^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 15 қараша 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алмалы ауданының тұрғындары не нәрсеге жиі шағымданады
23 қыркүйек 2019

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының динамикасы және тұрғындар өтініштерін шешу шаралары туралы айтты.

 

Аудан әкімі аудан тұрғындарынан түскен сұрақтар мен өтініштерді шешуге ерекше назар аударылатынын хабарлады.

Мысалы, Алматы әкімнің әлеуметтік желілеріне Алмалы ауданының тұрғындарынан 2078 өтініш түскен. Олардың 2043-і орындалды, 35-і жұмыс үстінде. Сұрақтардың басым көпшілігі коммуналды шаруашылық пен абаттандыруды қамтиды. Олар - аула ішін абаттандыру, ескі үйлерді сүру, жолдарды жөндеу, көше жарығы, арық желілерін тазарту, жасыл желекті санитарлық қию мен алып тастау.

Биылғы жылдың 28 тамызында қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесуі өтіп, оның барысында 91 сұрақ қойылған еді, қазіргі кезде сауалдардың 28-і шешімін тапты, 46-ы түсіндірілді (17-і жұмыс үстінде).

Сұрақтардың басым бөлігі - тротуарлар мен жолдарды салу әрі жөндеу, қоғамдық көлік желісін дамыту және модернизациялау, бағдаршамдар орнату және жаяу жүргіншілердің өтпелі жолдарын көбейту арқылы жолдарда қауіпсіздікті арттыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруа және басқа мәселелер.

Соның ішінде, ауданның кейбір учаскелерінде қоғамдық көлік желісінің бағытына қатысты мәселелер шешілді. Мысалы, Гагарин даңғылынан Төле би көшесіне дейін баратын №212 автобустың бағыты ұзарды, мұнда 5 бекет павильондары бар.

Чайковский көшесі бойында (Бөгенбай батыр мен Қарасай батыр көшелерінің арасы) тротуар салу арқылы жаяу жүргінші мәселесі шешілді.

Шәріпов көшесі бойындағы инженерлік желілер реконструкцияланды және Желтоқсан мен Әйтеке би көшелері қиылысындағы ақаулар ретке келтірілді.

Шагабутдинов – Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншілер жолы салынды. Панфилов көшесінің бойына (Шевченко мен Құрманғазы көшелерінің арасы) көлік қоюға болмайтын арнайы белгілер қойылды. Сәйкесінше Құрманғазы көшесінің жол жиегіне тиісті жол белгілері бар қозғалысы шектеулі жандар үшін көлік тұрағына рұқсат бар.

Бұлардан өзге, Бекқали Торғаев Алмалы ауданының негізі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы әңгімелеп берді.

Есепті кезең ішінде ауданның өндіріс орындары жалпы сомасы 104,7 млрд теңге болатын өнім шығарды. Өнімнің физикалық көлемінің индексі 106,1%-ды құрайды. Бөлшек тауар айналымы 389,7 млрд теңгені құрады, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 126,1%. Көтерме тауар айналымы 1,6 трлн теңгеге жетті немесе 101%, өткен жылдың осы кезеңінде 1,5 трлн теңге болған еді.

Негізгі капитал инвестициясы 51,7 млрд теңге немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 123% (2018 ж. – 40,5 млрд теңге).

Аудан аумағында 861 аула бар. 2016-2018 жылдар аралығында 291 аула жөнделді, биылғы жылы 215 аула ішінде күрделі жөндеу жұмыстары жүруде.

Жеке инвестицияны тарту есебінен биылғы жылы 9 учаске абаттандырылды, оларда балалар және спорт алаңдары бой көтерді.

Ауданда 5660 кв. м гүлзарлар отырғызылды, Абай даңғылы бойындағы (Манас көшесінің бұрышы) учаске абаттандырылды, мұнда 589 бірлікте бұтақтар отырғызылып, 4193 кв. м жер көгалдандырылды.

Жоспарланған 15 мың ағаштың 11,5 мыңына санитарлық қию жұмыстары жүргізілді, 160 апатты ағаш алынып тасталды. Көктем кезінде 1245 ағаш отырғызылған еді.

БЖ типтегі 1,3 км арық желісі реконструкцияланды, 8 өтпелі жолдар жасалды, ұзындығы 200 м. болатын ЛР-5 типтегі арық желілерінің науалары қойылуда.

Дат сәулетшісі Ян Гейлдің қағидасы негізінде Жібек Жолы, Байсейітова көшелері реконструкциялануда, Дүйсенов көшесін күрделі жөндеу аяқталды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды »»
15 қараша 2019 - 19:47
Алматыда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.   Алқалы шараға еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектордың өкілдері, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері мен оңалтудың техникалық құралдарын өндірушілер қатысты. Отырысқа қатысушылар шара б...
Алматы мен Мәскеу ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды »»
15 қараша 2019 - 17:50
Мәскеудің Алматыдағы күндері аясында екі қаланың бауырластық қатынастарының 25 жылдығына орай инвестиция, сауда-экономикалық және іскерлік ынтымақтастық мәселелері бойынша конференция өтті.   Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров конференцияға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде екі қаланың достық қарым-қатынасының өміршеңдігін ерекше атады. «Кезінде Алматыда тарихи және мәдени тұтастық біріктірген екі ел арасында стратегиялық маңызы бар байланыстар туындаған болатын. Біз замана...
Б. Сағынтаев: Алматының Мәскеуден үйренері бар
15 қараша 2019 - 14:24
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Мәскеу үкіметінің министрі, сыртқыэкономикалық және халықаралық байланыстар департаментінің басшысы Сергей Череминді қабылдады.   С. Черемин Алматыға Мәскеудің Мәдениет күндеріне Ресейдің астанасынан келген делегацияны басқарады. Кездесу барысында министр дамудың қалалық бағдарламаларын, қоғамдық кеңістікті өзгертудің, денсаулық сақтау мен білім саласындағы реформаларды жүзеге асырудың тәжірибелері туралы айтты. Сонымен қатар, қонақ тұрғын үй қорын, көлік инфрақұрылымы...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56