^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 7 шілде 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда креативті ұшқыр болидтердің жарысы өтті
23 қыркүйек 2019

Достық даңғылының бойында өткен Red Bull Soapbox Race жарысын 35 мыңнан астам көрермен тамашалады.

 

Жарысқа 49 команда қатысты.Құрамында 5 адам бар ZIG ZAG командасы жеңімпаз атанды, олар: Александр Саковнин, Каролина Саковнина, Александр Успенский, Екатерина Успенская, Антон Нафиков. Жарыстың бас жүлдесі - Сочидегі Формула 1 кезеңдеріне қатысу.

Екінші орынды өте дәлдікпен уақыт машинасын жасаған BOX BOX командасы жеңіп алды. Үшінші орынды Aston Martin жетілдірілген көшірмесімен Aristocratic garage иеленді.

Жарысқа қатысушылар маусым айында қатаң іріктеуден өткен еді, комиссия 200 өтініштің ішінен ең креативті эскиздерді таңдап алған болатын. Сайысқа қатысушылар өз болидтерін қолда бар заттар мен материалдардан жасаған.

Қазақстанда алғаш рет мұндай жарыс Алматыда 2017 жылдың күзінде өткен болатын.


  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу жалғасуда »»
06 шілде 2020 - 21:37
  Алматыда қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевтың төрағалық етуімен өткен арнайы кеңесінде "Inkar" ЖШС қалаға қосымша 150 000 дана "Парацетамол" әкелінгені және жуық арада 850 000 дана дәрі жеткізілетіні туралы хабарлады.     Сондай-ақ, жұмыс кездесуіне Алматы қаласының бас санитариялық дәрігерінің орынбасары, қаланың құқық қорғау органдарының, Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, Тауарлардың және қызметтердің са...
Алматыда Елорда күніне орай бірқатар өнеркәсіп нысандарының өндірістік цехтары модернизацияланды »»
06 шілде 2020 - 21:01
Астана күніне орай қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен Алматыда бірқатар өндіріс нысандары іске қосылып, жаңғырту процесі аяқталды. Бұл жерде «Масло-Дел» ЖШС, «Папироне» ЖШС, «Дор-Хан-Алматы» ЖШС, «Солнечный сүт зауыты» ЖШС жайлы сөз болып отыр.   «Масло-Дел» ЖШС жұмыс істеп тұрған өндірісін кеңейтуде, оның ішінде соустар, майонездер және кетчуптар өндіруде, өсімдік майын құятын қойма кешенінің құрылыс жұмыстары аяқталды. Осылайша,...
Бақытжан Сағынтаевтың бамтамасымен ЖМКА жанында ПТР скрининг жүргізу үшін мобильді зертхана ашылды »»
06 шілде 2020 - 21:18
Халықты COVID-19-ды диагностикалауды одан ары кеңейту мақсатында Алматы қаласының әкімшілігімен зертханалардың қуаттылығын арттыру бойынша күшейтілген жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен Жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының аумағында ПТР тестілеу әдісі арқылы сараптамаларды зерттеу үшін жекеменшік мобильді зертхана іске қосылды.   Зертхана PSI Group компаниялар тобымен жасалған және отандық өндіруші Қарасай машина зауытымен дайындалған. &la...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz