^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 19 ақпан 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Сағынтаев Алматының бюджеті есебінен салынған үйлердің сапасын тексерді
01 қазан 2019

Алматы әкімі Б. Сағынтаев бірінші қазан күні Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. Ол ең алдымен Арыс қаласында жөнделген - қалпына келтірілген жұмыстардың сапасын тексерді.

 

Еске салсақ, қала 24 маусымда болған жарылыс салдарынан айтарлықтай зардап шеккен еді. Бүкіл ел болып жұмылып, қала қалпына келтірілді. Ол үшін облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар саны бойынша Арыс 17 секторға бөлінді. Алматыға № 14 сектор берілді.

Оңтүстік астананың жауапкершілік аймағында қалпына келтіруді қажет ететін 531 үй анықталды. Егер 503 үйдің жөндеу жұмыстары туралы (бұзылу деңгейіне орай күрделі немесе косметикалық жөндеу) әңгіме қозғалса, 28 үйді қайта салып шығу қажет болды.

Алматы секторын бес компанияның 300-ден астам құрылысшылары қалпына келтірді.




  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Ақпараттық хабарлама
18 ақпан 2020 - 14:29
Құрметті алматылықтар!   2020 жылдың 19 ақпанында сағат 10.00-де Halyk arena көпсалалы кешенінде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қала тұрғындарымен есептік кездесуі өтеді. 2019 жылғы Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық қорытындылары...
2020 жылдың 16 ақпанында Алматыдағы қарды тазалау бойынша ақпарат »»
16 ақпан 2020 - 09:31
16 ақпан күні Алматы қаласында түнгі сағат 03.00-де бастаған жаңбырдың арты қарға айналды.   Көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарға, жол қиылыстары мен жолайрықтарға тайғаққа қарсы материал себілді. Сағат 09.00-дегі жағдай бойынша тайғаққа қарсы 3073 тонна материал пайдаланылды. Сағат 05.00-ден бастап қар тазалайтын көліктерден колонналар ұйымдастырылды. Олардың кедергісіз жүруі үшін жол полициясының патрульдік машиналары көмекке келді. Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік ...
Алматыда экологияны жақсарту бойынша құрамында сарапшылар мен экобелсенділері бар жұмыс тобы құрылды »»
15 ақпан 2020 - 18:23
2020 жылдың 15 ақпанында Тұрақты даму комитетінің кеңейтілген отырысында экобелсенділер мен Алматы қаласы әкімдігінің арасында өзара ашық диалог өтті.   Басқосуға Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Қожағапанов пен әкімнің орынбасарлары Е.Бабақұмаров, М.Әзірбаев, сарапшылар қауымдастығының өкілдері мен экобелсенділер, олардың ішінде А.Төлесова, А. Ерекенов, С. Мартемьянов, А. Жандосова, С. Ташимова, А. Наурызбаев қатысты. Сондай-ақ, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Алматыдағы ЖЭО басшылығ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56