^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 12 желтоқсан 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда алғашқы қалалық хакатонның қорытындысы шығарылды
07 қазан 2019

30 жұмыстың ішінде үш команданың жобалары үздік деп танылды.

 

5-6 қазанда Q-Lab қалалық жобалар Зертханасында ақылды жобаларды жасаушылардың алғашқы қалалық марафоны өтті. Идеяны прототипке айналдыру үшін қатысушыларға 24 сағат берілді. Қойылған міндет – жобаға бұрын қатысқандардың ұсыныстарын жалғастырмай әрі қайталамай жаңа идеясы бар прототипті бірден жасау және іске асыру.

Хакатонды ашқан Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполистің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін барлық салаларға жаңа әрі тиімді шешімдер қажет екенін айтты.

«Перспективалы, зияткерлік әзірлемелер мен талдамаларды ұсынған командаларға қолдау көрсетіледі, өйткені олардың ұсыныстары қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуде практика жүзінде қолданылады. Ақылды марафонды біз жыл сайын өткіземіз, ауқымын кеңейтеміз және оларды пайдаланатын салаларды ұлғайтамыз, бұл іске креаторлар мен әзірлеушілерді кеңінен тартатын боламыз», - деді Б. Сағынтаев.

Almaty SmartCity Challenge хакатонының жүлделік қоры 3 млн теңгені жарыс жеңімпаздары атанған үш команда өзара бөлісті: HCK50 («Salem Tourist» жобасы - 1,5 млн теңге), GGG («Smart bin» - 1 млн теңге) және Mbionics («Ақылды тұрақ» - 500 мың теңге).

Шараға қолдау көрсеткен демеушілердің «Касперскийдің Зертханасы» АҚ, «Қазтелепорт» АҚ арнайы сыйлықтарымен жаңа әрі креативті идеялары үшін 9 команда марапатталды. Хакатонға қатысушылардың барлығы атаулы сертификаттар алды.

Туристерге арналған «Salem Tourist» мобильді қосымшасы арқылы қаламыздың өте қызық жерлері және көрнекі орындары, оларға қалай баруға болатындығы, рейтингі және қалалықтардың пікірі туралы ақпараттарды алуға болады. Бұл жобаны әзірлегендер қосымшаның Алматының туристік тартымдылығын арттырып, туристерге барынша жайлы жағдайларды жасайтындығын айтты.

«Smart bin» жобасының авторлары датчиктер арқылы қаланың қоқыс толған контейнерлері бірден көзге түсетінін жеткізді. Олар контейнерлердің тез толуы және тазаруы логистиканы оңтайландыруға, қанша қоқыс жинайтын машиналар мен контейнерлердің қажет екенін есептеуге, бағытты анықтауға, қоқыс көліктерінің майын үнемдеуге, техника мен жолдың тозуын азайтуға және қызметкерлердің жұмыс уақытын қысқартуға мүмкіндік беретінін айтты.

Mbionics командасының «Ақылды қала» жобасын жасаушылар жедел мониторингтің Алматының бос тұрақтарында көлікті орналастыру процессін басқаратынын айтты. Бұл жоба қаланың көлік тұрағы кеңістігін жасқартумен қатар қала бюджетіне түсетін қаржыны ашық бақылауды қамтамасыз етеді.

Хакатонға қатысушылардың барлығы қаланы дамытуға арналған 30-дан астам жоба әзірлеген болатын. Қатысушылар тұрмыстық қоқыстарды өңдейтін ферма, қаланың жасыл желегін суаратын «ақылды» автосушашқыш, мониторинг жүйесі және бос көлік тұрағын іздеу, қала қауіпсіздігін талдау, жүктемені азайту және басқа да жобаларды құрамына «Касперскийдің Зертханасы» АҚ, «Қазтелепорт» АҚ, «АТП» АКҚ(Tech Garden), «Ақпараттық технологияның Халықаралық университеті» АҚ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Сараптама және мәліметтерді өңдеу орталығының өкілдері енген сараптама жюриінің қарауына ұсынды.





  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы қаласында «Kazakhstan Urban Conference 2019» өткізу жөнінде »»
11 желтоқсан 2019 - 15:12
Ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан Республикасы жанындағы Орталық Коммуникациялар Қызметі Алматы қаласы әкімдігінің алаңында Алматы қаласында «Kazakhstan Urban Conference 2019» өткізу жөнінде көшпелі баспасөз конферециясын ұйымдастырды.   Аталған баспасөз конферециясына Kazakhstan Growth Forum төрағасы Елдар Әбдіразақов, «Adam Damu» Еуразиялық гуманитарлық орталықтың» төрайымы Аида Әлжанова және Kazakhstan Urban Conference ұйымдастыру комитетінің мүшесі Арташес Г...
Б. Сағынтаев: Өмір сүру сапасын арттыру мәселелерін бірге шешетін боламыз »»
10 желтоқсан 2019 - 16:16
Алматы әкімі Б. Сағынтаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуде қарамағындағы қызметкерлерге азаматтардың ағымдағы мәселелерін жедел шешуді тапсырды.   Бүгін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен екінші рет «ашық микрофон» форматында кездесу өткізді. Алғашқысы 3 тамызда №83 гимназияда өткен болатын. Бұрындары, 1 және 28 шілде аралығындағы жұмыс сапары кезінде аудан тұрғындары өз сұрақтарын қойған еді. Ауданның ең өзекті мәселесі – ескі үйлерді сүру, қалада шам...
Алматыда Қазақстан Жазушылар одағының 85 жылдығы аталып өтуде »»
09 желтоқсан 2019 - 20:09
Алматыда Қазақстан Жазушылар одағының және «Қазақ әдебиеті» газетінің 85 жылдығы құрметіне салтанатты шара өтті.   Еліміздің Мемлекеттік хатшысы Қ. Көшербаев пен Алматы әкімі Б. Сағынтаев жазушылар қауымдастығының рөлі мен маңызы туралы құттықтау сөздерін айтты. Одақтың 820 мүшесінің 360-ы Алматыда тұрады. Қала әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Жазушылар одағы үйіне күрделі жөндеу жүргізілетін болады. Бұдан өзге, шығармашылық қызметкерлерге қолдау көрсету және ынталандыру аясында ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56