^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 23 ақпан 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда алғашқы қалалық SmartCity Challenge хакатон өтеді
23 қыркүйек 2019

Алматыны дамыту орталығы қала әкімдігінің қолдауымен Almaty SmartCity Challenge хакатон - қалалық жарыс өткізеді.

 

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте «Алматыны дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Олег Сек аталған шараның белгілі бір сала бойынша жаңа идеяның туындауына және тура сол ортада оны жүзеге асыруды ынталандыруға ықпал ететінін хабарлады.

Хакатон форматының басты ерекшелігі - біліктілігі мен мамандығы түрлі жандардың басын қоса отырып, менторлардың, яғни тәлімгерлердің басшылығымен жаңа тақырыптық саланы игеруге мүмкіндік беру.

Жобалар идея,іске асыру (макет, интерфейс, функционалдық), сонымен қатар өткізілетін шаралар (тұсаукесер, сипаттама, шығып сөйлеу) арқылы бағаланады. Негізгі шарты – жоба тікелей хакатонда әзірленіп, қатысушылардың бұрынғы жобаларын қайталамауы және жалғастырмауы тиіс.

Шараға қатысушылардың барлығы жаңа цифрлық сервистер мен өнімдерді Алматы басшылығы мен сарапшыларға көрсету, Алматының қаланы дамыту орталығының қолдауы арқылы пилотты жобаларды іске асыру мен енгізу мүмкіндіге ие бола алады.

5-6 қазанда Q-Lab (Абай даңғылы, 90) қалалық жобалар зертханасында бағдарламалық өнімдердің отандық жасаушылары жаңа цифрлық сервистер мен өнімдер шығару үшін командаларға бірігетін болады. Идея мен оның түпнұсқасын жүзеге асыру уақыты -24 сағат.

18 қыркүйек пен 3 қазан аралығында командалар мен жеке қатысушылардан өтініш қабылданады, содан соң команда (команданың әр мүшесі тіркеуден өтуі тиіс) жасақталады. Тіркеу формасы толтырылған соң қатысушылардың электронды мекенжайына құпталған хат жіберіледі. Q-Lab алаңы бейдж бойынша қолжетімді.

Хакатонның бірінші күні командалар жасақталады, питчинг идеялар түсіндіріледі, тәлімгерлермен, құрамында сарапшылар, кәсіпкерлер мен отандық компаниялар басшылары бар жюри мүшелерімен таныстық басталады. Жарысқа қатысушыларға мына тақырыптар бойынша: экология, трафик және кептеліс, креативті экономика, медицина, қауіпсіздік, қоғамдық көлік, білім, ТҮКШ тапсырма беріледі.

Хакатон жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар беріледі: бірінші орын - 1,5 млн теңге, екінші орын - 1 млн теңге, үшінші орын - 500 мың теңге.

Соңғы күні командалар жюриге өз түпнұсқаларын ұсынады.

Almaty SmartCity Challenge қалай қатысуға болады:

  1. канал @almatyhackathon-дағы жаңалықтарды қараған жөн.
  2. Үшінші қазанда түнгі сағат 23.00-ге дейінhttps://hackathon.smartalmaty.kz. жеке тіркелуден өту қажет.
  3. Жеке тіркелуден ойдағыдай өткен соң 2-ден 5 адамға дейін команданы жасақтау керек.

Жалпы сұрақтар бойынша: hackathon@almatydc.kz, +7 (727) 224 39 29 (ішкі 116, 126, 125).

Демеушілік көрсету бойынша: b.shadayev@almatydc.kz.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда демалыс күндерінің жаңа жәрмеңкелері ашылды »»
21 ақпан 2020 - 13:10
Алматыда демалыс күндері жаңа жәрмеңкелер ашылады. Олар қаланың 8 аудандарында сенбі және жексенбі күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін өтеді.   Алматыда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын реттеу мақсатында қала әкімдігі және «Алматы» ӘКК бірқатар нақтылы шараларды жүзеге асыруда. Солардың бірі - «демалыс күнінің жәрмеңкесін» өткізу. 2019 жылы Алматыда «демалыс күнінің» 4 жәрмеңкесі жұмыс жасады. Енді 2020 жылдың басына бері тағы жаңа 6 сауда нүктесі ашылды...
Сағынтаев алматылықтар шағымданған әлеуметтік нысандарды аралады »»
20 ақпан 2020 - 17:08
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев есептік кездесу кезінде жұмыстарына алматылықтар шағымданған әлеуметтік қызмет орталығы мен балалардың инфекциялық ауруханасында болды. Бұл туралы қала әкімі Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасында жазды.   Арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін №3 Орталықта 350 орын бар, мұнда қарт адамдар, оның ішінде қамқорлықты қажет ететін мүгедектер тұрады. Әкімнің есептік кездесуінде персоналдың жұмысы мен медициналық қызметтің сапасын тексеру бойынша шағым айтылғ...
Бақытжан Сағынтаев – Біз өзімізге жылдың соңына дейін Алматының барлық көшелерін жарықпен қамтамасыз етеміз деген биік мақсат қойдық »»
19 ақпан 2020 - 16:47
Бүгін мегаполис тұрғындарымен өткен есептік кездесуде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев көшелерді жарықтандыру жұмыстары туралы мәлімдеді.   “Өткен жылы көшелерді жаңғыртуға бөлінген қаражат есебінен 300-ден астам магистральді көшелерді жарықтандырдық. Жарықтандыру мәселелері Алатау, Наурызбай, Жетісу аудандарында көтерілді. Біз жарық жүйесі жоқ барлық көшелердің тізімін қайта қарадық. Сондай мың көше анықталды. Жаңа жылдың басына қарай олардың саны екі мыңға жетті. Аудит және түгендеу...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56