^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 23 қараша 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыға жаңа автобустар келді
02 қазан 2019

Сыйымдылығы үлкен 10 автобус № 12 бағыт бойынша жүретін болады.

 

«Алматыэлектротранс» ЖШС Zhongtong маркалы жаңа автобустардың алғашқы легін сатып алды. Жақын күндері, мемтіркеуден және дайындықтан өткен соң автобустар тестілік режимде № 12 бағыт бойынша жолға шығып, «Қазақстан» қонақ үйінен (Достық даңғылының бұрышы – Құрманғазы көшесі) Медеу мұз айдынына дейін барады. Автобус сұйытылған (сығылған) табиғи газбен (CNG) жүреді, кондиционерлермен және видеобақылаумен жабдықталған.

Тасымалдаушы компания хабарлағандай, автобустар арнайы қалалық жолаушылар тасымалы үшін жасалған. Сыйымдылығының үлкен болуымен қатар көліктерді төмен еденді конструкциялары ерекшелендіреді.

Көліктің сыйымдылығы - 104 адам, 22 отыратын орын және қимылы шектеулі жолаушылар үшін 3 орын бар.

Кейінгі кезекте «Алматыэлектротранс» ЖШС әуежай мен қаланың ықшамаудандарын байланыстыратын № 92 бағыттағы көліктерді жаңартатын болады.

«Алматы әкімі Б. Сағынтаев қойған басты міндет – көрсетілетін қызмет сапасын жоспарлы түрде арттыру және қозғалыстар интервалын қысқарту», - деп атап өтті тасымалдаушы компания.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


«Алматы-2050» даму стратегиясы туралы
22 қараша 2019 - 19:24
Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында «Алматы-2050» Даму стратегиясы (әрі қарай – Стратегия) туралы брифинг өтті. Жоба көпшіліктің талдауына биылғы жылдың 21 қарашасында ұсынылды.   Алматы қаласының Стратегия және бюджет басқармасының басшысы Нұртас Қаиров қаланың стратегиялық дамуының жеті басымдығы енгізілген құжат жобасының қалай жасалғанын түсіндірді. Қоғамдық сарапшылардың қатысуымен 23-31 қазан аралығында АДО алаңында өткен жұмыс сессиялары барысында қала алдында тұрған 11 ...
Денсаулық айлығы аясында 8 мыңға жуық алматылық медициналық тексеруден өтті »»
22 қараша 2019 - 19:58
Бүгін медиктер 8 мыңға жуық қалалық медициналық тексеруден өткен мегаполистің 30-дан астам шет аймағында болды.   Эндокринолог, кардиолог, жалпы практика дәрігері, офтальмолог, гинеколог және басқа кәсіби дәрігерлер қабылдаулар өткізді. Мұнда қандағы холестерин және қант деңгейін анықтау үшін қан тапсыру экспресс-әдсіпен атқарылды, қан қысымы тексерілді, ЭКГ диагностикасы жасалды, ВИЧ-инфекциясын және басқа да сырқаттарды анықтаудың экспресс-тестілері жүргізілді. Мұның барлығы қадамдық қолжетімділік ...
Б. Сағынтаев: қалалықтармен кездесу бізге Алматыны дамыту үшін маңызды шешімдер қабылдауға көмектеседі »»
22 қараша 2019 - 18:16
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданы тұрғындарымен екінші мәрте кездесті, оған 150-ге жуық сұрақтар қойылды.   «Еркін микрофон» форматындағы алғашқы кездесу Алатау ауданында 9 тамызда өтті. Сол кезде 500-ден астам адам жазбаша жән ауызша 400-ден астам сұрақтар қойған еді. Сұрақтардың бір бөлігі сол жерде шешімін тапты, қалғандарына жіті сараптама жасалды, оның қорытындысы бойынша қаланың түрлі басқармалары мен қызметтеріне және аудан әкімдігіне 161 тапсырма берілді. Аудандағы ең...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56