^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 10 сәуір 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда барлық мемқызметтер цифрландырылады
01 қазан 2019

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев мегаполис әкімінің осындай міндетті алға қойғанын хабарлады.

 

Басты мақсат – қалалықтар үшін ақпараттық жүйенің қолжетімділігін барынша жеңілдету және қаланың барлық тыныс-тіршілігінің бірыңғай базасын жасау. Цифрландыру мемлекеттік органдардың ашықтық және тұрғындардың хабарлану деңгейін арттырады.

«Қазіргі кезде біз қаланың барлық нысандарына мониторинг жүргіземіз, сол арқылы жол жөндеу, инфрақұрылымдық желілерді тарту, мектептердің, бала бақшалардың, ауруханалардың шоғырлануы және басқалары бойынша көрсетілген сервистік жұмыстарды біліп отырамыз. Енді бұл бағытты одан әрі жетілдіріп, оның операциялық даму процессіне қала тұрғындарын кеңінен тарту үшін бірқатар шараларды жүзеге асырамыз», - деді Б. Қоңырбаев.

Цифрландыру басқармасында бірнеше бөлімдер болады, олар: жобалауды басқару, процесстік даму және өзгерістерді басқару, мәліметтерді басқару.

Сонымен қатар, студенттер мен түлектерді цифрландыру процессіне тарту үшін техникалық университеттер және кәсіби колледждермен ынтымақтастық орнатылатын болады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда «Жаңа Алатау қоры» есебінен 12 000 адам азық-түлік қоржынын алды  »»
09 сәуір 2020 - 17:53
Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов мәлімдеді.   «Бүгінгі таңда Алматы қаласы аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қала халқының осал топтарына жан-жақты әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары жалғасуда. Өздеріңіз білесіздер, «Жаңа Алатау» қоғамдық қорына алғашқылардың бірі болып ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қорынан 100 млн. теңге қаражат келіп түскен бо...
Қоғамдық көлікте жолаушылар азайды
08 сәуір 2020 - 15:32
Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз орталығында қалалық Мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев БАҚ өкілдеріне арнап онлайн брифинг өткізді.   «Алматы қаласында карантин тәртібінің енгізілуіне және барлық ұйымдардың жұмыс уақытының қысқаруына байланысты қоғамдық көліктің жұмыс уақытын сағат 19.00-ге дейін қысқарту туралы шешім қабылданған еді. Соңғы аптада жолаушылар ағынының 80%-дан астамының азайғаны байқалды», — деп атап өтті Сағындық Телібаев. Басқарма басшысының ...
Президенттің тапсырмасы бойынша сәуір айынан бастап алматылық 589 мың адамға зейнетақы мен жәрдемақы беріледі »»
08 сәуір 2020 - 14:16
Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов мәлімдеді.   Спикер Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығымен бекітілген Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларының, Төтенше жағдай кезеңінде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әл...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56