^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 22 қараша 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Медеу ауданында азаматтар өтініштерімен жұмыс қалай жасалуда – абаттандырудан бастап ФАП мен полиция пункттерінің ашылуына дейін
26 қыркүйек 2019

Бүгін Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың тұрғындарымен кездесу кезінде түскен өтініштермен ауданда жұмыстың қалай жасалып жатқанын айтып берді.

 

Жалпы кездесу барысында 79 сұрақ қойылды, олардың. 10–ы шешілді, 24-і түсіндірілді, 45–і жұмыс үстінде.

Аудан әкімі Ибрагимов көшесінің абаттандырылғанын, Алатау ықшамауданында балалар алаңы мен «Ардагерлер» аллеясының ашылғанын, ҮАК бойындағы Алатау ықшамауданының кіре берісіне бағдаршамның орнатылғанын айтты.

«Көкбазар» маңында стихиялы сауданы жою үшін (Мақатаев көшесі бойындағы «Түркістан» СҮ-нің алдына, «Көкбазардың» алдына) полицияның 2 күзет пункті қойылды. Мониторинг бойынша ведомствоаралық жұмысшы тобы құрылды.

Әлеуметтік жауапкершілік аясында Таулы қырат ықшам ауданындағы Тайманов көшесіне футбол және воркаут алаңдарын жасау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша Горная көшесіндегі үйлер тексерілді, мұндағы 35 үйде 165 адам тұрады. Тексеру барысында 18 үйдің (тұрғындар саны 50 адамға жуық) топырақ көшкініне ұрынуы мүмкін екені анықталды. Шығыс беткейдегі 6 және солтүстік беткейдегі 4 үй қауіпті аймақта орналасқан. 10 үйге қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Қалған үйлер жөндеуді қажет етпейді.

«Алматы әкімі айтқан «Шетсіз қала» қағидасына сәйкес біздің алдымызда ауданды болашақта дамыту міндеті тұр: бұлар Ақ қайың, Көлсай, Сұлусай, Алатау, Бутаковка ықшам аудандары мен Каменск қыраты елді мекені. Аталған ықшам аудандарда жол, сумен қамтитын және суды бөлетін құбырыларды салу, әлеуметтік маңызы бар білім (мектептер, бала бақшалар, мини орталықтар) және медициналық мекемелерді (ФАП-тар), денешынықтыру-спорт кешендерін,парк аймақтарын және полицияның күзет пункттерін ашу қажет», - деді аудан әкімі.

Полицияның күзет пункттеріне келетін болсақ, нысанды жалға алу келісімін жасай отырып, Сұлусай, Кеңсай, Ақ қайың және Кеңсай ықшам аудандарында 5 пункт ашу ұсынылды. Көлсай, Ақ қайың ықшам аудандарында фельдшерлік-амбулаториялық пункттер, сонымен қатар Думан елді мекенінде қосымша осындай дәрігерлік пункт ашылады.

«Шетсіз қала, шекарасыз медицина» қағидасы бойынша тамыз- қыркүйек айларында Кеңсай мен Каменск қыратында дәрігерлік амбулаториялар ашылды.

Оқушы орындарының тапшылығын шешу бойынша Думан елді мекеніндегі № 172 мектеп жанынан 850 орынды қосалқы нысан салынуда. Оның құрылысы 2020 жылдың наурыз айныда аяқталады.

Сонымен қатар, Жайлы қалалық орта басқармасымен бірге Алатау ықшам ауданындағы № 7 мектептің ғимаратын сейсмикалық күшейту, қалпына келтіру және күрделі жөндеуден өткізу бойынша жоба әзірленген еді. Қазіргі кезде өтініш қабылданды, іс 2020 жылы қолға алынатын болады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


«Almaty Investment Forum-2019» форумына 200-ден астам шетелдік қатысады »»
21 қараша 2019 - 16:10
Қала әкімдігінің баспасөз орталығында Алматыда 27 қарашада өтетін «Almaty Investment Forum-2019» мәселелеріне қатысты брифинг өтті.   Форумның басты тақырыбы – Қазақстанның оңтүстік астанасының инвестициялық тартымдылығын арттыру. Форумға ірі әлемдік және қазақстандық компаниялардың басшылары, ҚР ведомстволарының, қаржы институттарының және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады деп хабарлады, - Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин....
Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің және халық тұтынатын тауарлардың бағасын ұстап тұрудың шаралары туралы »»
21 қараша 2019 - 15:50
Қала әкімдігінің баспасөз орталығында Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы және «Алматы» Әлеуметтік–кәсіпкерлік корпорациясы АҚ (әрі қарай ӘКК) басқармасының өкілдерімен брифинг өтті.   Брифинг барысында ӘКК басқарма төрағасы Асқар Білісбековәлеуметтік маңызы бар азық-түліктің, ең алдымен халық тұтынатын тауарлардың бағасы күрт өсіп кетпеуі үшін бағаны ұстап тұру шараларының жүріп жатқанын хабарлады. Қазіргі кезде ӘКК әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының...
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясының жобасын көпшіліктің талқылауына ұсынды »»
21 қараша 2019 - 10:50
Өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін тек алматылықтар ғана емес, Алматының болашағына бейжай қарай алмайтындардың барлығы енгізе алады.   Мұны www.Almaty-2050.kz арнайы сайты арқылы беруге болады. Сайт пен қалалық газеттерде Стратегияның мәтіні жарияланды. 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясында 7 стратегиялық басымдық қамтылған: 1. Шетсіз қала; 2. «Ақылды» қала; 3. Тең мүмкіндіктер қаласы; 4. Қауіпсіз қала; 5. Жасыл қала; 6. Жаһандық іскерлік орталық; 7. Мәдени креативті қала. &nb...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56