^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 21 қазан 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Әлеуметтік көмектің жаңа тәсілдері
10 қазан 2019

Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы атаулы әлеуметтік көмектің 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоспарланған жаңа механизмдері туралы айтып берді.

 

Қазақстан Президентінің АӘК- ті төлеу механизмдеріне түзетулер енгізу жөніндегі тапсырмасына орай ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік көмектің жаңа тәсілдерін ұсынды.

Бірінші – көпбалалы отбасылар жеке санатқа енгізіледі және оларға кепілдемелі көмек көрсетіледі.

Аталған мемлекеттік көмектің отбасының табысына еш қатысы жоқ әрі кәмелетке толмаған 4 және одан көп балалары бар отбасылардың барлығына беріледі.

Бұл көмектің көлемі бала санына қарай сараланады, әр балаға орта есеппен 10-11 мың теңгеден келеді және көлемі 2018 жылы тоқтатылған осыған ұқсас көмектерден 4-7 есе көп болады.

Екінші – азаматтардың аз қамтылған санатына қолдау көрсетіледі және олар еңбекке тартылады.

АӘК аз қамтылған отбасыларға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға да төленеді.

АӘК-тің көлемі жан басына шаққандағы табыс пен күн көріс минимумының 70%-ы арасындағы айырмашылықты құрайды. Сонымен қатар, табысы жоқ отбасылар биылғы жылғыдай көмек алатын болады.

АӘК-тің басты шарттарының бірі - отбасының еңбекке жарамды мүшелері жұмыс істеулері және отбасы үшін жауапкершілікті мойнына алулары тиіс. АӘК шартты ақшалай төлем ретінде «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасын толық қолдану арқылы төленеді және ол аз қамтылған отбасылардағы жұмыссыз азаматтарға бағытталған.

Мемлекет арқылы субсидия бөлінетін жұмыстар одан әрі жалғасады, олар: жеңілдетілген микронесиелер және бизнес ашу үшін берілетін қайтарылмайтын гранттар.

Егер жұмысқа жарамды отбасы мүшесі ұсынылған жұмыстан бас тартатын болса, онда АӘК отбасыға берілмейді.

Үшінші - АӘК алушылардың барлығына құрамына балаларға нақтылы қолдау көрсету енген кепілдемелі пакет беріледі.

Пакетте мыналар болады:

- мектеп жасына дейінгі балалар үшін: балалар тағамдары және гигиеналық заттар (323,4 мың балаға 5302 теңгеден).

- мектеп жасындағы балалар үшін: мектепте ыстық тамақ беріледі, мектеп киімі және қажетті заттармен қамтамасыз етіледі, жолақысының шығыны төленеді.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров қала имамдарымен кездесуде қоғамдық келісім мен конфессияаралық диалогты сақтау мәселелерін талқылады »»
21 қазан 2019 - 17:53
Алматының бас имамы Е. Шоқаймен және аудандардың бас имамдарымен болған кездесу кезінде жастармен жұмыс жүргізудің ерекше маңызы және жауапкершілігі жөнінде сөз болды. Мемлекеттің орнықты дамуының негізі болып табылатын қоғамның тұрақтылығын, келісім мен өзара түсіністікті сақтауда қала мешіттері қызметкерлерінің маңызды рөл атқаратыны аталып өтті. «Қазақстанда түрлі дін өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде, біз сол үшін мақтана аламыз. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы осынау теңг...
Алматыда №92 бағыт автобустары жаңарды
21 қазан 2019 - 14:41
Қала тұрғындарының көптеген өтініштері бойынша №92 бағыт 12 метрлі 20 жаңа автобустармен толықты. 100%-ға жаңарған жылжымалы состав қала көшелеріне 19 қазанда шықты.   Барлық көліктер төмен еденді, сыйымдылығы үлкен әрі қала жолаушыларын тасымалдау үшін арнайы жасалған. Автобустар табиғи газбен жүреді, кондиционер және видеобақылау орнатылған. Сыйымдылығы — 104 адам, отыратын 22 орын және қимылы шектеулі жандар үшін 3 орын бар. Бұдан өзге, №92 бағыт қала орталығына қатынау үшін Түрксіб, А...
Open Almaty-ға 9 айдың ішінде жүз мыңнан астам өтініш түсті »»
21 қазан 2019 - 14:10
Алматының қоғамдық қабылдауына қала тұрғындары абаттандыру, қоғамдық көлік және жолдар, инженерлік желілер, ТҮКШ мәселелері бойынша жиі өтініш түсіреді.   Алматы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауы 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс жасауда. Жоба Smart Almaty концепциясын жүзеге асырудың бір бөлігі болып табылады және оның құрамына фронт-офис, қалалық ақпараттық портал және байланыс орталығы енген. «Бір терезе» қағидасы бойынша әрбір қалалық Open Almaty-дағы аудандық әкімдік...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56