^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 21 қазан 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыға шетелдегі Орыс Православие шіркеуінің делегациясы келді
07 қазан 2019

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Митрополит Александрмен және шетелдегі Орыс Православие шіркеуінің делегациясымен кездесті.

 

Шаһар басшысы Астана мен Қазақстанның Митрополиті Александрды архипасторлық қызметтің 30 жылдығымен және Вознесенск кафедралы шіркеуі құрылысының аяқталуымен құттықтады.

«Алматы — Ұлы даланың сан ғасырлық дәстүрін паш ететін ашықтық пен достықты, төзімділік пен қонақжайлылықты бойына сіңіре білген ерекше қала. Бүгінгі алматылықтар, яғни 100-ден астам этникалық топтардың өкілдері достық пен татулықты ту етіп өмір сүруде», – деді Б.Сағынтаев.

Мегаполис басшысының айтуынша, Вознесенск кафедралы шіркеуі – Алматыдағы айшықты орындардың бірі. Бұл — Қазақстанның қасиетті нысандарының тізіміне енген бірегей ағаш сәулет ескерткіші. 2016 жылы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев шіркеуді қалпына келтіруді тапсырған болатын. 2019 жылдың тамыз айында жұмыс аяқталды.

Кездесуге шетелдегі Орыс Православие шіркеуінің дін басылары да қатысты. Олар шетелдегі орыстардың Қорғаушысы атанған православие дініндегі қасиетті Құдай ананың Курскілік түпкілікті «Знамение» иконын өздерімен бірге алып жүруде.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров қала имамдарымен кездесуде қоғамдық келісім мен конфессияаралық диалогты сақтау мәселелерін талқылады »»
21 қазан 2019 - 17:53
Алматының бас имамы Е. Шоқаймен және аудандардың бас имамдарымен болған кездесу кезінде жастармен жұмыс жүргізудің ерекше маңызы және жауапкершілігі жөнінде сөз болды. Мемлекеттің орнықты дамуының негізі болып табылатын қоғамның тұрақтылығын, келісім мен өзара түсіністікті сақтауда қала мешіттері қызметкерлерінің маңызды рөл атқаратыны аталып өтті. «Қазақстанда түрлі дін өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде, біз сол үшін мақтана аламыз. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы осынау теңг...
Алматыда №92 бағыт автобустары жаңарды
21 қазан 2019 - 14:41
Қала тұрғындарының көптеген өтініштері бойынша №92 бағыт 12 метрлі 20 жаңа автобустармен толықты. 100%-ға жаңарған жылжымалы состав қала көшелеріне 19 қазанда шықты.   Барлық көліктер төмен еденді, сыйымдылығы үлкен әрі қала жолаушыларын тасымалдау үшін арнайы жасалған. Автобустар табиғи газбен жүреді, кондиционер және видеобақылау орнатылған. Сыйымдылығы — 104 адам, отыратын 22 орын және қимылы шектеулі жандар үшін 3 орын бар. Бұдан өзге, №92 бағыт қала орталығына қатынау үшін Түрксіб, А...
Open Almaty-ға 9 айдың ішінде жүз мыңнан астам өтініш түсті »»
21 қазан 2019 - 14:10
Алматының қоғамдық қабылдауына қала тұрғындары абаттандыру, қоғамдық көлік және жолдар, инженерлік желілер, ТҮКШ мәселелері бойынша жиі өтініш түсіреді.   Алматы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауы 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс жасауда. Жоба Smart Almaty концепциясын жүзеге асырудың бір бөлігі болып табылады және оның құрамына фронт-офис, қалалық ақпараттық портал және байланыс орталығы енген. «Бір терезе» қағидасы бойынша әрбір қалалық Open Almaty-дағы аудандық әкімдік...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56