^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 3 шілде 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Жетісу ауданының жарықтануы 100%-ға дейін жетеді
12 қыркүйек 2019

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов қазіргі кезде ауданның жарықтану деңгейі 88,2%-ды құрайтынын айтты.

 

Оның мәліметі бойынша, ауданда ұзындығы 317 км болатын 10 055 жарық көздері, 121 басқару шкафтары қызмет көрсетуде.

Биылғы жылы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы 61 мекенжай бойынша 1473 сыртқы жарық нүктелерін жүргізуде.

«Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша көше жарығын орнатуда ауқымды жұмыстар жүруде. Ауданды толық жарықтандыру үшін ағымдағы жылы 60 мекенжайға 1181 жарық нүктесін орнатудың ЖСҚ әзірленеді. Ал, бұл ауданның көше жарығын толық қамтамасыз ететін болады», - деді М. Қиқымов.

Бұлардан өзге, ауданның және Жасыл экономика басқармасының күшімен 9,5 км арық желілері салынды және жөнделді.

22 мекенжай, оның ішінде Райымбек, Сүйінбай, Рысқұлов даңғылдары мен көкжиек ықшамауданында, «Алматы-2» маңында арық желілерін салудың ЖСҚ әзірлеуге өтініш берілді. Қазіргі кезде арық желілерінің ұзындығы 100 километрді құрайды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыға кіреберісте блок-бекеттер орнатылмайды
02 шілде 2020 - 23:53
Онлайн-брифинг барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов еліміздің қалаларында карантиннің күшейтілуіне қатысты түсініктеме берді және 5 шілдеден бастап енгізілетін қосымша шектеу шаралары туралы хабарлады.   Эпидемиологиялық жағдайды жақсарту мақсатында еліміздің барлық аймақтарына, соның ішінде Алматы қаласына қатысты бірқатар қосымша шаралар қабылданды. Осылайша, 5 шілдеден бастап екі аптаның ішінде ірі сауда нысандары, жабық базарлар, фитнес-орталықтар, мекте...
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті  »»
02 шілде 2020 - 13:07
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды. Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шараларын енгізу бойынша ұсынылатын шаралар туралы денсаулық сақтау министрі А. Цой баяндады. Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылы...
Алматы дәріханаларында парацетамол қолжетімді
01 шілде 2020 - 16:03
Онлайн-брифинг барысында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова елдегі эпидемиологиялық жағдай, сонымен бірге, Қазақстан аймақтарына дәрі-дәрімек пен жеке қорғаныс құрылдарын жеткізу мәселелеріне байланысты түсініктеме берді.   Елдегі эпидемиологиялық жағдай шиеленісіп тұр, коронавирус инфекциясының тіркелу жағдайлары орын алуда. Дәрі-дәрімекпен қамту мәселелері қосымша атап өтіліп, қазір олар шешімін тапты. Людмила Бюрабекова соңғы кездері көптеген қалаларда дәр...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz