^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 13 қараша 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Тегін медкөмектің кепілдемелі көлемі көпшілікке қолжетімді болады
10 қыркүйек 2019

Қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткенбрифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Тілеухан Әбілдаевмедкөмектің кепілдемелі ауқымы және міндетті медсақтандыру туралы айтты.

 

2020 жылдан бастап қазақстандықтар медкөмекті екі пакет бойынша ала бастайды. Біріншісі – мемлекеттік кепілдеме бойынша көрсетілетін және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын тегін медқызметтер. Екінші пакет міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бойынша сақтандыруға қатысатындарға арналған.

«Жалпы, тегін медкөмектің кепілдемелі көлемі сақтандыру жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан еліміздің барлық тұрғындарына қолжетімді болады. Оның құрамына жедел медициналық көмек, санитарлық авиация, шұғыл стационарлық көмек, паллиативті көмек енген», - деп хабарлады Т. Әбілдаев.

Дегенмен, әлеуметтік маңызы бар сырқат, негізгі созылмалы ауралар кезінде консультативті–диагностикалық көмек, амбулаториялық дәрімен қамту, жоспарлы және стационарлық көмек, туберкулезге ұшырағанда медициналық оңалту қолжетімді болады.

Міндетті медсақтандыру пакетіне консультативті–диагностикалық көмек, оның ішінде қымбат зертханалық қызметтер, тегін медкөмектің кепілдемелі көлемінен тыс (ТМККК) амбулаториялық дәрімен қамту, жоспарлы және стационарлық көмек, ТМККК аясында емделген жағдайда ғана, медициналық оңалту және емдеуді қайта жүргізу.

Екі пакет арасындағы айырмашылықты түсіндірген Т. Әбілдаев тегін медициналық көмек пакетінің еліміздің барлық тұрғындары үшін шағын әлеуметтік стандарт болатынын және шұғыл әрі кезек күттірмейтін жағдайларда қолданылатынын айтты. Ал, міндетті сақтандыру пакеті қалған барлық медкөмектер тізімін қамтып, сақтандырылған әрбір жанның өмір сүру сапасын жақсартуға және қазақстандықтардың болашақ ұрпақтарының денсаулығын сақтауға бағытталады.

Еске салсақ, 2020 жылдың 1 қаңтарында жаппай медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады, сондықтан биылғы жылдың 1 қыркүйегінде Қарағанды облысында пилотты режим жүйесі сыналған болатын.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматының даму стратегиясының ұзақ мерзімді жобасы сарапшылар мен жұртшылықтың қатысуымен әзірленуде »»
12 қараша 2019 - 22:37
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров шаһардың сарапшылық қауымдастығы және қоғамдық кеңестің кеңейтілген құрамдағы мүшелерімен кездесіп, «Алматы-2050» стратегиясының жобасын талқылады. Алқалы жиын қаланың дамуына қатысты құжаттық жобалардың жұртшылық және сарапшылармен талқылауды құп көретін қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес өтті. «Бұл қала дамуының басты басымдықтарын қамтитын негізгі құжат. Ұзақ мерзімді мақсаттарды анықтауда сіздердің пікірлеріңіз біз ...
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тобымен кездесті »»
12 қараша 2019 - 22:30
Алматыда Nur Otan партиясы жанындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі Республикалық Кеңестің жұмыс тобы мүшелерінің қала әкімдігінің құрылымдық басқармаларымен кеңесі өтті. Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Nur Otan партиясы жанындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңес төрағасының орынбасары Динара Закиева қатысты.   12 қарашадан бастап «Бақытты отбасы» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде Nur Otan партиясы жанындағы балалардың...
Алматыдағы қалалық штабтың отырысында Денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселелері талқыланды »»
12 қараша 2019 - 21:33
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Бабақұмаровтың төрағалығымен өткен жиында медициналық ұйымдарда бала өлімін азайту, сондай-ақ қатерлі аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткішін төмендету шаралары талқыланды.   Жиынға қалалық медициналық ұйымдардың басшылары қатысты. Жиынға қатысушылар Үйлестіру кеңесі барысында айтылған бірқатар мәселелерді қарастырып, қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады. "Мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасының барлық маңызды көрсеткіштерін мұқият пысықтау қажет...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56