^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 13 тамыз 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Open Almaty-ға 9 айдың ішінде жүз мыңнан астам өтініш түсті
21 қазан 2019

Алматының қоғамдық қабылдауына қала тұрғындары абаттандыру, қоғамдық көлік және жолдар, инженерлік желілер, ТҮКШ мәселелері бойынша жиі өтініш түсіреді.

 

Алматы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауы 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс жасауда. Жоба Smart Almaty концепциясын жүзеге асырудың бір бөлігі болып табылады және оның құрамына фронт-офис, қалалық ақпараттық портал және байланыс орталығы енген.

«Бір терезе» қағидасы бойынша әрбір қалалық Open Almaty-дағы аудандық әкімдіктер, әлеуметтік әл-ауқат, тұрғын үй саясаты, жасыл экономика, қалалық жоспарлау және урбанистика, қала құрылысын бақылау, жер қатынастары, қалалық мобильділік басқармалары, ТЖД, ПД, соттан тыс татуластыру Орталығы, «Атамекен» ҰКП, «Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі», коммуналдық кәсіпорындар өкілдерінен кеңес алуына болады.

Барлық өтініштер бірыңғай ақпараттық жүйеге тіркеледі. Аудандар әкімдіктерінің, басқармалардың, коммуналдық қызметтердің орындаушылары ұсынатын жауаптардың сапасы мен уақтылы берілуін Open Almaty-дың инспекторлары бақылайды. Қала басшылығына апта сайын өтініштер бойынша статистика беріледі.

Open Almaty-да 2019 жылдың 9 айы ішінде қалалықтардың 106,2 мың өтініштері тіркелген. Олардың 62,9 мыңы немесе 59 пайызы байланыс орталығы; 19,6 мыңы немесе 18%-ы әлеуметтік желілер арқылы түскен; 17,3 мыңы немесе 16%-ы Open Almaty фронт-офисіне жеке келіп берілген; 6,4 мыңы немесе 6%-ы портал арқылы түскен.

2019 жылдың шілде–қыркүйек айлары аралығында Open Almaty-да 42,9 мың өтініш тіркелген, бұл 2018 жылдың (26,2 мың.) осы кезеңімен салыстырғанда шамамен 60%-ға көп.

Ағымдағы жылдың III тоқсанында түскен өтініштер бойынша қалалықтар үшін мына мәселелер өзекті болған, олар: қаланы абаттандыру — 6,3 мың (оның ішінде қала объектілерін, ауаларды ұстау, ТҚҚ шығару, ағашты санитарлық кесу, арықтарды тазалау); көлік пен жолдар шағымы — 3,6 мың (автобустар қозғалысы, жол, жаяу жүргінші жолы құрылысы, бағдаршам орнату); инженерлік желілер және ТКШ мәселелері — 1,8 мың (сумен қамту және бөлу, жылу желісі, газбен қамту, электроэнергиясы); тұрғын үй жән ПИК (лифтер, ПИК-тердің қызметі) — 1,2 мың және білім (орта білім, балалар бақшалары, колледждер) — 699 өтініш.

Open Almaty фронт-офисі (26,2 мың) Абай даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысында (Абай даңғылы, 90) орналасқан, ауданда жақсы көлік инфрақұрылымы (автобустар, метро) қалыптасқан. Жеке келуден өзге Open Almaty-ға әлеуметтік желілер (Facebook, Instagram, Twitter), веб-портал http://open-almaty.kz  және байланыс орталығы 1308 (ұялы телефоннан тегін), 338 33 88 нөмірі арқылы өтініштер жіберуге болады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру бойынша »»
12 тамыз 2020 - 23:26
Қала әкімдігі қаланың 27 сауда нысандарында (шектеулі шаралар қолданылатын базарлар, супермаркеттер мен дүкендер) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түріне күнделікті мониторинг жүргізуде.   Аудан әкімдіктері мен 27 сауда субъектілері субъектами («Small», «Рамстор», «Тоймарт», «Carefood», «Galmart», «Столичный», «Юбилейный», «Чайка» және т.б.) арасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарла...
Инфрақұрылымды жақсарту бойынша маңызды шешімдер қалалықтардың пікірін ескере отырып қабылданады »»
12 тамыз 2020 - 22:05
Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде алматылықтардың сұрақтарына жауап беру барысында айтты.   Кезекті хабарда Б. Сағынтаев қаланың инфрақұрылымын жақсартуға қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берді.   «Жол,сумен қамту желісін салу, жарықтандыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, аулаларды абаттандыру, бала бақшалар мен мектептердің құрылыстарын жүргізу жөніндегі барлық маңызды шешімдер тұрғындармен кездесул...
Б. Сағынтаев: Екпеге деген көзқарасты өзгерту қажет »»
12 тамыз 2020 - 22:07
Ағымдағы жылы ЖРВИ мен тұмауға қарсы 430 мың дозалық екпе сатып алынады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Aкimat Live бағдарламасының тікелей эфирі барысында хабарлады.   Алматыда жыл сайын ЖРВИ мен тұмау басталған кезде «тәуекел топтарға» екпе жасалады. Олар – медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда диспансерлік есептерде тұратын балалар, алты айдан асқан жиі ауыратын балалар, жетімдер үйіндегі балалар, қарттар үйіндегі адамдар жән...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz