^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 14 қараша 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы қаласы бойынша жолды жөндеу-салу жұмыстарының қарқыны туралы
11 қазан 2019

Бүгін Алматы қаласы әкімдігінде өткен баспасөз конференциясында қалалық Мобилділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Әбжахан қала бойынша жолды жөндеу-салу жұмыстарының қарқыны туралы айтып берді.

 

Оның ақпараты бойынша қазіргі кезде аудандарда жол жөндеу жұмыстарының барысы мынадай:

Алатау ауданы - 24 көше, ұзындығы 23,5 км;

Алмалы ауданы – 15 көше, ұзындығы 21,7 км;

Әуезов ауданы – 17 көше, ұзындығы 10,9 км;

Бостандық ауданы – 25 көше, ұзындығы 18,4 км;

Жетісу ауданы – 15 көше, ұзындығы 13,2 км;

Медеу ауданы – 13 көше, ұзындығы 20,2 км;

Наурызбай ауданы – 23 көше, ұзындығы 25 км;

Түрксіб ауданы – 15 көше, ұзындығы 5,4 км.

Сонымен қатар, Жетісу ауданында ұзындығы 9,7 км болатын 5 көшеге (инженерлік коммуникация жүргізілген соң асфальт төсеу) Федоров көшесі Ниязбеков көшесінен, ұзындығы 0,960 км болатын. Крылов көшесіне дейін, Верди көшесі Федоров көшесінен ұзындығы 0,690 км болатын № 130 үйге дейін, Венецианов көшесі Казаков көшесінен ұзындығы 0,912 км болатын Ниязбеков көшесіне дейін, Мартынов көшесі Казаков көшесінен ұзындығы 0,660 км болатын Ниязбеков көшесіне дейін, Брюсов көшесі Казакова көшесінен ұзындығы 0,425 км болатын. Райымбек даңғылына дейін жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сүйінбай даңғылында 1,1 км болатын Шолохов көшесінен Б. Хмельницкий көшесінің солтүстік бұрылыс кіреберісіне дейін реконструкциялық жұмыстар аяқталды.

Жолдың қозғалыс бөлігіне асфальт төсеу, солтүстік кіреберісті, тротуарлар мен арықтарды, жөндеу, жарық орнату, инженерлік желілерді жүргізу және жасылдандыру жұмыстары орындалды. Жол жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың аяғына дейін 80 бекет алаңдарын және ұзындығы 35 км болатын тротуарларды жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған.

Қазіргі кезде 15,1 км тротуарлар мен 29 500 кв. м. алаңдар жөнделді. Қалған учаскелерде жұмыстар жалғасуда.

14 ықшамаудандардағы 469 көшеге ұзындығы 121 км болатын жаңа жолдар салынуда. Бұл өткен 3 жыл ішіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 4 есе көп (Саялы, Алғабас-АЗТМ, Ақбұлақ, Ұлжан-2, Қарасу, Көкқайнар, Жас қанат, Әйгерім-1, Әйгерім-2, Шаңырақ-1, Ұлжан-1, Трудовик, Дархан-Байбесік, Шаңырақ-2).

Нәтижесінде Алматы жолдарының ұзындығы 4%-ға ұлғаяды, 143,5 мың тұрғын жөнделген жолдармен қамтамасыз етіледі, қаладағы сапалы жолдардың деңгейі 72%-ға дейін артады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыны жасылдандырудың шеберлік-жоспарының жобасы әзірленді »»
13 қараша 2019 - 15:34
Алматы әкімі қаланы жасылдандырудың шеберлік-жоспарының жобасын қараған жұмыс жиынын өткізді, оның барысында таяудағы үш жыл ішінде миллион ағаш отырғызу мәселесі сөз болды.   Шеберлік-жопарын жасау кезінде қаланың жасыл желектері зерттелді және оның қазіргі жағдайы анықталды. Бұл жұмысқа кәсіби мамандар тартылды, олар зерттеу барысында қаладағы жасыл желектің жалпы көлемі бір адамға шаққанда небәрі 894 га – 4.8 шаршы метр екенін анықтады. Ал, сонау 70-80 жылдары бұл көрсеткіш 10 шаршы метрге ж...
Алматыда халықаралық «ЖасSTAR» шығармашылық жастар фестивалі өтті. »»
13 қараша 2019 - 09:01
«Жаңа есімдердің он жылдығы» ұранымен өткен фестивальді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры ұйымдастырса, оған Алматы әкімдігі қолдау көрсетті.   Фестиваль қатысушылары мен оның қонақтарын қала әкімі Б.Сағынтаевтың атынан шаһар басшысының орынбасары Ержан Бабақұмаров құттықтады. «Жастардың арасында өнер мен мәдениетті жан-жақты дамытуды мақсат еткен фестиваль өзінің он жылдығын атап өтуде. Аталған шара әр елдің жастарының басын қосып келеді. Жыл сайын фестивальге қатысуға ниет...
Алматының даму стратегиясының ұзақ мерзімді жобасы сарапшылар мен жұртшылықтың қатысуымен әзірленуде »»
12 қараша 2019 - 22:37
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров шаһардың сарапшылық қауымдастығы және қоғамдық кеңестің кеңейтілген құрамдағы мүшелерімен кездесіп, «Алматы-2050» стратегиясының жобасын талқылады. Алқалы жиын қаланың дамуына қатысты құжаттық жобалардың жұртшылық және сарапшылармен талқылауды құп көретін қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес өтті. «Бұл қала дамуының басты басымдықтарын қамтитын негізгі құжат. Ұзақ мерзімді мақсаттарды анықтауда сіздердің пікірлеріңіз біз ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56