^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 14 қараша 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда ауылшаруашылық жәрмеңкесінің маусымы ашылады
02 қазан 2019

Осы сенбіде, 5 қазанда «Астана» алаңында (Төле би көшесі, ҚБТУ-нің алды) жәрмеңкенің күз маусымын Алматы облысының тауар өндірушілері ашады.

 

Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының мәліметі бойынша Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалалары мен Алматы облысының 17 ауданы жалпы құны 111 млн. теңгеден асатын түрлі ауылшаруашылық өнімдерін жеткізетін болады. Шараға «Жетісу» ӘКК» АҚ да қатысады.

Алматылықтар мен қала қонақтарына жалпы көлемі 180 тонна болатын азық-түлік тауарларының 50-ден астам түрлері ұсынылады, оның ішінде 50 тонна ет және балық өнімдері, 86 тонна жеміс-көкөніс, 14 тонна сүт өнімдері, сонымен қатар жарма, ұн, өсімдік және мал майлары бар. Жәрмеңке бағасы базардағы орта бағадан төмен болады. Мысалы, бір килограмм сиырдың етін 1700 теңгеге, құстың етін 750 теңгеден, картопты 80 теңгеден, пиязды 65 теңгеден алуға болады.

Жәрмеңке таңғы сағат 8:00-де басталады. Шара аясында ұйымдастырушылар өңірдің көркем өнерпаздар ұжымдарының қатысуымен қызықты концерттік бағдарлама дайындаған.

Еске салсақ, кеңейтілген ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін өткізудегі мақсат - қалалықтарды қолжетімді бағадағы түрлі сапалы өнімдермен қамтамасыз ету.

Таяу арада Алматыда Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының қатысуымен осындай жәрмеңкелер өтетін болады.

 

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыны жасылдандырудың шеберлік-жоспарының жобасы әзірленді »»
13 қараша 2019 - 15:34
Алматы әкімі қаланы жасылдандырудың шеберлік-жоспарының жобасын қараған жұмыс жиынын өткізді, оның барысында таяудағы үш жыл ішінде миллион ағаш отырғызу мәселесі сөз болды.   Шеберлік-жопарын жасау кезінде қаланың жасыл желектері зерттелді және оның қазіргі жағдайы анықталды. Бұл жұмысқа кәсіби мамандар тартылды, олар зерттеу барысында қаладағы жасыл желектің жалпы көлемі бір адамға шаққанда небәрі 894 га – 4.8 шаршы метр екенін анықтады. Ал, сонау 70-80 жылдары бұл көрсеткіш 10 шаршы метрге ж...
Алматыда халықаралық «ЖасSTAR» шығармашылық жастар фестивалі өтті. »»
13 қараша 2019 - 09:01
«Жаңа есімдердің он жылдығы» ұранымен өткен фестивальді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры ұйымдастырса, оған Алматы әкімдігі қолдау көрсетті.   Фестиваль қатысушылары мен оның қонақтарын қала әкімі Б.Сағынтаевтың атынан шаһар басшысының орынбасары Ержан Бабақұмаров құттықтады. «Жастардың арасында өнер мен мәдениетті жан-жақты дамытуды мақсат еткен фестиваль өзінің он жылдығын атап өтуде. Аталған шара әр елдің жастарының басын қосып келеді. Жыл сайын фестивальге қатысуға ниет...
Алматының даму стратегиясының ұзақ мерзімді жобасы сарапшылар мен жұртшылықтың қатысуымен әзірленуде »»
12 қараша 2019 - 22:37
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров шаһардың сарапшылық қауымдастығы және қоғамдық кеңестің кеңейтілген құрамдағы мүшелерімен кездесіп, «Алматы-2050» стратегиясының жобасын талқылады. Алқалы жиын қаланың дамуына қатысты құжаттық жобалардың жұртшылық және сарапшылармен талқылауды құп көретін қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес өтті. «Бұл қала дамуының басты басымдықтарын қамтитын негізгі құжат. Ұзақ мерзімді мақсаттарды анықтауда сіздердің пікірлеріңіз біз ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56