^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 10 тамыз 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматының Цифрландыру басқармасының басшысы тағайындалды
23 қыркүйек 2019

Қала әкімінің өкімімен Алматының Цифрландыру басқармасының басшысы болып Баян Қоңырбаев тағайындылды.

 

Б. Қоңырбаев 1986 жылы 27 тамызда туылған. 2008 жылы Алматының Энергетика және байланыс университетін бітірген. Ол – Цинхуа университеті (Қытай), Швейцарияның бизнес академиясы (Швейцария), Массачусетc технология институты (АҚШ) сынды шетелдік жоғары оқу орындарының түлегі.

Еңбек жолын 2009 жылы «Сұңқар» медициналық компаниясының Қытайдағы өкілі болып бастаған. Әр жылдары ҚХР, АҚШ компанияларында жұмыс істеген.

2018 жылдың маусымынан қазан айына дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚСату департаментінің бас менеджері қызметін атқарған.

2018 жылдың қазанынан жаңа тағайындауға дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Бизнес трансформациясы департаментінің директоры лауазымында болған.

Еске салсақ, Цифрландыру басқармасы Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша құрылып отыр. Жаңа басқарманың міндеті – ақылды қаланың жаңа жобаларын енгізу, мемлекеттік қызметті автоматтандыруды аяқтау, Алматыда ИТ-сектор үлесінің артуына жағдай жасау.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда екінші модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталды »»
10 тамыз 2020 - 13:33
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада екінші модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталғанын айтты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.   «COVID-19-ға қарсы іс-қимыл шаралар аясында төсек санын арттырып, қуаттылықты күшейтуді жалғастырамыз. Бұл ретте 300 төсек-орынға арналған, оның 30-ы реанимациялық, екінші модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталды. Медмекеме медициналық газ жүйесімен, сондай-ақ КТ, УДЗ және рентген аппараттарымен қамт...
«Біз дәрігерлер мен пациенттердің денсаулығын сақтауды ойлаймыз» - Ж.Бекшин жекеменшік медициналық мекемелердегі эпидемиологиялық талаптардың сақталуы жайлы »»
08 тамыз 2020 - 12:07
Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров пен Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бастығы - қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин, Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифингте қайырымдылық ұйымдарымен жүргізген конструктивті ынтымақтастық жайлы айтты.   Сонымен бірге, Жандарбек Бекшин қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға және корона...
Алматыда жыл қорытындысы бойынша тұрғын үй құрылысының көлемі 14%-ке өсетін болады »»
07 тамыз 2020 - 21:51
Алматы әкімі Б. Сағынтаев онлайн-кездесу барысында құрылыс компанияларының өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады   Алматы үшін құрылыс саласының маңызы зор, өйткені қала өсуде, дамуда, тұрғындардың саны артуда. Осының бәрі тұрғын үйлердің, мектептердің, ауруханалардың, бала бақшалардың, қоғамдық кеңістіктердің, тиісті инфрақұрылымдардың салынуын қажет етеді.   Қала әкімі соңғы жылдар ішінде мегаполисте жыл ішінде құрылыс көлемінің орташа 3-5%-ке тұрақты өсіп отырғанын атап өтті. Бүгінгі күні қ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz