^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 22 қараша 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматының мектептерінде төрт мыңнан астам көшет отырғызылды
12 қазан 2019

 Бүгін, 12 қазанда шаһар басшысы Б.Сағынтаев қаладағы мектептерде өткен көгалдандыру акциясына қатысты.

 Jasyl Almaty жалпықалалық акциясы аясында білім ошақтарында 4360 көшет отырғызылды. Бұл күні Бақытжан Сағынтаев Наурызбай мен Алатау аудандарына қарысты №200 және №181 мектептерінің оқушылары және мұғалімдерімен бірге болды. Аталған екі мектепте 600-ге жуық көшет отырғызылды. Жалпы қаладағы 110 мектептің жоғары сынып оқушылары, ата-аналары мен ұстаздары бірігіп, 4360 түп акация, қарағай, катальпа, үйеңкі, шағала көшеттерін отырғызды.

«Жоғары сынып оқушыларымен бірге ата-аналардың да шыққаны қуантады. Демек, олар қоршаған ортаның жай-күйіне немқұрайлы қарамайды деген сөз. Сондықтан да болар олар біздің үндеуімізге үн қатып, көгалдандыру жұмыстарына құлшыныспен кірісті. Олар өз ағаштарын күтіп, суғаратын болады», – деп атап өтті Б.Сағынтаев.

«Болашағымызды туған қаламызбен байланыстырамыз. Біз Алматының бүгін және болашақта да әлемдегі экологиялық таза әрі ең жасыл қала болғанын қалаймыз!», – деді акцияға қатысқан балалар.

Ертең, 13 қазанда Көк Төбе тауының баурайында өрттен зардап шеккен ағаштардың орнына күзгі ағаштарды отырғызу науқаны өтеді. Бұған дейін Мохнатка тауының баурайында 50 мың Шренк шыршасының көшеттері отырғызылған болатын. Көгалдандыру акциясына қоғам өкілдері, еріктілер мен жастар қатысты.







  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


«Алматы-2050» даму стратегиясы туралы
22 қараша 2019 - 19:24
Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында «Алматы-2050» Даму стратегиясы (әрі қарай – Стратегия) туралы брифинг өтті. Жоба көпшіліктің талдауына биылғы жылдың 21 қарашасында ұсынылды.   Алматы қаласының Стратегия және бюджет басқармасының басшысы Нұртас Қаиров қаланың стратегиялық дамуының жеті басымдығы енгізілген құжат жобасының қалай жасалғанын түсіндірді. Қоғамдық сарапшылардың қатысуымен 23-31 қазан аралығында АДО алаңында өткен жұмыс сессиялары барысында қала алдында тұрған 11 ...
Денсаулық айлығы аясында 8 мыңға жуық алматылық медициналық тексеруден өтті »»
22 қараша 2019 - 19:58
Бүгін медиктер 8 мыңға жуық қалалық медициналық тексеруден өткен мегаполистің 30-дан астам шет аймағында болды.   Эндокринолог, кардиолог, жалпы практика дәрігері, офтальмолог, гинеколог және басқа кәсіби дәрігерлер қабылдаулар өткізді. Мұнда қандағы холестерин және қант деңгейін анықтау үшін қан тапсыру экспресс-әдсіпен атқарылды, қан қысымы тексерілді, ЭКГ диагностикасы жасалды, ВИЧ-инфекциясын және басқа да сырқаттарды анықтаудың экспресс-тестілері жүргізілді. Мұның барлығы қадамдық қолжетімділік ...
Б. Сағынтаев: қалалықтармен кездесу бізге Алматыны дамыту үшін маңызды шешімдер қабылдауға көмектеседі »»
22 қараша 2019 - 18:16
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданы тұрғындарымен екінші мәрте кездесті, оған 150-ге жуық сұрақтар қойылды.   «Еркін микрофон» форматындағы алғашқы кездесу Алатау ауданында 9 тамызда өтті. Сол кезде 500-ден астам адам жазбаша жән ауызша 400-ден астам сұрақтар қойған еді. Сұрақтардың бір бөлігі сол жерде шешімін тапты, қалғандарына жіті сараптама жасалды, оның қорытындысы бойынша қаланың түрлі басқармалары мен қызметтеріне және аудан әкімдігіне 161 тапсырма берілді. Аудандағы ең...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56