^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 15 шілде 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Қазақстан құрама командасы дзюдодан өткен әлем Чемпионатында төртінші орынды иеленді
30 қыркүйек 2019

Алматыда дзюдодан әлем Чемпионатының жасөспірімдер мен қыздар арасында өткен жекелей жарыстар аяқталды.

 

Алматыда әлемнің 61 елінің 500-ге жуық спортшысы бас қосты. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның құрама командасы төртінші орынды иеленді. Команда қоржынына алтын, күміс және төрт қола медаль түсті.

Алғашқы күні қазақстандық Нұрқанат Серікбаев 50 кг-ға дейінгі салмақта чемпион атанды. Финалда ол Еуропа чемпионы Роман Вальдиоер Пикароны тізе бүктірді.

Қыздар арасында 70 кг салмақпен сайысқа түскен Мадина Парагульгова екінші орынға көтерілді. Финалдық жекелей жарыста ол бразилиялық спортшыдан жеңіліс тапты.

Қазақстан құрамасының қоржынына Алима Жұмағалиева (40 кг), Әділ Марлен (60 кг), Тілеген Тынарбай (66 кг) және Айдар Арапов (81 кг) қола медальдарды түсірді. Осылайша, Қазақстан құрамасы үшін дзюдодан өткен әлем Чемипонаты жеңіспен аяқталды.

«Әлем Чемпионаты алдында біз бір алтын және бір қола медальды жоспарлаған едік. Біздің жасөспірім спортшыларымыз үшін бұл ірі жарыс болды. Менің бүгінгі нәтижеге көңілім толады. Әлем чемпионатында еліміздің намысын лайықты қорғаған жасөспірімдерге алғыс айтамын», - деп атап өтті Қазақстан құрамасы жасөспірімдерінің аға жаттықтырушысы Ғайнулла Есенғалиев.







  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда туристік орындар мен ұлттық саябақтарға баруда жекелеген шектеулер енгізілді »»
14 шілде 2020 - 16:14
COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын ескерту мақсатында Алматы тұрғындарының арасында Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен 14 шілдеден бастап ұлттық саябақтар мен туристік орындарға баруда жекелеген шектеулер енгізілді.   Атап айтқанда, ұлттық саябақтар аумағына, танымал туристік және таулы нысандарға (Медеу, Бутаковка, Алма-Арасан, сонымен бірге, радонды қайнар бұлағы) кез келген көлікпен баруға тыйым салынады. Демалыс күндері ұлттық саябақтар келушілер үшін жабы...
Алматыдағы дәріханалардың сыртындағы кезектер әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттігінен туындады - Қазақстан Республикасының Фармацевтикалық қызмет қауымдастығы »»
13 шілде 2020 - 23:08
Коронавирустық пандемия жағдайында Алматы қаласының әкімдігі қалалық дәріханалар мен ауруханаларды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдады. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Қазақстан Республикасы Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова мәлімдеді.   Нарықты тұрақтандыру және дәрі-дәрмектердің уақтылы әкелінуін қамтамасыз ету мақсатында сертификаттау рәсі...
Алматыда қаладағы ауруханаларға дәрі-дәрмектерді жеткізу бойынша арнайы штаб тәулік бойы жұмыс істейді »»
13 шілде 2020 - 22:15
Алматыға дәрі-дәрмектерді уақтылы жеткізу қажеттілігіне байланысты қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен қаланың стационарлық ауруханаларын қажетті дәрі-дәрмектермен және басқа құралдармен қамтамасыз етуге арналған тәулік бойы қызмет ететін арнайы штаб құрылды, Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев мәлімдеді.   Алматыдағы ауруханаларда жататын орындардың кеңеюіне байланысты стационарлық ауруханалардағы пациенттер ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz