^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 21 қазан 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Б. Сағынтаев: Қоғамның міндеті – мұғалімнің мәртебесін көтеру
04 қазан 2019

Бүгін, 4 қазанда қала әкімі Б. Сағынтаев Мұғалімдер күніне арналған салтанатты шараға қатысты.

 

Бақытжан Сағынтаев өскелең жас ұрпақтың бойына өміршең құндылықтарды қалыптастыруда мұғалімнің маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Бүгінгі өмірде мұғалім тек кәсіби сауатты болумен қатар, білім берудің жаңа құралдары мен әдістерін меңгеруі, қоғамда болып жатқан өзгерістерді жете сезінуі тиіс. Бүгінгі күні балаларды өз беттерінше ойлай білуге, шешім қабылдауға және өз таңдауы үшін жауапкершілікті мойнына алуға үйрету қажет. Сіздер күн сайын оларға жаңа Қазақстанның лайықты азаматтары болуға көмектесіп келесіздер», - деп атап өтті қала әкімі.

Ол өзінің сөзінде қоғамның міндеті – мұғалімнің беделін ту биікке көтеру екенін қадап айтты.

«Біз мұғалімге балаларымызды, яғни болашағымызды сеніп тапсырамыз. Еліміздің болашағы мұғалімге тікелей байланысты», - деді Б.Сағынтаев.

Б.Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша жас мұғалімдерге қолдау көрсетілуде. Биылғы жылы 634 жас мұғалім 50,5 мың теңге көлемінде бірретік материалдық көмек алды. Оның жалпы сомасы 32 млн. теңге.

Бұдан өзге, 2020 жылдан бастап мегаполистің үздік мұғалімдері үшін Алматы қаласы әкімінің арнайы гранты енгізілмек. Үздік педагогикалық ұжым дәстүрі жалғасын табады. Бүгін 10 жеңімпаз мектептердің мыңнан астам ұстаздары ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Салтанатты шара барысында «Үздік педагогикалық ұжым» байқауының қорытындысы шығарылды. № 182 мектептің мұғалімдері Гран-приді ал, бірінші орынды № 169 мектеп-лицейі мен № 174 мектеп-гимназиясы иеленді. Үш екінші орынды № 177 жалпы білім беретін мектеп, № 126 арнайы лицей, № 115 жалпы білім беретін мектеп алды. Үшінші орынды № 110 мектеп-гимназия, №79 гимназия, № 198 жалпы білім беретін мектеп пен № 62 гимназиясы өзара бөлісті.

«Үздік педагог» республикалық конкурсының жеңімпаздары: №178 лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қанат Қайырбай, Ы. Алтынсарин атындағы № 159 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жанар Құсайынова, № 148 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Назигүл Мергенбаева мен Индустрия және туризм колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Ерасыл Мамырбеков.

Бұдан өзге, білім саласының бірқатар қызметкерлері «Ыбырай Алтынсарин» және «ҚР Құрметті білім қызметкері» төсбелгілерімен марапатталды.





  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров қала имамдарымен кездесуде қоғамдық келісім мен конфессияаралық диалогты сақтау мәселелерін талқылады »»
21 қазан 2019 - 17:53
Алматының бас имамы Е. Шоқаймен және аудандардың бас имамдарымен болған кездесу кезінде жастармен жұмыс жүргізудің ерекше маңызы және жауапкершілігі жөнінде сөз болды. Мемлекеттің орнықты дамуының негізі болып табылатын қоғамның тұрақтылығын, келісім мен өзара түсіністікті сақтауда қала мешіттері қызметкерлерінің маңызды рөл атқаратыны аталып өтті. «Қазақстанда түрлі дін өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде, біз сол үшін мақтана аламыз. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы осынау теңг...
Алматыда №92 бағыт автобустары жаңарды
21 қазан 2019 - 14:41
Қала тұрғындарының көптеген өтініштері бойынша №92 бағыт 12 метрлі 20 жаңа автобустармен толықты. 100%-ға жаңарған жылжымалы состав қала көшелеріне 19 қазанда шықты.   Барлық көліктер төмен еденді, сыйымдылығы үлкен әрі қала жолаушыларын тасымалдау үшін арнайы жасалған. Автобустар табиғи газбен жүреді, кондиционер және видеобақылау орнатылған. Сыйымдылығы — 104 адам, отыратын 22 орын және қимылы шектеулі жандар үшін 3 орын бар. Бұдан өзге, №92 бағыт қала орталығына қатынау үшін Түрксіб, А...
Open Almaty-ға 9 айдың ішінде жүз мыңнан астам өтініш түсті »»
21 қазан 2019 - 14:10
Алматының қоғамдық қабылдауына қала тұрғындары абаттандыру, қоғамдық көлік және жолдар, инженерлік желілер, ТҮКШ мәселелері бойынша жиі өтініш түсіреді.   Алматы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауы 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс жасауда. Жоба Smart Almaty концепциясын жүзеге асырудың бір бөлігі болып табылады және оның құрамына фронт-офис, қалалық ақпараттық портал және байланыс орталығы енген. «Бір терезе» қағидасы бойынша әрбір қалалық Open Almaty-дағы аудандық әкімдік...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56