^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 15 желтоқсан 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда жасыл желектерді отырғызу
09 қазан 2019

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте қаланың Жасыл экономика басқармасының мониторинг және жасыл қорды басқару бөлімінің басшысы Олжас Жаныспаев жыл аяғына дейін 140 мыңнан астам ағаш көшеттері мен бұтақтарды отырғызу жоспарланғанын хабарлады.

 

Биылғы жылдың 5 қазанында Алматы қаласында «Орман ек» және «Jasyl Almaty» ауқымды акциялары басталды.Осы акциялар аясында Жасыл экономика басқармасы Іле-Алатау табиғи ұлттық паркімен бірге Мохнатка тауына бір күн ішінде 50 мыңнан астам Шренка шыршасының көшеттерін отырғызды. Акцияға 500 мыңнан астам адам қатысты, оның ішінде «Медеу» өңірлік табиғи парк» МҚБ, жоғары оқу орындарының студенттері, «Қазселденқорғау» МБ және Экология департаменті болды.

Сонымен қатар, ол 12 қазанда акцияның Көктөбе тауында жалғасатынын, мұнда шамамен 30-40 мың Сиверс (жабайы) алма ағашының көшеттерін отырғызу жоспарланғанын айтты. Акцияға 800 мыңнан астам адам қатысады.

Айта кетерлігі, дәл осы күні Алматы қаласының 110 мектебінде 4 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылады.

19 қазанда «Атакент» ҚІЫО мен Атлеттер ауылында шаған, үйеңкі, емен, жөке, қайың, талшын ағаштарының 5 мыңнан астам көшеттерін отырғызу жоспарланған.

26 қазанда Саялы және Зерделі ықшамаудандарында 3 мыңға жуық көшеттер отырғызылады.

«Орман ек» - жалпыреспубликалық акция, оны Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жариялаған.

«Jasyl Almaty» акциясын қала аумақтарын жасылдандыруға көпшілікті кеңінен тарту үшін Алматы қаласының әкімдігі жүзеге асыруда.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


14 желтоқсан 2019 жыл қар тазалау туралы ақпарат
14 желтоқсан 2019 - 19:55
Алматы қаласында 14 желтоқсан күні сағат 10:30-да қар жауды.   Сағат кешкі 17:00-дегі жағдай бойынша қалада 1,5-2 см, тау бөктеріндегі және таулы аудандарда 5-6 см-ге дейін қар түсті. Қазіргі уақытта автомобиль жолдарына тайғаққа қарсы материалдар себу, тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын тазалау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 531 бірлік арнайы техника, оның ішінде 192 құм шашқыш және 1 531 жол жұмысшылары жұмылдырылды. Түнгі уақытта 438 бірлік техника (18...
Бақытжан Сағынтаев жұмыс істейтін жастарға пәтер кілттерін табыстады »»
14 желтоқсан 2019 - 14:26
Бірінші пул бойынша барлығы 1244 өтініш келіп түсті. Соның ішінде баллдық жүйеге сәйкес 249 үміткердің тізімі жасалды.   Олардың ішінде көп балалы отбасылар, білім беру, денсаулық сақтау қызметкерлері және құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар. Алматы әкімдігімен өтініштерді қабылдайтын арнайы www.almaty-jastary.kz сайты әзірленді. Бірінші пул бойынша Алатау ауданындағы Көкқайнар ықшамауданындағы 249 пәтерге өтінімдерді қабылдау 30 қазан мен 12 қараша аралығында өтті. Жыл соңына дейін тағы 801...
Мереке күндері қарсаңында азық-түліктің бағалары қолжетімді болмақ »»
14 желтоқсан 2019 - 11:08
Алдағы мереке күндері қарсаңында алматылықтар арзан ет пен көкөністерді сатып ала алады.   Төмен бағадағы азық-түлік өнімдері «демалыс күндік» жәрмеңкелер мен қаладағы ӘКК-ның 8 азық-түлік павильонында сатылады. Тіркелген құн бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 6 түрі ұсынылған: тауық еті, сиыр еті, картоп, пияз, сәбіз және қырыққабат. Аталған өнім орташа нарықтық бағадан 15-40%-ға арзан. Сонымен қатар, жылыжайда өсірілген қызанақ пен қияр сатылымға түседі. Халықты арза...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56