^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 4 шілде 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Көк Төбенің өрт шарпыған аймағына Назарбаев қызғалдақтары мен Сиверс алмасы отырғызылды
13 қазан 2019

Бүгін, 13 қазанда Jasyl Almaty көгалдандыру акциясы аясында Көк Төбе тауында Сиверс алмасының көшеттері мен «Қазақстан», «Нұрсұлтан Назарбаев» сорттарының қызғалдақтары отырғызылды.

Көгалдандыру акциясына 500-ге жуық адам қатысса, оның 200-ге жуығы студенттер болды. Барлығы 40 мың Сиверс алма ағаштары мен «Қазақстан», «Нұрсұлтан Назарбаев» сұрыптарындағы қызғалдақтардың 500 мың данасы отырғызылды.

Қалалық жасыл экономика басқармасы мамандарының айтуынша, көшеттерді отырғызу жұмысы арнайы алаңдарда жүзеге асырылып, әр көшет бір-бірінен төрт метр қашықтықта орналастырылды. Алаңдар таудың етегінде каскад бойынша орналасқан.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаевтың ұйытқы болуымен қолға алынған Jasyl Almaty көгалдандыру акциясының маңыздылығына тоқталды.

«Акция басталғаннан бері ондаған мың ағаштың көшеттері отырғызылды. Бұл – қаланың жасыл қоры толығып, экологиялық жағдайы жақсарып, ауасы да біршама тазара түседі деген сөз», - деді Е. Бабақұмаров.

Көк Төбе тауының баурайы тамыз айында болған өрттен зардап шеккен еді. Бүгінгі акцияның арқасында ботаник Сиверстің құрметіне аталған жабайы алманың популяциясы қалпына келтірілмек. Алманың бұл түрі туралы алғаш рет 1793 жылы айтылды.

Естеріңізде болса, бұған дейін Б. Сағынтаевтың қатысуымен Мохнатка тауында Шренк шыршасының көшеттері отырғызылды. Осыдан бірнеше жыл бұрын бұл аймақ та қатты дауылдан зардап шеккен еді.

Кеше, 12 қазанда қаланың 110 мектебінде төрт мыңнан астам ағаш түрінің көшеттері отырғызылды.

Жалпы, үш жылға жоспарланған Jasyl Almaty жобасы аясында қала бойынша кемінде миллион ағаш отырғызу маңыздылығы тұр. Бұл жұмыстар ең алдымен, Алатау, Наурызбай, Жетісу, Алмалы аудандарында жүргізілмек. Мамандардың бағалауы бойынша, қазір Алматыда 2,2 миллион ағаш болса, оның 550 мыңы ауру әрі апатты жағдайда.

Қаланы көгалдандыруға барлық экологиялық ҮЕҰ мен азаматтық белсенділер, бизнес өкілдері және қалалықтар тартылуда.





  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Сағынтаев: Алматыда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету кызметінің жұмысын күшейтеміз »»
03 шілде 2020 - 15:36
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың денсаулық сақтау жүйесі жүктемесінің өсуіне орай алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қызметінің күшейтілетіні туралы айтты.   Қала басшысы Instagram-дағы өзінің парақшасында санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шаралары және пандемия жағдайында қалалықтарға медициналық көмек көрсету туралы жазды. «Бүгінде коронавирустың таралуына байланысты қалалық денсаулық сақтау жүйесінің барлық мүмкін ресурстары жұмылдырылды. Жұқпалы және п...
Алматылықтарға АӘК рәсімдеу үшін бөлімдерге бармау өтініші жасалды: өтініштер автоматты түрде рәсімделеді »»
03 шілде 2020 - 15:39
Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат қоры басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы карантин жағдайында атаулы әлеуметтік көмек алушылардың тізімі қалай жасалатынын айтты.   Еске сала кетейік, мемлекет басшысының тапсырмасымен шындықты, әділеттікті және еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың басынан атаулы әлеуметтік көмек  көрсетудің жаңа тетігі енгізілді. АӘК көрсетудің жаң...
Алматыға кіреберісте блок-бекеттер орнатылмайды
02 шілде 2020 - 23:53
Онлайн-брифинг барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов еліміздің қалаларында карантиннің күшейтілуіне қатысты түсініктеме берді және 5 шілдеден бастап енгізілетін қосымша шектеу шаралары туралы хабарлады.   Эпидемиологиялық жағдайды жақсарту мақсатында еліміздің барлық аймақтарына, соның ішінде Алматы қаласына қатысты бірқатар қосымша шаралар қабылданды. Осылайша, 5 шілдеден бастап екі аптаның ішінде ірі сауда нысандары, жабық базарлар, фитнес-орталықтар, мекте...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz