^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 21 қазан 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда Jasyl Almaty кең ауқымды акциясы басталды
05 қазан 2019

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Мохнатка тауының баурайында өткен экологиялық акцияны бастап берді. Мұнда қылқан жапырақты ағаштардың көшеттері отырғызылды.

 

Өздеріңізге белгілі, 2011 жылы қатты дауылдың нәтижесінде Мохнатка тауындағы 480 гектар аумақта жүздеген мың ағаш құлаған еді. Жыл сайын мұнда табиғи ағаштар мен бұталардың көшеттері отырғызылады. Ал бүгінгі акция аясында Шренка шыршасының 50 мыңға жуық көшеті отырғызылды.

Бұл шараның маңыздылығына тоқталған Бақытжан Сағынтаев аталған акцияның қала экологиясын жақсарту мен табиғи тепе-теңдікті сақтау үшін қажет екендігін атап өтті.

«Жас шыбықтарды отырғызу арқылы біз табиғатты құрметтеуге үйренеміз. Жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, қоршаған ортаны аялауға баулимыз», – деді әкім.

Оның айтуынша, кез-келген алматылық өз ауласында немесе қалалық саябақта бір ағаш отырғызу арқылы қалаға деген сүйіспеншілігі мен құрметін көрсете алады. Бүгін акцияға 500-ден астам адам қатысты. Олардың ішінде мәдениет қайраткерлері, студенттер, еріктілер және Іле Алатауы ұлттық паркінің қызметкерлері бар. Бұған дейін қала әкімінің тапсырмасы бойынша Алматыны көгалдандыру бойынша ауқымды жоба жасалған болатын. Соған сәйкес үш жылдың ішінде миллион ағаш отырғызу жоспарланған.

Мамандардың айтуынша, қалада 2 миллионнан астам ағаш бар. Бірақ 500 мыңға жуығы апаттық немесе ауру ағаштар. Жаңа Алматыны, оның ішінде Алатау және Наурызбай аудандарындағы ықшамаудандарды көгалдандыруға ерекше назар аударылмақ.





  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров қала имамдарымен кездесуде қоғамдық келісім мен конфессияаралық диалогты сақтау мәселелерін талқылады »»
21 қазан 2019 - 17:53
Алматының бас имамы Е. Шоқаймен және аудандардың бас имамдарымен болған кездесу кезінде жастармен жұмыс жүргізудің ерекше маңызы және жауапкершілігі жөнінде сөз болды. Мемлекеттің орнықты дамуының негізі болып табылатын қоғамның тұрақтылығын, келісім мен өзара түсіністікті сақтауда қала мешіттері қызметкерлерінің маңызды рөл атқаратыны аталып өтті. «Қазақстанда түрлі дін өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде, біз сол үшін мақтана аламыз. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы осынау теңг...
Алматыда №92 бағыт автобустары жаңарды
21 қазан 2019 - 14:41
Қала тұрғындарының көптеген өтініштері бойынша №92 бағыт 12 метрлі 20 жаңа автобустармен толықты. 100%-ға жаңарған жылжымалы состав қала көшелеріне 19 қазанда шықты.   Барлық көліктер төмен еденді, сыйымдылығы үлкен әрі қала жолаушыларын тасымалдау үшін арнайы жасалған. Автобустар табиғи газбен жүреді, кондиционер және видеобақылау орнатылған. Сыйымдылығы — 104 адам, отыратын 22 орын және қимылы шектеулі жандар үшін 3 орын бар. Бұдан өзге, №92 бағыт қала орталығына қатынау үшін Түрксіб, А...
Open Almaty-ға 9 айдың ішінде жүз мыңнан астам өтініш түсті »»
21 қазан 2019 - 14:10
Алматының қоғамдық қабылдауына қала тұрғындары абаттандыру, қоғамдық көлік және жолдар, инженерлік желілер, ТҮКШ мәселелері бойынша жиі өтініш түсіреді.   Алматы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауы 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс жасауда. Жоба Smart Almaty концепциясын жүзеге асырудың бір бөлігі болып табылады және оның құрамына фронт-офис, қалалық ақпараттық портал және байланыс орталығы енген. «Бір терезе» қағидасы бойынша әрбір қалалық Open Almaty-дағы аудандық әкімдік...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56