^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 21 қаңтар 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда биылғы жылы 121 км жаңа жол салынады
03 қазан 2019

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев кеңес өткізіп, онда жолдарды жөндеу және салу қарқыны қаралды.

 

Қалалық мобильділік басқарманың мәліметі бойынша, биылғы жылы алдыңғы жылдармен салыстырғанда төрт есе көп жол салынады. Жаңа Алматыда алғаш рет жаңа жолдардың басым бөлігі пайда болады. Алатау ауданының 13 ықшамаудандарында және Түрксіб ауданының бір ықшамауданында 469 көшеге ұзындығы 121 км жол салынады. Мұнда 143,5 мыңнан астам тұрғын тұрады.

Бұл жолдар Саялы, Алғабас-АЗТМ, Ақбұлақ, Ұлжан-2, Қарасу, Көкқайнар, Әйгерім-1, Әйгерім-2, Шаңырақ-1, Ұлжан-1, Трудовик, Дархан-Байбесік, Шаңырақ-2 және Жас Қанат ықшамдарына тиесілі.

Нәтижесінде биылғы жылы Алматы жолдарының ұзындығы 4%-ға артады.

Бұлардан өзге, 149 көшеде ұзындығы 139 км болатын жолдарды жөндеу жұмыстары аяқталды.

Сонымен қатар, Сүйінбай даңғылын Шолохов көшесінен Б. Хмельницкий көшесіне дейін реконструкциялау аяқталды. Мұнда Шолохов көшесінен солға қарай бұрылып кіретін 1,1 км жол салынды.

Жолдың қозғалыс бөлігіне асфальт төселіп, солға қарай бұрылыс, тротуарлар, арықтар жөнделді, жарық орнатылды, инженерлік желілер ауыстырылды және көгалдандырылды. Жол жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.





  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы әкімдігі – мониторинг жүргізетін топ 25 денсаулық сақтау нысандарындағы медициналық қызметтің сапасын тексерді »»
21 қаңтар 2020 - 19:42
Алматы қаласында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап медицина ұйымдары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру(МӘМС) жүйесі бойынша жұмыс жасауда.   Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тегін медициналық көмектің кепілдік берліген көлемі шеңберінде (ТМКК) қызмет көрсету үшін 143 жеткізушімен, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша 147 жеткізушімен келісім жасады. Олар пациенттердің барлық сұрақтары мен шағымдарына жауап беретін болады. Медицина ұйымдарында көрнекі материал...
Медициналық қызметтің сапасын арттыру: Алматыда МӘМС қалай енгізілуде »»
21 қаңтар 2020 - 19:10
Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі 21 қаңтарда №5 қалалық клиникалық аурухана алаңында азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында (МӘМС) және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде (ТМКК) қызмет көрсету процесстерін түсіндіру бойынша баспасөз-турын өткізді.   Баспасөз-турына қатысушылар №5 қалалық клиникалық аурухана жұмысының үлгісінде республика және Алматы қаласы бойынша МӘМС аясында көрсетілуі тиіс медициналық қызметтің барлық түрлерімен т...
Т. Әбілдаев МӘМС жайында: «Міндетті сақтандыру – барлық медициналық қызметтерге қол жеткізу» »»
21 қаңтар 2020 - 18:36
21 қаңтар күні №5 қалалық клиникалық емхана алаңында баспасөз-туры өтіп, брифинг барысында БАҚ өкілдеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде азаматтардың қызмет алу барысы түсіндірілді.   Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халыққа Жолдауына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды. Жаңа жүйе медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжеті...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56