^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 28 ақпан 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда Кәріпбек Күйіковтің көрмесі ашылды
03 қазан 2019
Бүгін Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде қазақстандық суретші, ядролық қаруға қарсы халықаралық қозғалыстың белсендісі Кәріпбек Күйіковтің жеке көрмесі ашылды. Көрмеге автордың 50 картинасы қойылды.
 
Ол ядролық сынақ құрбандарының портреттерін салады. К. Күйіков 1968 жылы Семей ядролық полигонынан 100 метр қашықтықта орналасқан Егіндібұлақ селосында туылған. «Невада-Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалыстың негізін қалаушылардың бірі.
Алғаш рет Алматыда ұйымдастырылған көрмеге қала әкімі Бақытжан Сағынтаев келді. К. Күйіков суреттерінің бірегейлігіне тоқталған шаһар басшысы, автордың жұмыстары оптимизм мен өмірге деген құштарлыққа толы екендігін тілге тиек етті.

«Жастарға табандылық пен батылдықтың үлгісін көрсете алатын автордың шығармашылығы адамның ішкі жан дүниесін бейнелейді», - деді Б. Сағынтаев.

АТОМ жобасының Құрметті Елшісі ретінде К. Күйіков конференциялар мен түрлі шараларда БҰҰ және Құрама Штаттар Конгресі өкілдері алдында ядролық қаруға қарсы сөз сөйлейді. Көрме ағымдағы жылдың 20 қазанына дейін жалғасады.

 




  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы құрылысшылары қазмазмұнды ұлғайтуға және әлеуметтік нысандарды салуға дайын »»
26 ақпан 2020 - 18:17
Алматы әкімі Б. Сағынтаев қаланы дамытуға қатысты проблемалық мәселелерді талқылау үшін құрылыс компанияларының басшыларымен кездесті.   Мегаполисте тұрғын үй құрылысының қарқыны жоғары. Егер өткен жылы 2,1 млн шаршы метрге жуық үй пайдалануға берілсе, биылғы жылы шамамен 2,2 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 19,5 мың пәтер салу жоспарланған. Оның ішінде, 1553 мың шаршы метр коммерциялық құрылыс немесе 16029 пәтер, 593 мың шаршы метр жеке тұрғын үй немесе 2374 тұрғын үй. Мемлекеттік бюджет еесбінен 64,...
Алматы әкімдігінде хоккейші балалардың ата-аналарымен кездесу өтті »»
25 ақпан 2020 - 17:17
Бүгін Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов хоккеймен айналысатын балалардың ата-аналарымен кездесті. Кездесуге "Медведи" жеке хоккей клубының өкілі де қатысты.   Кездесу барысында балалар хоккейінің қазіргі жағдайы мен даму болашағы талқыланды. Қатысушылар балалардың секцияларының сапасы және олардың баға белгілеуі, сондай-ақ жаттықтырушылар құрамының біліктілігін арттыру мәселелерін көтерді. Қалалық Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов қазіргі уақытта Алмат...
Алматының сәулетшілері мен белсенділері мегаполистің дамуын талқылады »»
25 ақпан 2020 - 17:39
Қазір 30 қоғамдық кеңістіктің жобалары әзірленуде.   Бүгін танымал және жас сәулетшілермен, қоғам белсенділерінің қатысуымен өткен «дөңгелек үстелде» қаланы дамыту мәселесінде кешенді іс-қимылды қажет ететін шешімдерді талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Instagram парақшасына сілтеме жасап.   "Бүгін танымал және жас сәулетшілермен, қоғам белсенділерінің қатысуымен өткен «дөңгелек үстелде» қаланы дамыту мәселесінд...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56