^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 15 қараша 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Медеу ауданында 52 аула абаттандырылуда
26 қыркүйек 2019

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов инженерлік желілерді салу және аймақты абаттандыру туралы айтты.

 

Мысалы, ауданда жалпы жаяу жүргінші аймағы 5,8 км болатын Достық даңғылы мен Әйтеке би көшесі жөнделуде.

Аудандағы 118 үйдің 52 ауласын абаттандыру бойынша жұмыстар жүруде. Келер жылы 18 аулаға күрделі, 30 аулаға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Тұрғын үйлерді модернизациялау аяқталды - 17 үйдің лифттері ауыстырылды, 17 үйге күрделі жөндеу жүргізілді, шатыры мен инженерлік желілері жаңарды.

Ұзындығы 2 км болатын Есентай өзенінің жағасын реконструкциялау мен абаттандыру аяқталып қалды. «Терісбұлақ» өзенінің жағалауы жөнделуде. Сұлусай ықшамауданының жолдарына күрделі жөндеу жүргізілуде.

Бұлардан өзге, Думан ықшамауданында жалпы ұзындығы 45 км болатын сумен қамтитын және су бөлетін инженерлік желілер тартылуда. Ұзындығы 5,8 км болатын 12 көшеге су желілері тартылуда, 2,5 км құбырлар жүргізілді.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Бизнес-қоғамдастық өкілдері «Алматы – 2050» Стратегиясының жобасын талқылады »»
14 қараша 2019 - 19:45
Мегаполисті ұзақ мерзімді дамыту бойынша әзірленген құжат сарапшылар мен жұртшылықтың кеңінен талқылауына ұсынылды. Бүгін жоба нұсқасы бойынша Алматының Іскерлік кеңесінің мүшелері жұмыс істеді.   Алматыны дамытудың басты стратегиялық құжаты қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша талқылануда. Алматы әкімі мегаполистің тыныс-тіршілігіне қатысты әзірлеген барлық маңызды құжаттарды жұртшылықтың барлық өкілдері, ҮЕҰ, іскер жандар, қаланың белсенді азаматтары жан-жақты талқылаулары тиіс екені...
Алматы қаласында жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үйлер туралы »»
14 қараша 2019 - 14:14
Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тапсырмасы бойынша сатып алу құқығынсыз жұмыс жасайтын жастарға жалға берілетін тұрғын үйлер туралы брифинг өтті.   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы №372 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы Мемлекеттік бағдарламасының 3 тармағы мен 5.1 тармағында жұмыс жасайтын жастарға сатып алу құқығынсыз жалға пәтер алу үшін қойылатын талаптар көрсетілген. Ал...
Алматыны жасылдандырудың шеберлік-жоспарының жобасы әзірленді »»
13 қараша 2019 - 15:34
Алматы әкімі қаланы жасылдандырудың шеберлік-жоспарының жобасын қараған жұмыс жиынын өткізді, оның барысында таяудағы үш жыл ішінде миллион ағаш отырғызу мәселесі сөз болды.   Шеберлік-жопарын жасау кезінде қаланың жасыл желектері зерттелді және оның қазіргі жағдайы анықталды. Бұл жұмысқа кәсіби мамандар тартылды, олар зерттеу барысында қаладағы жасыл желектің жалпы көлемі бір адамға шаққанда небәрі 894 га – 4.8 шаршы метр екенін анықтады. Ал, сонау 70-80 жылдары бұл көрсеткіш 10 шаршы метрге ж...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56