^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 25 мамыр 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы жылу маусымына дайын
27 қыркүйек 2019

Бүгін Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев қаланың энергокешенінің алдағы жылу маусымына дайын екенін айтты.

 

Ол өзінің сөзінде Алматы қаласы шаруашылық кешендерінің алдағы жылу маусымына дайындығы белгіленген кесте бойынша жүріп жатқанын жеткізді.

Қаланың барлық энергокешеніне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 20 миллиардқа жуық теңге жұмсалды.

Биылғы жылдың 27 қыркүйектегі жағдайы бойынша энергокешеннің жалпы дайындығы 100%-ды құрайды, оның ішінде:

- жылу желілері - 100% (1222 км);

- электр желілері – 100% (7642 км);

- газ желілері – 100% (5095 км);

- «Алматы Су» МҚК сумен қамту желілерінің дайындығы - 100% (3183 км);

- білім және денсаулық сақтау объектілері автономды қазандықтарының дайындығы - 100% (білім – 50 нысан, денсаулық сақтау – 16 объект), «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС қазандықтарының (әрі қарай - АТКЭ) дайындығы - 100% (79 қазандық бірлігі).

- автономды қазандықтардағы отын қоры - 100% (білім – 2-і көмірмен жанады,50 тонна көмір, 14-і дизельмен жылытады, 3600 тонна, 34-і газбен ысытады; денсаулық сақтау – 2-і диз. отын, 70 тонна, 14 -і газбен жылиды), АТКЭ көмірдің дайындығы - 100% (110 тонна) мазут, 103% (жоспардағы 8,2 тонна орнына 8,5 тонна). Алдағы жылу маусымына дайындық паспорты 2019 жылдың 11 қыркүйегінде алынды.

- «Алматы электр станциялары» АҚ қондырғыларының (әрі қарай - АлЭС) дайындығы – 100% (71 қондырғы бірлігі). Дайындық паспорты 2019 жылдың 6 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінен алынған.

АлЭс-ындағы отынның нормативті қоры – көмір 123% (жоспардағы 211 мың тонна орнына 237мың тонна) және мазут 119% (жоспардағы 21 мың тонна орнына 25 мың тонна).

- білім объектілерінің дайындығы -100% (444 объектілер бірлігі);

- денсаулық сақтау объектілерінің дайындығы- 100% (78 объектілер бірлігі)

-көпқабатты үйлердің дайындығы -100% (7717 КҚТҮ).

2019 жылы 9 базадағы көмірдің жоспарланған қоры 245 мың тонна екені тұрғындарға алдын ала хабарланды. 2019 жылдың 25 қыркүйегінде базалардағы нақтылы отын қоры – 17,5 мың тонна.

Айта кетерлігі, қалада жыл ішінде орта есеппен 50 мың тонна көмір жағылады.Қалған отын (195 мың тонна, бұл жалпы көлемнің 80%-ы) Алматы облысына (Іле, Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандары) жіберіледі.

Брифинг барысында дебиторлық қарыз туралы да айтылды. Биылғы жылдың 25 қыркүйегінде коммуналдық қызмет үшін дебиторлық қарыз 2,6 млрд теңгені құрап отыр, оның ішінде: 1,75 млрд теңге (67%) – жылу мен ыстық судың қарызы, 226 млн теңге (9%) – суық су мен кәріздің қарызы, 446 млн теңге (18%) – электр жарығының қарызы және 170 млн теңге (7%) газға төленетін қарыз.

Жыл басынан бері қарай жеке сот орындаушыларына жалпы құны 1,164 млн. теңге болатын 4,8 сот шешімі берілген еді, олардың құны 137 млн. теңге болатын 1,2 мың талап (иск) қанағаттандырылды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Сағынтаев алматылық мектеп түлектерін құттықтады »»
25 мамыр 2020 - 16:33
Бақытжан Сағынтаев мектеп бітірген алматылық түлектерді құттықтады. Әкім құттықтауын Facebook-тағы өзінің парақшасында жариялады.   Алматы әкімі 9299 мектеп түлегінің үлкен өмірге қанат қаққанын атап өтті. Соның ішінде 545 түлек – «Алтын белгі» иегері, 714 оқушы оқу озаты атанды. Биыл мектептерде соңғы қоңырау алғаш рет онлайн түрде соғылды. Бақытжан Сағынтаев өзінің құттықтауында мектеп директорлары мен ұстаздардың осынау естен кетпес сәттің сән-салтанатын келістіріп, сезіндіру ...
Бақытжан Сағынтаев қайтыс болған полиция қызметкерлерінің отбасыларына көңіл айтты »»
25 мамыр 2020 - 11:42
Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өз міндеттерін орындау барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.   «Блокпоста міндеттерін атқарған және ЖКО салдарынан қаза болған полиция қызметкерлері Жарас Жанғазиев пен Дастан Әбдіқановтың отбасылары мен жақындарына қатты қайғырып көңіл айтамын», - деп жазды Twitter-де Бақытжан Сағынтаев. Қайтыс болғандардың отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетілетін болады. ...
2020 жылдың 25 мамыры күнгі Алматы қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді дезинфекциялау кестесі »»
25 мамыр 2020 - 09:34
Алмалы ауданы бойынша: Абай – Назарбаев – Райымбек – Сейфуллин – Байтұрсынов көшелерінің шаршы аумағы   Алатау ауданы бойынша: Самғау, Алмалы, Алатау сити, Зерделі, 13 терр., 14 терр.   Әуезов ауданы бойынша: Райымбек даңғылы, Саин, Жұбанов, Қабдолов, Алтынсарин, ықш.:1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 12, Сайран, Өтеген батыр к-сі, Төле би, Тастақ-1 ықш.   Бостандық ауданы бойынша: Әл-Фараби даңғылы – Назарбаев даңғылы – Абай даңғылы – Жароков көшесінің шарш...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz, kancelaria@a-a.kz