^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 21 ақпан 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Көшелер мен аулаларды жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
24 тамыз 2019

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес қалалық полиция департаменті криминогендік жерлердің картасын әзірледі.

 

Соның ішінде мүлдем жарықсыз қалған жерлер де бар. ПД-нің мәліметінше аса қауіпті 148 криминогендік учаске анықталған. Бұған 83 көше мен 65 аулада жарық жүйесінің болмауы себеп. 2019 жылдың соңына дейін 83-тің 22 көшесіне жарық орнатылады. Қалған 61 мекен-жай бойынша іске асыру мерзімі 2021 жылға дейін деп көрсетілген ЖСҚ әзірлеуге өтінім берілді.

Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы аула аумақтарын жарықтандыру бойынша жұмысты бастап кетті. Жоспар бойынша 62 аулаға жарық жүйесі орнатылады.

23 тамыздағы жағдай бойынша Түрксіб ауданының 5 ауласында жарық орнату жұмыстары аяқталды. Атап айтқанда, Сейфуллин көшесі, 74, 57; Жұмабаев көшесі, 27; Физкультурная көшесі, 17 ; Орджоникидзе көшесі, 136.






  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда демалыс күндерінің жаңа жәрмеңкелері ашылды »»
21 ақпан 2020 - 13:10
Алматыда демалыс күндері жаңа жәрмеңкелер ашылады. Олар қаланың 8 аудандарында сенбі және жексенбі күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін өтеді.   Алматыда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын реттеу мақсатында қала әкімдігі және «Алматы» ӘКК бірқатар нақтылы шараларды жүзеге асыруда. Солардың бірі - «демалыс күнінің жәрмеңкесін» өткізу. 2019 жылы Алматыда «демалыс күнінің» 4 жәрмеңкесі жұмыс жасады. Енді 2020 жылдың басына бері тағы жаңа 6 сауда нүктесі ашылды...
Сағынтаев алматылықтар шағымданған әлеуметтік нысандарды аралады »»
20 ақпан 2020 - 17:08
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев есептік кездесу кезінде жұмыстарына алматылықтар шағымданған әлеуметтік қызмет орталығы мен балалардың инфекциялық ауруханасында болды. Бұл туралы қала әкімі Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасында жазды.   Арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін №3 Орталықта 350 орын бар, мұнда қарт адамдар, оның ішінде қамқорлықты қажет ететін мүгедектер тұрады. Әкімнің есептік кездесуінде персоналдың жұмысы мен медициналық қызметтің сапасын тексеру бойынша шағым айтылғ...
Бақытжан Сағынтаев – Біз өзімізге жылдың соңына дейін Алматының барлық көшелерін жарықпен қамтамасыз етеміз деген биік мақсат қойдық »»
19 ақпан 2020 - 16:47
Бүгін мегаполис тұрғындарымен өткен есептік кездесуде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев көшелерді жарықтандыру жұмыстары туралы мәлімдеді.   “Өткен жылы көшелерді жаңғыртуға бөлінген қаражат есебінен 300-ден астам магистральді көшелерді жарықтандырдық. Жарықтандыру мәселелері Алатау, Наурызбай, Жетісу аудандарында көтерілді. Біз жарық жүйесі жоқ барлық көшелердің тізімін қайта қарадық. Сондай мың көше анықталды. Жаңа жылдың басына қарай олардың саны екі мыңға жетті. Аудит және түгендеу...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56