^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 15 қараша 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Бостандық ауданында су басу қаупінің алдын алу шаралары жүргізілуде
25 қыркүйек 2019

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте аудан әкімі Алтай Рахымбетов Бостандық ауданында су басудың алдын алу үшін не жасалғанын және азаматтардың өтініштерімен қалай жұмыс істеп жатқанын айтты.

 

Мәселен, Лисянский көшесінің солтүстік жағындағы жол жиектеріне бордюрлер орнатылды. Осындай бордюрлер Тимирязев көшесінің солтүстік жағындағы арық жүйесінің бойымен басқа көшелерге жаңбыр суын бұру үшін орнатылды. Бұл шара Тимирязев көшесіндегі (Айманов көш.қиылысы) үйлердің аулаларында су басу жағдайларын болдырмауға мүмкіндік береді.

Алматы қаласы әкімінің тұрғындармен кездесуінде 118 сұрақ келіп түсті. Сұрақтардың басым бөлігі коммуналдық шаруашылыққа (аула аумағын абаттандыру, ескі үйлерді бұзу және т.б.) және абаттандыруға (жол төсемдерін жөндеу, көшелерді жарықтандыру, арық желісін санитарлық тазалау, жасыл желектерді санитарлық кесу және бұзу), сондай-ақ, тротуарлар мен жолдарды салу және жөндеу, қоғамдық көлік желілерін дамыту және жаңғырту, жолдағы қауіпсіздікті арттыру. Барлық мәселелер кезең-кезеңімен шешіледі.

1.14.1 Жол белгісін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алдындағы жаяу жүргіншілер жолы мен әл-Фараби даңғылы бойындағы баспалдақ аралығы жөнделді.

Саин көшесіндегі (Асқаров көш.қиылысы) жасыл желектерді суару кестесі ретке келтіріліп, соған сәйкес жұмыстар күндізгі уақытта 8:00-ден кешкі 17:00-ге дейін, түнгі уақытта 21:00-ден 6:00-ге дейін тұрақты негізде жүргізіледі. Жароков көшесіндегі № 292 үйге жылу беру жүйесі ретке келтірілді.

Техникалық қабаттағы тұрғын емес үй-жайға қайта тексеру жүргізіліп, тексеру кезінде жылыту жүйесінің бұзылмағаны және жұмыс жағдайында екені анықталды.

Сонымен қатар, 18 улы газ датчигі орнатылып, 140 отбасының үйлеріне газ құбыры жүргізілді.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Бизнес-қоғамдастық өкілдері «Алматы – 2050» Стратегиясының жобасын талқылады »»
14 қараша 2019 - 19:45
Мегаполисті ұзақ мерзімді дамыту бойынша әзірленген құжат сарапшылар мен жұртшылықтың кеңінен талқылауына ұсынылды. Бүгін жоба нұсқасы бойынша Алматының Іскерлік кеңесінің мүшелері жұмыс істеді.   Алматыны дамытудың басты стратегиялық құжаты қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша талқылануда. Алматы әкімі мегаполистің тыныс-тіршілігіне қатысты әзірлеген барлық маңызды құжаттарды жұртшылықтың барлық өкілдері, ҮЕҰ, іскер жандар, қаланың белсенді азаматтары жан-жақты талқылаулары тиіс екені...
Алматы қаласында жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үйлер туралы »»
14 қараша 2019 - 14:14
Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тапсырмасы бойынша сатып алу құқығынсыз жұмыс жасайтын жастарға жалға берілетін тұрғын үйлер туралы брифинг өтті.   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы №372 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы Мемлекеттік бағдарламасының 3 тармағы мен 5.1 тармағында жұмыс жасайтын жастарға сатып алу құқығынсыз жалға пәтер алу үшін қойылатын талаптар көрсетілген. Ал...
Алматыны жасылдандырудың шеберлік-жоспарының жобасы әзірленді »»
13 қараша 2019 - 15:34
Алматы әкімі қаланы жасылдандырудың шеберлік-жоспарының жобасын қараған жұмыс жиынын өткізді, оның барысында таяудағы үш жыл ішінде миллион ағаш отырғызу мәселесі сөз болды.   Шеберлік-жопарын жасау кезінде қаланың жасыл желектері зерттелді және оның қазіргі жағдайы анықталды. Бұл жұмысқа кәсіби мамандар тартылды, олар зерттеу барысында қаладағы жасыл желектің жалпы көлемі бір адамға шаққанда небәрі 894 га – 4.8 шаршы метр екенін анықтады. Ал, сонау 70-80 жылдары бұл көрсеткіш 10 шаршы метрге ж...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56