^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 1 сәуір 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Қазақ тілін дамытуға қосқан үлесі үшін
15 қазан 2019

Бүгін, 15 қазанда Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Қазақ ССР Тілдер туралы» алғашқы Заңның қабылданғанына 30 жыл толуына орай бір топ ғалымдармен, жазушылармен, журналистермен және қоғам қайраткерлерімен кездесті.

 

Б. Сағынтаев құрметті миссияны атқарды, яғни мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосқан жазушылар мен қоғамгерлерге Мемлекет басшысының Алғыс хаттарын тапсырды.

Олардың арасында «Мемлекеттік тілге құрмет» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Асылы Осман, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Өмірзақ Айтбаев, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов, жазушы Смағұл Елубаев, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Телхожа Джанузаков, халық жазушысы Мұхтар Шаханов, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов, Ұлттық аударма бюросының редакторы Назгүл Қожабекова, жазушы-публицист Жұмаш Кенебай, «Жас қазақ» газетінің бас редакторы Смайыл Срайыл болды.

Кездесу барысында мемлекеттік тілді одан әрі дамыту, оны қала жұрты арасында дәріптеу мәселелері талқыланды және өзара пікір бөлісті. Сонымен қатар қала мектептерінің кітапханаларын, қазақ жазушыларының кітаптары мен толтыру және интернет базасын қазақ тілді контентпен толықтыру ұсынылды.




  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Ақпараттық хабарлама
31 наурыз 2020 - 17:14
Карантин кезінде уақытша жабылуға жатпайтын Алматы қаласының ұйымдары мен кәсіпорындары үшін рұқсат етілген салалар мен қызмет түрлерінің тізіміне толықтырулар енгізілді. 2020 жылдың 31 наурызы мен 6 сәуір аралығында карантин кезеңінде жұмыс істейтін қызметкерлер үшін анықтама үлгілері анықталды.   Алматыда карантин шараларын күшейту туралы...
Қаладағы нысандарды өңдеу үшін дезинфекциялық құралдарды қолдану бойынша ақпарат  »»
31 наурыз 2020 - 14:14
Қоқыс салатын жәшіктер, орындықтар, қоғамдық көлік аялдамаларын, жерасты және жерүсті өткелдерін дезинфекциялау үшін күн сайын 60-тан астам жұмысшы жұмылдырылуда. Төтенше жағдай кезінде 600 текше метр (600 000 литр) ерітінді (300 таблеткадан 200 құты) қолданылды.   Қоқыс шығаратын ұйымдар контейнерлік алаңдар мен контейнерлерді дезинфекциялауға 43 000 литр дезинфекция ерітіндісін пайдаланды. Ол үшін 85 адам жұмылдырылды. Автобустарды дезинфекциялауға 130 литрден астам ерітінді пайдаланылып, 100-ге ж...
Алматыда карантин кезеңінде қызметіне рұқсат етілген кәсіпорындар үшін ақпараттық хабарлама »»
31 наурыз 2020 - 13:36
2020 жылдың 30 наурызы мен 5 сәуірі аралығында Алматыда барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтатылады.   Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті компаниялар ғана жұмысын жалғастырады. Ары-қарай оқу үшін және қандай салалар өз жұмысын жалғастыратыны туралы мына сілтемелерден қарау керек. Егер сіздің компанияңыз рұқсат етілген салаларға кірсе, онда сізге мына төменде берілген үлгілерді толтыру қажет: №1 үлгі (кәсіпорындар бойынша): https://forms.gle/PfjLFPK4DgyBnQt27 №2 үл...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56