелер ашылады. Олар қаланың 8 аудандарында сенбі және жексенбі күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін өтеді.   Алматыда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын реттеу мақсатында қала әкімдігі және «Алматы» ӘКК бірқатар нақтылы шараларды жүзеге асыруда. Солардың бірі - «демалыс күнінің жәрмеңкесін» өткізу. 2019 жылы Алматыда «демалыс күнінің» 4 жәрмеңкесі жұмыс жасады. Енді 2020 жылдың басына бері тағы жаңа 6 сауда нүктесі ашылды...
Сағынтаев алматылықтар шағымданған әлеуметтік нысандарды аралады »»
20 ақпан 2020 - 17:08
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев есептік кездесу кезінде жұмыстарына алматылықтар шағымданған әлеуметтік қызмет орталығы мен балалардың инфекциялық ауруханасында болды. Бұл туралы қала әкімі Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасында жазды.   Арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін №3 Орталықта 350 орын бар, мұнда қарт адамдар, оның ішінде қамқорлықты қажет ететін мүгедектер тұрады. Әкімнің есептік кездесуінде персоналдың жұмысы мен медициналық қызметтің сапасын тексеру бойынша шағым айтылғ...
Бақытжан Сағынтаев – Біз өзімізге жылдың соңына дейін Алматының барлық көшелерін жарықпен қамтамасыз етеміз деген биік мақсат қойдық »»
19 ақпан 2020 - 16:47
Бүгін мегаполис тұрғындарымен өткен есептік кездесуде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев көшелерді жарықтандыру жұмыстары туралы мәлімдеді.   “Өткен жылы көшелерді жаңғыртуға бөлінген қаражат есебінен 300-ден астам магистральді көшелерді жарықтандырдық. Жарықтандыру мәселелері Алатау, Наурызбай, Жетісу аудандарында көтерілді. Біз жарық жүйесі жоқ барлық көшелердің тізімін қайта қарадық. Сондай мың көше анықталды. Жаңа жылдың басына қарай олардың саны екі мыңға жетті. Аудит және түгендеу...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56