^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 14 қараша 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Көпбалалы аналар бизнестің негіздеріне оқытылады
25 қыркүйек 2019

Бостандық ауданының 86 көпбалалы отбасы «Бақытты отбасы» орталығында кеңес пен әлеуметтік көмек алды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов мәлімдеді.

Оның айтуынша, ауданда тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге ерекше көңіл бөлінеді. «Бақытты отбасы» отбасын қолдау орталығы ашылып, «Іsker ana» жобасы жүзеге асуда.

Жоба аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 8 адам «Атамекен» ҰКП-ның «Бастау» оқуына жіберілді, қазан айынан бастап тағы 60 адам оқытылады. Қазіргі уақытта Бостандық ауданында 1234 көпбалалы отбасы тұрады, оның 86-сы «Бақытты отбасы» орталығында әлеуметтік көмек пен кеңес алды.

375 отбасына (1837 адам) АӘК тағайындалып, төленді. Соның ішінде 249 көпбалалы отбасы бар. Сонымен қатар, ауданның кәсіпорындарымен бірлесіп ауданның 269 көпбалалы отбасына қайырымдылық акциялары өткізілді.

 

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыны жасылдандырудың шеберлік-жоспарының жобасы әзірленді »»
13 қараша 2019 - 15:34
Алматы әкімі қаланы жасылдандырудың шеберлік-жоспарының жобасын қараған жұмыс жиынын өткізді, оның барысында таяудағы үш жыл ішінде миллион ағаш отырғызу мәселесі сөз болды.   Шеберлік-жопарын жасау кезінде қаланың жасыл желектері зерттелді және оның қазіргі жағдайы анықталды. Бұл жұмысқа кәсіби мамандар тартылды, олар зерттеу барысында қаладағы жасыл желектің жалпы көлемі бір адамға шаққанда небәрі 894 га – 4.8 шаршы метр екенін анықтады. Ал, сонау 70-80 жылдары бұл көрсеткіш 10 шаршы метрге ж...
Алматыда халықаралық «ЖасSTAR» шығармашылық жастар фестивалі өтті. »»
13 қараша 2019 - 09:01
«Жаңа есімдердің он жылдығы» ұранымен өткен фестивальді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры ұйымдастырса, оған Алматы әкімдігі қолдау көрсетті.   Фестиваль қатысушылары мен оның қонақтарын қала әкімі Б.Сағынтаевтың атынан шаһар басшысының орынбасары Ержан Бабақұмаров құттықтады. «Жастардың арасында өнер мен мәдениетті жан-жақты дамытуды мақсат еткен фестиваль өзінің он жылдығын атап өтуде. Аталған шара әр елдің жастарының басын қосып келеді. Жыл сайын фестивальге қатысуға ниет...
Алматының даму стратегиясының ұзақ мерзімді жобасы сарапшылар мен жұртшылықтың қатысуымен әзірленуде »»
12 қараша 2019 - 22:37
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров шаһардың сарапшылық қауымдастығы және қоғамдық кеңестің кеңейтілген құрамдағы мүшелерімен кездесіп, «Алматы-2050» стратегиясының жобасын талқылады. Алқалы жиын қаланың дамуына қатысты құжаттық жобалардың жұртшылық және сарапшылармен талқылауды құп көретін қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес өтті. «Бұл қала дамуының басты басымдықтарын қамтитын негізгі құжат. Ұзақ мерзімді мақсаттарды анықтауда сіздердің пікірлеріңіз біз ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56