^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 26 ақпан 2020
 
     
 
Жаңалықтар
«Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалында партияны қайта жаңғырту туралы мәселелер пысықталды
24 тамыз 2019

Партияның Алматы филиалында партияның Саяси кеңесінің мүшесі, АҚФ төрағасы, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

 

Отырыс барысында «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының партияны қайта жаңғырту туралы Саяси кеңесінің шешімдерін жүзеге асыру жөніндегі міндеттері туралы мәселелері қаралды.

Саяси Кеңесте Б. Сағынтаев азаматтардың партиямен және атқарушы органдармен диалогын күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Осы арқылы халықтың өзекті мәселелерін шешу қажет.

"Бізде "Бақытты отбасы – Алматы " қорының жұмысы жолға қойылды. Тәжірибе бар. Бүгінде 3 мыңға жуық анаға көмек көрсетілді. Бір ай бұрын республикада алғаш болып "Мобильді халыққа көмек" жобасын іске қостық.

Осы уақыт ішінде қала шетінде орналасқан базарлар мен вокзалдарда меморган басшылары мен депутаттар 1300 адамды қабылдады. Мәселенің 67 пайызы оң шешімін тапты. Мәслихат депутаттары басшылық еткен әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарда 60 партиялық бақылау бекеттері орналастырылды, - деді Бақытжан Сағынтаев.

Жиында АҚФ төрағасы Б.Сағынтаев төмендегідей шешім қабылдады:

  1. Апта сайын Б.Сағынтаевтың қатысуымен "Nur Otan" партиясының филиалында өзекті мәселелер бойынша шұғыл жиындар өткізу;
  2. Филиал жанынан әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қарау жөніндегі Азаматтық комитет құрылады. Бұл комитет меморгандармен бірлесіп, мәселенің шешу жолдары мен олардың орындалуын бақылайды;
  3. Мәслихаттағы фракцияның рөлін арттыру;
  4. "Jas Otan" және Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің жетекшілігімен ЖОО-дағы жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу.
  5. Қала әкімдігі жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің жұмысын жандандыру.

Іс-шараға Алматы қалалық партия филиалының Саяси кеңесі мен депутаттық фракциясының мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері, әкім орынбасарлары, аудан әкімдері және басқарма басшылары қатысты.




  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы әкімдігінде хоккейші балалардың ата-аналарымен кездесу өтті »»
25 ақпан 2020 - 17:17
Бүгін Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов хоккеймен айналысатын балалардың ата-аналарымен кездесті. Кездесуге "Медведи" жеке хоккей клубының өкілі де қатысты.   Кездесу барысында балалар хоккейінің қазіргі жағдайы мен даму болашағы талқыланды. Қатысушылар балалардың секцияларының сапасы және олардың баға белгілеуі, сондай-ақ жаттықтырушылар құрамының біліктілігін арттыру мәселелерін көтерді. Қалалық Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов қазіргі уақытта Алмат...
Алматының сәулетшілері мен белсенділері мегаполистің дамуын талқылады »»
25 ақпан 2020 - 17:39
Қазір 30 қоғамдық кеңістіктің жобалары әзірленуде.   Бүгін танымал және жас сәулетшілермен, қоғам белсенділерінің қатысуымен өткен «дөңгелек үстелде» қаланы дамыту мәселесінде кешенді іс-қимылды қажет ететін шешімдерді талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Instagram парақшасына сілтеме жасап.   "Бүгін танымал және жас сәулетшілермен, қоғам белсенділерінің қатысуымен өткен «дөңгелек үстелде» қаланы дамыту мәселесінд...
Аружан Саин: 16 жастан бастап репродуктивті денсаулық бойынша дәрігердің кеңесін алу балалардың денсаулығын сақтайды »»
24 ақпан 2020 - 18:25
Алматыда "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" жаңа кодекстің жобасы талқыланды.   Жиында балалардың жыныстық қатынас тақырыбына ерте араласу мәселесі қаралды. Қолданыстағы кодексте кәмелетке толмағандардың репродуктивті денсаулығын сақтауға, сондай-ақ адамгершілік-жыныстық тәрбие алуға құқығы белгіленген. Жаңа Кодекстің жобасымен аталған құқық неғұрлым егжей-тегжейлі регламенттеледі, өйткені репродуктивті денсаулықты қорғау және адамгершілік-жыныстық тәрбие алу дұрыс ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56