^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 18 қаңтар 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Медеу ауданында ШОБ 12 мың субъектісі бар
26 қыркүйек 2019

Бұл туралы Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте хабарлады.

 

Негізгі капиталға жұмсалған инвестиция көлемі 99,8 млрд теңге немесе қалалық көрсеткіштің 25%. Сыртқы инвестиция көлемі 25,4 млрд теңге немесе қалалық көрсеткіштің 46 %.

«Мұндай экономикалық көрсеткіштерге белсенді кәсіпкерлердің арқасында қол жетті, яғни ауданда ШОБ-тің 12 мыңға жуық субъектісі бар, оларда 150 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Қазіргі кезде ауданда қалыптасқан жайлы инвестициялық ахуал барысында жалпы сомасы 300 млрд теңгеге жуық жеке инвестиция 28 ірі нысанды салуға мүмкіндік береді, соның арқасында мыңнан астам тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылатын болады», - деп атап өтті аудан әкімі.

Аудан әкімінің сөзі бойынша, 14 тұрғын кешенінде 983 мың кв. м. шаршы метрлі 85 үйдің (7100 пәтер) құрылысы жүруде. Сонымен қатар, 4 халықаралық білім нысаны - «Самал-3» ықшамауданындағы 800 орынды «Самал білім» мектебі, ШААЖ 540 орынды фин-американдық мектеп, «Сабис» халықаралық мектебі. Таулы қырат ықшамауданындағы музыка мектебінің жобасы жасалуда.

Бұдан өзге, Құлжа трассасы бойындағы «Леруа Мерлен», «Еуразия форумы» ОСО құрылысына жалпы құны 6 млрд-тан астам инвестиция салынды.

Ауданда 200 адам қабылдайтын емхана мен Таулы қырат ықшамауданында медорталық, сондай-ақ мәдениет, спорт, туризм және бизнес нысандары салынады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Сағынтаев Президенттік жастар кадрлар резервінен аудандар әкімдерін тағайындады »»
17 қаңтар 2020 - 19:27
Алматының Алатау және Түрксіб аудандарының жаңа әкімдері тағайындалды   Алматы әкімінің өкімімен, Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Алатау және Түрксіб аудандарының әкімдері болып Азамат Қалдыбеков және Бақытжан Ақжаров тағайындалды. Аудандардың жаңа әкімдерін таныстырған Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев олардың Президенттік жастар кадрлары резервінің өкілдері екенін атап көрсетті. «Мемлекет басшысының дарынды жастар үшін ашық және тиімді әлеуметтік лифт ...
Алматы әкімінің бастамасымен мегаполисте таяу арадағы 3 жыл ішінде миллионға жуық ағаш отырғызылады »»
17 қаңтар 2020 - 18:49
Алматы қаласы әкімдігінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында жасыл экономика басқармасының басшысы Ержан Сейтенов «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар аясында жасыл қорды дамыту перспективалары туралы айтты.   Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы 28 желтоқсанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қол қойды. Алматы әкімдігі 28 жаңа құзірет...
«Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер жасыл қорды дамыту мүмкіндіктерін кеңейтеді »»
17 қаңтар 2020 - 12:54
Алматы қаласы әкімдігінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында жасыл экономика басқармасының басшысы Ержан Сейтенов «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар аясында жасыл қорды дамыту перспективалары туралы айтты.   Сондай-ақ баспасөз конференциясына «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры Батыр Әлімжанов пен Қазақстанның көгалдандыру қауымдастығының президенті Татьяна Антоненко қатысты. Естеріңізге сала кетейік...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56