^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 21 қыркүйек 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Жетісу ауданында 100 аула жөнделеді
12 қыркүйек 2019

Биылғы жылы 305 ауланың 244-і абаттандырылады. Бұл туралы Жетісу ауданының әкімі М. Қиқымов Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте хабарлады.

 

Аула айналасын абаттандыру қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мегаполис тұрғындарымен өткізген кездесулерінде жиі қойылған сұрақтардың бірі болды. Қала басшысының тапсырмасы бойынша уақыты және жауапты адамдар көрсетілген нақтылы жоспар жасалды.

«Ағымдағы жылы барлық аулалардың 80%-ға жуығын абаттандырамыз. Қалған 40-ы келер жылы қолға алынады. Ауданды жасылдандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргіземіз», - деді М. Қиқымов.

2019 жылы Рысқұлов, Сүйінбай даңғылдарының, Гамарник, Қазыбаев, Біріншімай мұнай базасы, Серіков, Боралдай көшелері мен «Көкжиек», «Құлагер» ықшамаудандарына, Омаров көшесі бойындағы скверге, «Гүлдер» паркіне және «Қапшағай трассасы – Солтүстік айналма» жолайрығы бойына 7,5 мың ағаш отырғызу жоспарланған.

Жалпы, ауданның жасыл қоры 220,6 мың бірліктегі ағаштарды құрайды. Жасылдандыру нормасы бойынша 1 адамға 10 кв.метр аймақ – 58 мың ағаш бірлігі керек.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда жайлы қалалық орта мен инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда »»
19 қыркүйек 2019 - 19:59
Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы су ресурстарын басқару және газдандыру сызбасын жүзеге асыру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Омарханов 2018 жылы қалада 228 км су құбырлары мен 207 кәріз желілерінің салынғанын және жөнделгенін айтты.   Нәтижесінде, 90 мың қала тұрғыны орталық су жүйесін (Қалқаман, Достық, Шаңырақ-1,2, Дархан, Байбесік, Жас Қанат, Қарасу, Алтын Бесік, Алғабас, Көкқайнар, Ұлжан-1,2, Рахат-Мәдениет, Т...
Б. Сағынтаев: ШОБ қаржылық қолдау көрсету үш есе артады »»
19 қыркүйек 2019 - 17:59
Б. Сағынтаев Kazakhstan Growth Forum 2019 хабарлағандай, 2020 жылдан бастап ШОБ қаржылық қолдау көрсету көлемін 30 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарлануда.   Бұл биылғы жылмен салыстырғанда үш есе көп. Алматы әкімінің сөзі бойынша, қазір қаланың барлық кәсіпкерлері үшін үлкен маркетингтік жоспар әзірленуде. Электронды базаның көмегімен кез-келген бизнесмен өзі үшін қандай пайдалы шараның бар екенін біле алады. Арнайы экономикалық аймақтағы «Инновациялық технологиялар паркін» басқарудың ...
Б. Сағынтаев: Алматыда шамамен 620 мың жаңа жұмыс орындарын құру қажет »»
19 қыркүйек 2019 - 17:03
19 қыркүйекте Kazakhstan Growth Forum 2019 сөйлеген сөзінде Б. Сағынтаев Елбасының тапсырмасы бойынша қазіргі кезде ұзақ мерзімді перспективаға арналған Алматыны дамытудың жаңа стратегиясын жасау бойынша жұмыс жүріп жатқанын хабарлады. Құжат жобасына сәйкес, қаланың төменгі аудандарындағы 6 аумақты дамыту жоспарлануда: жаңа қалалық орта Downtown, Солтүстік қақпалар, Шығыс қақпалар, Батыс қақпалар, Оңтүстік қақпалар, «Алатау» ПИТ АЭА. Бұл аймақтарда тұрғындардың едәуір өсімі шоғырланатын болады...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56