^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 15 шілде 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Б. Сағынтаев Алматының Индустриалдық аймағының жобаларын қарады
19 қазан 2019

Бүгін, 19 қазанда, қала әкімі жұмыс сапары барысында қаланың Индустриялық аймағындағы жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Сондай-ақ бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап көрді.

 

Бүгінгі таңда аймақ аумағында іске асыру үшін 39 жоба мақұлданып, онда 5200-ден астам жұмыс орны құрылады. Алты кәсіпорын пайдалануға берілді. Олардың қатарында жылыжай кешені, сондай-ақ қағаз қаптарды, оргтехникаға арналған картридждерді, өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйелерін, кабель өнімдерін, скотч пен стрейч-пленкаларды өндіру зауыттары бар.

Іске қосылған кәсіпорындардың жалпы инвестиция сомасы 24,4 млрд. теңгені құрады. Мұнда 385 жұмыс орны ашылды. 2019 жылдың соңына дейін 67 млрд. теңге сомаға жеті жобаны іске қосу жоспарланып отыр. онда 1,5 мың жұмыс орны ашылмақ. Қала экономикасына инвестиция тарту бойынша жұмысты жандандыру мақсатында Б.Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Алматының Іскерлік кеңесі құрылды. Мұнда шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту шарттарына қатысты барлық мәселелер талқыланады.

Сонымен қатар, салалық одақтар мен кәсіпорындардың басшыларымен өткізілетін Өңірлік үйлестіру кеңесінің жұмысы қайта жанданды. Жақында өткен отырыста модульдік үй құрылысы, жылыту және өрт сөндіру жүйелерін, құрылыс материалдарын, полимерлік құбырларды өндіру бойынша жобалар мақұлданды.

Бұл күні Б.Сағынтаев Алатау ауданында "Алматы-2020" бағдарламасы аясында салынған және заманауи жабдықтармен жабдықталған жедел медициналық жәрдем стансасының жаңа ғимаратын аралап көрді. Сондай-ақ, қала әкімі JCI халықаралық аккредитациясына дайын №17 қалалық емхананың қызметімен танысты. Аккредиттеу әлемдік стандарттарға сәйкес келетін медициналық көмектің сапасын халықаралық деңгейде мойындау болып табылады.

Бұдан өзге шаһар басшысы елдегі баспа-полиграфия саласының мамандарын дайындайтын жалғыз оқу орны болып табылатын полиграфия колледжімен танысты. Колледждің түлектері креативті индустрияның бір бағыты бойынша өз ойларын іске асыруға мүмкіндіктері бар. Өйткені Б.Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша бұл бағытқа ерекше көңіл бөлінуде.










  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда туристік орындар мен ұлттық саябақтарға баруда жекелеген шектеулер енгізілді »»
14 шілде 2020 - 16:14
COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын ескерту мақсатында Алматы тұрғындарының арасында Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен 14 шілдеден бастап ұлттық саябақтар мен туристік орындарға баруда жекелеген шектеулер енгізілді.   Атап айтқанда, ұлттық саябақтар аумағына, танымал туристік және таулы нысандарға (Медеу, Бутаковка, Алма-Арасан, сонымен бірге, радонды қайнар бұлағы) кез келген көлікпен баруға тыйым салынады. Демалыс күндері ұлттық саябақтар келушілер үшін жабы...
Алматыдағы дәріханалардың сыртындағы кезектер әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттігінен туындады - Қазақстан Республикасының Фармацевтикалық қызмет қауымдастығы »»
13 шілде 2020 - 23:08
Коронавирустық пандемия жағдайында Алматы қаласының әкімдігі қалалық дәріханалар мен ауруханаларды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдады. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Қазақстан Республикасы Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова мәлімдеді.   Нарықты тұрақтандыру және дәрі-дәрмектердің уақтылы әкелінуін қамтамасыз ету мақсатында сертификаттау рәсі...
Алматыда қаладағы ауруханаларға дәрі-дәрмектерді жеткізу бойынша арнайы штаб тәулік бойы жұмыс істейді »»
13 шілде 2020 - 22:15
Алматыға дәрі-дәрмектерді уақтылы жеткізу қажеттілігіне байланысты қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен қаланың стационарлық ауруханаларын қажетті дәрі-дәрмектермен және басқа құралдармен қамтамасыз етуге арналған тәулік бойы қызмет ететін арнайы штаб құрылды, Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев мәлімдеді.   Алматыдағы ауруханаларда жататын орындардың кеңеюіне байланысты стационарлық ауруханалардағы пациенттер ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz