^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 27 ақпан 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Б. Сағынтаев «Буревестник Алматы» волейбол клубын Қазақстан Кубогіндегі жеңісімен құттықтады
14 қазан 2019

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Буревестник Алматы» волейбол клубының ойыншыларымен, жаттықтырушылар құрамымен және әкімшілігімен кездесіп, 2019 жылғы Қазақстан Кубогін жеңіп алуларымен құттықтады.

 

Қала басшысы барша ұжымның үйлесімді жұмысының арқасында осындай биік нәтижеге қолжеткенін атап өтті, сонымен қатар «Буревестник Алматы» ЖШС директоры, генерал-лейтенант, КСРО-ның спорт шебері Амангелді Шабдарбаевқа, команданың бас жаттықтырушысы, ҚазССР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Александр Запеваловқа, жағажай волейболының бас жаттықтырушысы Денис Ровкинге алғыс сөзін білдірді.

«Спорттағы лайықты нәтиже – бұл оқыстан болатын жағдай немесе істің оңынан тууы емес. Бұл – үнемі аянбай тер төгудің, өз күшіне сенудің және жеңіске жетудегі зор үміттің нәтижесі. Мен күнделікті жаттығулардың қуаныш әкелуін, тарыққан сәттерде сенімнің алға жетелеуін, ерен еңбектің лайықты жеңіспен марапатталуын тілеймін!», - деді Алматы әкімі.

Командаға ақшалай сертификат, клуб директоры Амангелді Шабдарбаевқа қалаға сіңірген еңбегі үшін «Еңбегі үшін» төсбелгісі тапсырылды.

«Еліміздің спорт орталығы ретінде Алматы қаланың спорт жетістіктері қоржынына үлес қосатын командаларға қолдау көрсететін болады», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.

«Буревестник Алматы» волейбол клубы ХХ ғасырдың ортасында КСРО чемпионы, Европа Кубогінің екі дүркін иегері атанған әрі аңызға айналған «Буревестник» клубының дәстүрлерін жалғастыруда.


  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы құрылысшылары қазмазмұнды ұлғайтуға және әлеуметтік нысандарды салуға дайын »»
26 ақпан 2020 - 18:17
Алматы әкімі Б. Сағынтаев қаланы дамытуға қатысты проблемалық мәселелерді талқылау үшін құрылыс компанияларының басшыларымен кездесті.   Мегаполисте тұрғын үй құрылысының қарқыны жоғары. Егер өткен жылы 2,1 млн шаршы метрге жуық үй пайдалануға берілсе, биылғы жылы шамамен 2,2 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 19,5 мың пәтер салу жоспарланған. Оның ішінде, 1553 мың шаршы метр коммерциялық құрылыс немесе 16029 пәтер, 593 мың шаршы метр жеке тұрғын үй немесе 2374 тұрғын үй. Мемлекеттік бюджет еесбінен 64,...
Алматы әкімдігінде хоккейші балалардың ата-аналарымен кездесу өтті »»
25 ақпан 2020 - 17:17
Бүгін Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов хоккеймен айналысатын балалардың ата-аналарымен кездесті. Кездесуге "Медведи" жеке хоккей клубының өкілі де қатысты.   Кездесу барысында балалар хоккейінің қазіргі жағдайы мен даму болашағы талқыланды. Қатысушылар балалардың секцияларының сапасы және олардың баға белгілеуі, сондай-ақ жаттықтырушылар құрамының біліктілігін арттыру мәселелерін көтерді. Қалалық Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов қазіргі уақытта Алмат...
Алматының сәулетшілері мен белсенділері мегаполистің дамуын талқылады »»
25 ақпан 2020 - 17:39
Қазір 30 қоғамдық кеңістіктің жобалары әзірленуде.   Бүгін танымал және жас сәулетшілермен, қоғам белсенділерінің қатысуымен өткен «дөңгелек үстелде» қаланы дамыту мәселесінде кешенді іс-қимылды қажет ететін шешімдерді талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Instagram парақшасына сілтеме жасап.   "Бүгін танымал және жас сәулетшілермен, қоғам белсенділерінің қатысуымен өткен «дөңгелек үстелде» қаланы дамыту мәселесінд...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56