^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 3 маусым 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда қолөнер шеберлерінің «Алтын алма» көрме-жәрмеңкесі өтеді
02 қазан 2019

ҚР Орталық мемлекеттік музейінде көрші елдер қолөнер шеберлері өз жұмыстарын көрсетеді.

 

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте «Бақыт» декоративті-қолданбалы өнер орталығының менеджері, көрмені ұйымдастырушы Күнсұлу Әбдікәрім аталған шараның 4-6 қазан аралығында өтетінін хабарлады.

Көрме-жәрмеңке тақырыптық атаулар бойынша бір жылда төрт рет өтеді: көктемде – «Қызғалдақтар уақыты», жазда - «Жібек жолы», күзде - «Алтын алма» және қыста - «Шығыс базары».

«Мұндай шаралар Орта Азия елдері арасында экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуда үлкен маңызға ие. Алматы бір жыл ішінде бірнеше рет түрлі мемлекеттердің қолданбалы өнер шеберлерінің орталығына айналады», - деп атап өтті Орталық мемлекеттік музейдің баспасөз хатшысы Ақмарал Айдынбаева.

Жәрмеңкеге Қазақстанның, Қырғызстанның, Тәжікстан мен Түркменстанның, Өзбекстан мен Ресейдің және Грузияның шеберлері жасаған сыйлық және сувенир бұйымдар қойылады, олар: киім, панно, гобелендер, киіз бен теріден жасалған бұйымдар, тоқылған заттар, зергерлік бұйымдар, бижутерия және басқалары.

Ұсынылатын сувенирлік бұйымдардың негізгі тақырыбы – алмалар. Өйткені, алма - Алматының басты символы.

Декоративті-қолданбалы өнер бойынша шеберлік сыныптары қатар өтетін болады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Б. Сағынтаев Алатау ауданы тұрғындарының мәселелері қалай шешіліп жатқанын тексерді »»
03 маусым 2020 - 17:57
Алматы әкімі жұмыс сапары барысында өткен жылғы есептік кездесулерде Алатау ауданы тұрғандары айтқан мәселелерлің қалай шешіліп жатқанын тексерді. Сол кезде жолдардың, тротуарлардың, арықтардың, жарықтың, коммуналдық желілердің жоқтығы сөз болған еді. Сонымен қатар Б. Сағынтаев ауданның инфрақұрылымын жасқарту жөніндегі жобаларды іске асырудың барысымен танысты.   Алматы әкімі Ұлжан ықшамауданындағы кәріздік насос станциясының құрылысымен танысты және осы ықшамаудандағы Жалайыр көшесіндегі жолдың жөн...
3 маусым күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекциясы туралы »»
03 маусым 2020 - 10:04
Кіреберістер мен аулалар бойынша 3 маусымға жоспарланған 8363 кіреберіс (3038 үйде) және 1440 аула аумағы 100% залалсыздандырылды. Дезинфекция жұмыстарына 444 адам, яғни 64 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 75,1  мың литр дайын ерітінді қолданылды. 3 маусымдағы заласыздардырудың үшінші күні жоспар бойынша 2703 үйдің 7442 кіреберісі мен 1348 аула залалсыздандырылды. Жұмысқа 433 адамы бар 62 бригада тартылды. Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша 2 маусым күні 4 937 мың шаршы метр көш...
Алматы қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді, балалар және спорт алаңдарын 3 маусым күнгі дезинфекциялау кестесі »»
03 маусым 2020 - 09:44
Алмалы ауданы бойынша Абай – Әуезов – Гоголь – Байзақов – Райымбек – Үлкен Алматы көшелерінің шаршы аумағы. Алатау ауданы бойынша Саялы, Көкқайнар, Рахат, Боралдай, Әйгерім, Қарасу, Өжет. Әуезов ауданы бойынша Мамыр-1, 2, 3, 4 ықш. ауданы; Жетісу-1, 2, 3, 4 ықш. ауданы; Ақсай-1, 1А, 2, 3, 3А, 3Б, 4, 5; Сәдуақасов көшесі. Бостандық ауданы бойынша Орбита-1, 2, 3, 4; Науаи көшесі, Әл-Фараби даңғылы, 125-135, Торайғыров, Рысқұлбеков, Щепкин көшелері, Мирас ықшам ауданынан Асқаро...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz, kancelaria@a-a.kz