^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 31 мамыр 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі Б. Сағынтаев: Қоғамда бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуде ҚХА -ның рөлі ерекше маңызды
27 қыркүйек 2019

Алматыдағы Достық үйінде өткен республикалық форумның күн тәртібінде Қазақстан Халықтары Ассамблеясы қоғамдық келісім кеңестерінің қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартудағы рөлі туралы айтылды.

 

Форумның жұмысын ашқан Алматы қаласының әкімі, Алматыдағы ҚХА-ның төрағасы Бақытжан Сағынтаев қоғамда бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуде Ассамблеяның рөлін ерекше атап өтті.

«Алматыда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Қалада 19 республикалық және 37 қалалық этномәдени бірлестіктердің офистері орналасқан. Тіпті, Алматыда 10 этникалық БАҚ тіркеліп, жұмыстарын жүргізуде, этномәдени бірлестіктер жанында үш ұлттық театр және 27 шығармашылық ұжымдар бар», - деді Алматы әкімі.

Сонымен қатар, ол азаматтардың туған тілдерінде сөйлейтінін, өздерінің мәдениеті мен дәстүрлерін сақтайтынын, өздерінің дәстүрлі діндерін еркін уағыздайтынын атап өтті.

Бұлардан өзге, Б. Сағынтаев Ассамблея құрылымындағы қоғамдық келісім кеңестерінің маңызды рөлін баса көрсетті.

«Олар қоғамдық бақылау міндетін атқаруда, халықты толғандыратын мәселелерді қарауда, қоғамдық маңызды шараларды ұйымдастыруда, қайырымдылықты, меценаттықты, медиацияны дамыту мәселелерімен айналысуда. Бұл жұмыстар үкіметтік емес ұйымдармен және жастар бірлестіктерімен, діни конфессиялар өкілдерімен, БАҚ және түрлі мемлекеттік ұйымдармен ынтымақтастық аясында жүзеге асуда», - деп атап өтті қала басшысы.

Айта кетерлігі, форум барысында қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған міндеттерді орындауда қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысы талқыланды.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында қоғамдағы жүйелі өзгерістерге, соның ішінде халықтың табысын арттыру мен әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған стратегиялық міндеттерді қойды. Президент атап өткендей, «Біздің ортақ міндетіміз – азаматтардың барлық маңызды өтініштеріне жедел әрі ерекше назар аударатын «Ести алатын мемлекет» қалыптастыру.Тек билік пен қоғам арасында тұрақты диалог жүргізу арқылы заманауи геосаясат мәтініне негізделген үйлесімді мемлекет құруға болады», - деді Алматы әкімі.

Б. Сағынтаев қоғамды толғандырып отырған барлық мәселелер бойынша нақтылы жоспар жасалғанын, олар медицинаны, білімді, қауіпсіздік пен әлеуметтік қолдауды дамыту екенін атап өтті.

«Қала басқармаларының басшылары және аудандар әкімдері халықпен кері байланыс жасау үшін әлеуметтік желілерде аккаунттар ашумен қатар, Ашық есік күндерін тұрақты өткізіп келеді. Назарға алынбаған әрбір өтініш үшін бірінші басшылар жеке жауапкершілікке тартылады. Кадрлық шешімдер ең алдымен олардың тұрғындармен жұмыс жүргізу бағасы негізінде жүргізілетін болады», - деп атап өтті ол.

Б. Сағынтаев Алматыны дамытуда жеті стратегиялық бағытты атап өтті:

  1. Алматы мәдениет пен өркениет түйіскен әлемдік қала болуы, қала тұрғындарының өмір сүру сапасы мен экономикалық мүмкіндіктері бойынша 100 мегаполистер топына енуі тиіс.
  2. Бастамалар қаласы. Жергілікті жерлердегі проблеманы шешу тұрғындардың белсенділігін қажет етеді. Проблеманың 90%-ы тұрғындардың бастамасы бойынша жергілікті жерде шешімін табуы тиіс.
  3. Іскерлік астана. Инвестицияны, технологияны және таланттарды тартудың орталығы.
  4. Мәдени астана. Білімнің, тұрмыстың және бұқаралық мәдениеттің жоғары деңгейінің стандарттары мен сәнін көрсете алатын ерекше заманауи қала.

Тағы бір маңызды бағыт Алматыны этникааралық келісім мен діниаралық өзара түсіністік орталығы ретінде дамыту.

«Этникааралық келісім мен діниаралық өзара түсіністікті нығайтуды жалғастырамыз, қаламыздағы барлық этникалық топтардың тілдері мен мәдениетін дамытуға жағдай жасаймыз, қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне дейінгі рөлін күшейтеміз, ҮЕҰ-дың беделін арттырамыз», - деп атап өтті әкім.

Форумның жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Ж. Түймебаев, ҚР Парламентінің депутаттары, Ассамблея Кеңесінің, қоғамдық келісім кеңесінің, ҚХА ғылыми-сараптама кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдардың және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Б. Сағынтаев блок-бекеттерде қызмет еткен азаматтарға алғыс айтты »»
31 мамыр 2020 - 11:53
Шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында 1 маусымға қараған түні қала периметрі бойынша орналасқан кедергілердің алынатынын хабарлады. Сондай-ақ ол блок-бекеттерде жұмыс істеген барлық қызметкерлерге алғысын білдірді.   «1 маусымға қараған түні қаланың периметрі бойынша орналасқан блок-бекеттерді аламыз. ТЖ режимі кезінде бұл бекеттер қаладан шығу және қалаға кіруді шектеді. Бұл – коронавирустың таралуын тоқтату үшін қажет болды. Барлық полиция...
Алматыда Аntikorortalygy сервис орталығы іске қосылды
30 мамыр 2020 - 17:42
Алматыда Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қоғамдық қабылдау форматында (Open Space) жаңа Аntikorortalygy сервис орталығы ашылды.   Орталықтың ашылуына қала әкімі Бақытжан Сағынтаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев, ҚР Тұңғыш Президенті қорының атқарушы директорының орынбасары И. Рогов, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар, академиялық орта мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Бұл орталық халықпен өзара байланыс орнатуда жаңа тиімді форма болып табылады және аза...
30 мамыр күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекциясы туралы »»
30 мамыр 2020 - 13:49
Кіреберістер мен аулалар бойынша 29 мамырға жоспарланған 8363 кіреберіс (3038 үйде) және 1440 аула аумағы 100% залалсыздандырылды. Дезинфекция жұмыстарына 454 адам, яғни 64 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 77,7 мың. литр дайын ерітінді қолданылды. 30 мамырдағы заласыздардырудың үшінші күні жоспар бойынша 2703 үйдің 7442 кіреберісі мен 1348 аула залалсыздандырылды. Жұмысқа 411 адамы бар 59 бригада тартылды. Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша 29 мамыр күні 4 602 мың шаршы метр көше, оны...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz, kancelaria@a-a.kz