^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 25 мамыр 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Қала әкімі Б. Сағынтаевтың Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесу кезінде берген тапсырмаларының орындалуы
30 қыркүйек 2019

Алматы әкімі ағымдағы жылдың 17 тамызында Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесіп, оның барысында 146 сұрақ қойылған еді, қазіргі кезде олардың 35%-ы шешілді, 53%-ы түсіндірілді, 12%-ы жұмыс үстінде. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов айтып берді.

 

146 сұрақтың 106-сы қала әкімдігінің кәсіби басқармаларының құзырына жатады.

Сұрақтар негізінен мына мәселелер бойынша қойылды - тротуарларды, арық желілерін, жолдарды жөндеу, сыртқы жарық желілерін дамыту әрі модернизациялау, жеке секторда қоғамдық көлік бағытын ұзарту, түзу емес жасанды қондырғыларды және жол белгілерін орнату арқылы жол қауіпсіздігін күшейту, тұрғын үй-коммуналды қызмет және басқалары.

40 сұрақ аудан әкімдігі аппаратына тиесілі, олардың 16-сы шешілді, 19-ы түсіндірілді, 5-і жұмыс үстінде.

Түскен сауалдарға жүргізілген сараптама аудан тұрғындарын ауданның жеке секторына инженерлік инфрақұрылымдарды жүргізу, өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру, көше мен аулаларды судың басып қалуы, арық және сыртқы жарық желілерін салу, тұрғын үй бөлу, құқықтық тәртіп мәселелері толғандыратынын көрсетті.

Кездесу кезінде қойылған сұрақтарды шешу бойынша нақтылы шаралар қабылдануда.

Мысалы, Достық пен Алтын бесік ықшамаудандарында инженерлік желілерді салу салдарынан бұзылған жолдарды мердігерлік ұйымдар кепілді міндеттемелер бойынша қалпына келтірді.

Тұрғындардың шағымы бойынша Ақсай-1 ықшамауданындағы 4, 4-а, 4-б үйлеріне жақын маңдағы Жұбанов көшесі бойына орналасқан № 11Б ғимараты алдына жүргізілген апатты жұмыстардан соң жолға асфальт төселді.

Алтын бесік ықшамауданынан Райымбек даңғылына дейін тротуар жасалып, сыртқы жарық желілері тартылды.

Жол бойындағы көліктердің жылдамдықтарын бәсеңдету үшін Ақсай-4 ықшамауданындағы 8-ші үйдің, Таугүл ықшамауданындағы № 72 мектептің, Өтеген батыр көшесі бойындағы 114-112 үйлердің жанына жасанды тегіс емес қондырғылар орнатылды.

Мына төмендегі мекенжайларға сыртқы жарықтың жаңа желілері тартылды, олар:

- Алтынсарин даңғылы бойындағы сквер, Ұлықбек көшесінен Қабдолов көшесіне дейін;

- Өтеген батыр көшесі бойымен 98-114 үйлерге кесіп өту;

- Таугүл-3 ықшам ауданындағы Сауранбаев және Сейітжанов көшелері;

- 6-шы ықшамаудандағы 3-ші және 4-ші үйдің арасы.

Науаи,114 көшесі бойына орналасқан «Тау Самал» тұрғын кешен аулаларындағы сыртқы жарық қалпына келтірілді.

Яссауи көшесі мен Серегин көшесінің бұрышы арасындағы қоғамдық көлік бекеттерінің алшақ орналасуына байланысты «Өтініш бойынша тоқтаудың» 5.12 белгісі қойылды. 10 қазанға дейін жолдың екі жағына да қосымша бекет конструкциялары қойылатын болады.

Кездесу кезінде әлеуметтік көмек көрсету бойынша сұрақтар қойылған болатын.

Мысалы, Достық ықшамауданының тұрғынына есту аппаратын алу үшін көмек көрсетілді, № 54 коррекциялық яслиге орналасу үшін балдырғанға жолдама берілді, сал ауруына шалдыққан бала тегін дәрі-дәрмекпен қамтылды, мүгедектік арба үшін 11-ші ықшамаудандағы 38 үйдің подъезіне пандус жасалды.

Жандосов көшесі бойындағы 184А үй тұрғындарының ұжымдық шағымдары негізінде пәтерін қоқысқа толтырған бір тұрғынның үйіне дезинфекция жүргізіліп, қоқыстар шығарылды. Бұл азамат Алматы қаласының психикалық денсаулық Орталығына орналастырылды.

Алматы қаласы әкімінің аудан тұрғындарымен кездесуі кезінде берілген тапсырмалары бойынша шаралар Жоспары жасалды, барлық сұрақтар бақылауға алынды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Сағынтаев алматылық мектеп түлектерін құттықтады »»
25 мамыр 2020 - 16:33
Бақытжан Сағынтаев мектеп бітірген алматылық түлектерді құттықтады. Әкім құттықтауын Facebook-тағы өзінің парақшасында жариялады.   Алматы әкімі 9299 мектеп түлегінің үлкен өмірге қанат қаққанын атап өтті. Соның ішінде 545 түлек – «Алтын белгі» иегері, 714 оқушы оқу озаты атанды. Биыл мектептерде соңғы қоңырау алғаш рет онлайн түрде соғылды. Бақытжан Сағынтаев өзінің құттықтауында мектеп директорлары мен ұстаздардың осынау естен кетпес сәттің сән-салтанатын келістіріп, сезіндіру ...
Бақытжан Сағынтаев қайтыс болған полиция қызметкерлерінің отбасыларына көңіл айтты »»
25 мамыр 2020 - 11:42
Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өз міндеттерін орындау барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.   «Блокпоста міндеттерін атқарған және ЖКО салдарынан қаза болған полиция қызметкерлері Жарас Жанғазиев пен Дастан Әбдіқановтың отбасылары мен жақындарына қатты қайғырып көңіл айтамын», - деп жазды Twitter-де Бақытжан Сағынтаев. Қайтыс болғандардың отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетілетін болады. ...
2020 жылдың 25 мамыры күнгі Алматы қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді дезинфекциялау кестесі »»
25 мамыр 2020 - 09:34
Алмалы ауданы бойынша: Абай – Назарбаев – Райымбек – Сейфуллин – Байтұрсынов көшелерінің шаршы аумағы   Алатау ауданы бойынша: Самғау, Алмалы, Алатау сити, Зерделі, 13 терр., 14 терр.   Әуезов ауданы бойынша: Райымбек даңғылы, Саин, Жұбанов, Қабдолов, Алтынсарин, ықш.:1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 12, Сайран, Өтеген батыр к-сі, Төле би, Тастақ-1 ықш.   Бостандық ауданы бойынша: Әл-Фараби даңғылы – Назарбаев даңғылы – Абай даңғылы – Жароков көшесінің шарш...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz, kancelaria@a-a.kz