^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 23 ақпан 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Кепілсіз несиелердің борыш жүктемесін азайту туралы
25 қыркүйек 2019

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте екінші деңгейлі банктер мен микроқаржылық ұйымдарда кепілсіз тұтынушылық несиелер бойынша борыш жүктемесін азайтуға кімнің құқы бар және ол үшін «қара тізімге ілінуі» мүмкін бе деген сауалдар төңірегінде әңгіме өрбіді.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Жарлығына сәйкес екінші деңгейлі банктер мен микроқаржылық ұйымдарда кепілсіз тұтынушылық несиелер бойынша қарыздардың біррет кешірілетінін айтты.

Ереже азаматтардың мына бес санатына қатысты:

1)         Көпбалалы отбасылар;

2)         Асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасылар;

3)         Мүгедек балалары бар және 18 жастан асқан бала кезінен мүгедек балалары бар отбасылар;

4)         Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар;

5)         Жетім балалар, кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 29 жасқа толмаған балалар.

Жалпы берешегі 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдайға сай үш миллион теңгеден аспауы тиіс. Бір қарыз алушыға 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі борышы мен оған есептелетін сыйақыдан тұратын өтелетін берешегінің мөлшері 300 мың теңге болғаны жөн.

Бұл санаттағы азаматтар берешегінің өтелуі олардың қаржылық табысына еш қатысы жоқ.

«Мысалы, АӘК алатын отбасы жалпы сомасы 2,5 миллион теңге болатын екі тұтынушылық несие алып, оны тек отбасының бір мүшесіне рәсімдеген. Бұл жағдайда жалпы сомасы 300 мың теңге болатын екі несие де өтеледі. Егер отбасы мүшелерінің бірнешеуі несие алса, яғни несиенің келісім шарты әр адамның атына жасалса, онда борыш әр несие шарты бойынша өтеледі Мәселен, отбасының үш мүшесіне үш несие рәсімделсе, онда әрбір келісім шарт бойынша 300 мың теңгеге дейінгі борыштарын өтеуге құқылы. Яғни, отбасының үш мүшесінің қарызының жалпы сомасы 900 мың теңгеге дейін болуы тиіс»-, деп жауап берді А. Нарматов.

ҚР Ұлттық банктің Алматы филиалы директорының орынбасары Гүлнар Шеметова өзінің сөзінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі берген тізім негізінде банктер мен микро қаржылық ұйымдар бірінші бағыт бойынша 507363 азаматтың негізгі және сыйақылық 105147,8 млн. теңге қарызын өтеді, оның ішінде Алматы қаласы бойынша 115 998 азаматтың жалпы сомасы 18 380 млн теңге болатын қарызы кешірілді. Сонымен қатар, 263 527 азаматтардың банктер мен микроқаржылық ұйымдардағы жалпы сомасы 32 024 млн теңге болатын борышы толық өтелді.

ЕДБ мен МҚҰ екінші бағыт бойынша биылғы жылдың 30 шілдесінде ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша азаматтар борыштарының өсімпұлдары мен айыппұлдарын алып тастады.

Көрсетілген қолдау сомасы 33 млрд теңгеден ( 1,2 млн жуық азаматтар) асты, оның 70 %-ы немесе 24 млрд теңге өтелді (кешірілді) кредиторлардың жеке қаржылары есебінен, қалған 30 % немесе 10,1 млрд теңге ағымдағы жылдың 20 тамызына дейін Ұлттық банк есебінен өтелетін болады.

Алматы қаласы бойынша 248400 азаматтың жалпы сомасы 7120,62 млн теңге болатын несиесінің өсімпұлы мен айыппұлы алынып тасталды.

«Егер азамат жыл аяғына дейін өзінің бес санаттағылар қатарына жататын құжатын көрсетсе, онда тізім қайта жасалады. Яғни, 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін несие алғандар өшіріледі. Айта кетерлігі, мемлекет қарызын өтегендер «қара тізімге» ілінбейді. Жеке тұлғалардың қарыздары үшінші жақтан өтеледі. Бұл теріс фактор болып есептелмейді. Және болашақта азаматтың несие алуына еш кедергі келтірмейді», - деп атап өтті Г. Шеметова.

Несиелік қарзыдар кезек бойынша кешіріледі. Ең алдымен жоғары жылдық тиімді сыйақы алған қарыздар өтеледі. Екінші кезекте негізгі қарызы көп емес несиелер кешіріледі. Үшінші кезекте- қарыз алуды ерте рәсімдегендердің борышы алынады.

 

Нақтылы ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Facebook-тағы (https://www.facebook.com/103633851027565/) және Instagram-дағы (https://www.instagram.com/p/B2O33d9Ag_U/?igshid=1a5ciudmyf0wk) аккаунттарынан алуға болады.

Борыш жүктемесі азайтуға мүдделі азаматтар өзінің қай санатқа жататындығын былайша біле алады: ( nws6.enbek.kz/kk/status-check кіру арқылы).

- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсынан: http://www.enbek.gov.kz/ru/node/363149 бойынша, ол үшін ЖСН енгізіп, өтініш жіберу қажет;

- Электронды үкіметтің басты бетіндегі «Борыш жүктемесін азайту жөніндегі бағдарламаға қатысып, санатты білу» электронды сервисі арқылы, ол үшін электронды қолтаңба қажет.

- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасындағы call-орталықтан 111, 74-32-20, 75-01-79, 75-01-78 телефондары арқылы кеңес алуға болады.;

Борыштық жүктемені азайту жөніндегі кеңестерді мыналар береді:

-халыққа қызмет көрсету орталығы;

- Алматы қаласының Әлеуметтік әл- ауқат басқармасы;

- «ӘСМҚ» АҚ;

- Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаменті.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда демалыс күндерінің жаңа жәрмеңкелері ашылды »»
21 ақпан 2020 - 13:10
Алматыда демалыс күндері жаңа жәрмеңкелер ашылады. Олар қаланың 8 аудандарында сенбі және жексенбі күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін өтеді.   Алматыда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын реттеу мақсатында қала әкімдігі және «Алматы» ӘКК бірқатар нақтылы шараларды жүзеге асыруда. Солардың бірі - «демалыс күнінің жәрмеңкесін» өткізу. 2019 жылы Алматыда «демалыс күнінің» 4 жәрмеңкесі жұмыс жасады. Енді 2020 жылдың басына бері тағы жаңа 6 сауда нүктесі ашылды...
Сағынтаев алматылықтар шағымданған әлеуметтік нысандарды аралады »»
20 ақпан 2020 - 17:08
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев есептік кездесу кезінде жұмыстарына алматылықтар шағымданған әлеуметтік қызмет орталығы мен балалардың инфекциялық ауруханасында болды. Бұл туралы қала әкімі Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасында жазды.   Арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін №3 Орталықта 350 орын бар, мұнда қарт адамдар, оның ішінде қамқорлықты қажет ететін мүгедектер тұрады. Әкімнің есептік кездесуінде персоналдың жұмысы мен медициналық қызметтің сапасын тексеру бойынша шағым айтылғ...
Бақытжан Сағынтаев – Біз өзімізге жылдың соңына дейін Алматының барлық көшелерін жарықпен қамтамасыз етеміз деген биік мақсат қойдық »»
19 ақпан 2020 - 16:47
Бүгін мегаполис тұрғындарымен өткен есептік кездесуде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев көшелерді жарықтандыру жұмыстары туралы мәлімдеді.   “Өткен жылы көшелерді жаңғыртуға бөлінген қаражат есебінен 300-ден астам магистральді көшелерді жарықтандырдық. Жарықтандыру мәселелері Алатау, Наурызбай, Жетісу аудандарында көтерілді. Біз жарық жүйесі жоқ барлық көшелердің тізімін қайта қарадық. Сондай мың көше анықталды. Жаңа жылдың басына қарай олардың саны екі мыңға жетті. Аудит және түгендеу...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56