^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 5 маусым 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Жетісу ауданы тұрғындарының өтініштері шешімдерін табуда
12 қыркүйек 2019

Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында аудан тұрғындары қойған өзекті сауалдардың қалай орындалып жатқанын айтып берді.

 

Ағымдағы жылдың тамыз айында қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуі өтіп, оның барысында 52 тұрғын 82 сауал тастаған еді, қойылған сұрақтардың 34-і бірін-бірі қайталады. Қазірдің өзінде 11 сұрақ шешімін тапты, 9 сұрақ бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, 24 сұрақ жұмыс үстінде.

М. Қиқымов өзінің сөзінде Жетісу ауданын кешенді дамыту және аудан тұрғындарының тұрмыс деңгейін жақсарту үшін әлеуметтік нысандарды салу және жөндеу жоспарланғанын айтты.

Келер жылдың қыркүйегіне дейін №80, №129 мектептерде сейсмикалық күшейтумен қатар күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. ЖСҚ әзірлеуге сұраныс даярлануда. Сонымен қатар, осы кезеңге Айнабұлақ-4 ықшамауданында 200 орынды бала бақша салу межеленген.

Ауданда бірде-бір денешынықтыру-сауықтыру кешені жоқ. Осыған орай, бұл мәселені шешу үшін МЖӘ қағидасы бойынша ДСК салу жоспарланған, соның арқасында тенниспен, футболмен, дзюдомен, бокспен және спорттың басқа да түрлерімен айналысып, бассейнде жүзу үшін барлық жағдайлар жасалады.

Кемел ықшам ауданында күніне 200 адам қатынайтын емхана салу жоспарланған. №11 емхана сейсмикалық жағынан күшейтіліп, күрделі жөндеуден өтетін болады. Күндізгі оңалту орталығының ауқымы кеңейеді. Тұрғын үй кешенін салатын жеке инвесторларға емхана үшін 400 шаршы метр жер бөлу жоспарланған. Бұлардан өзге, ауданның үш емханасын медициналық құралдармен жабдықтау бойынша жұмыстар жүруде. Нәтижесінде, қала әкімінің тапсырмасына сай, Жетісу ауданының тұрғындары, яғни 47 мың адам бір қадам жақын сапалы медициналық қызметке қолжеткізетін болады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


2020 жылдың 4 маусымы күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекциясы туралы  »»
04 маусым 2020 - 14:35
Кіреберістер мен аулалар бойынша 3 маусымға жоспарланған 7442 кіреберіс (2703 үйде) және 1348 аула аумағы 100% залалсыздандырылды. Дезинфекция жұмыстарына 433 адам, яғни 62 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 76 200 мың литр дайын ерітінді қолданылды. Осылайша 20 кезеңі аяқталды. 4 маусымдағы 21 кезең басталды. Жоспар бойынша алғашқы күні 2860 үйдің 7877 кіреберісі мен 1318 аула өңделді. Жұмысқа 444 адамы бар 64 бригада тартылды.   Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша 3 маусым күні...
Сағынтаев алматылықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады »»
04 маусым 2020 - 12:13
Алматы әкімі Б. Сағынтаев құттықтау сөздерін Twitter-дегі өзінің парақшасында жариялады.   Алматылықтарға жылы лебізін білдірген Бақытжан Сағынтаев қиындықтарды еңсере білуді және қуаныштар шуағын сезінуді тіледі. «Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Барлық қиындықты бірге еңсеріп, қуанышқа себеп көп болсын. Туған қаламыз бен Отанға деген махаббатымызды өнегелі істеріміз және қол жеткізген биік жетістіктеріміз арқылы көрсетейік», — деп жазды Алматы әкімі....
Алматы қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді, балалар және спорт алаңдарын 4 маусым күнгі дезинфекциялау кестесі »»
04 маусым 2020 - 10:53
Алмалы ауданы бойынша: Абай – Назарбаев – Райымбек – Сейфуллин – Байтұрсынов көшелерінің шаршы аумағы   Алатау ауданы бойынша: Самғау, Алмалы, Алатау сити, Зерделі, 13 терр., 14 терр.   Әуезов ауданы бойынша: Райымбек даңғылы, Саин, Жұбанов, Қабдолов, Алтынсарин, ықш.:1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 12, Сайран, Өтеген батыр к-сі, Төле би, Тастақ-1 ықш.   Бостандық ауданы бойынша: Әл-Фараби даңғылы – Назарбаев даңғылы – Абай даңғылы – Жароков көшесінің шарш...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz, kancelaria@a-a.kz