^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 20 қараша 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров қала имамдарымен кездесуде қоғамдық келісім мен конфессияаралық диалогты сақтау мәселелерін талқылады
21 қазан 2019

Алматының бас имамы Е. Шоқаймен және аудандардың бас имамдарымен болған кездесу кезінде жастармен жұмыс жүргізудің ерекше маңызы және жауапкершілігі жөнінде сөз болды.

Мемлекеттің орнықты дамуының негізі болып табылатын қоғамның тұрақтылығын, келісім мен өзара түсіністікті сақтауда қала мешіттері қызметкерлерінің маңызды рөл атқаратыны аталып өтті.

«Қазақстанда түрлі дін өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде, біз сол үшін мақтана аламыз. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы осынау теңгерімді сақтауға айтарлықтай үлес қосуда», - деп атап өтті Ержан Бабақұмаров.

Ал Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай өз сөзінде мешіттердің қала өмірінің тұрақтылығына, қоғамның тыныштығына қосып жатқан үлестері мен мешіт қызметкерлерінің үнемі жамағатқа отансүйгіштік пен бейбітшілікті қадірлеуге бағытталған уағыз-насихаттарын жүргізіп жатқанын тілге тиек етті.

Сондай-ақ, мешіттер тарапынан Рамазан айы мен екі айт мерекелерінде және басқа да атаулы күндерде жасалып жатқан қайырымдылық жұмыстарына тоқталды. Ең бастысы, мешіт істерінің жүруіне қолдау білдіріп отырған қала әкімшілігі мен қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа алғыс білдірді. 

Алматыда 17 конфессия енетін 180 діни бірлестік, оның ішінде Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының 50 мешіті бар.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматының қалалық штабында медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру мәселелері талқыланды »»
19 қараша 2019 - 23:19
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыны дамыту жөніндегі кеңейтілген кеңесте берген тапсырмасын орындау мақсатында қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров штабтың кезекті отырысын өткізді.   Жиында қан айналымы жүйесі ауруларынан, жарақаттар мен жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім көрсеткіштерін төмендету, сондай-ақ хирургиялық қызметтің сапасын арттыру мәселелері қаралды. Қалалық ауруханалар мен емханалардың бас дәрігерлерінің есебін тыңдаған шаһар басшысының оры...
«Nur Otan» партиясы мен қала әкімдігі жұмысындағы негізгі басымдық – балалардың мүддесі »»
19 қараша 2019 - 23:00
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров «Nur Otan» партиясы жанындағы отбасы ісі, Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңес мүшелерімен кездесті. Басқосуда көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардағы балаларды қолдау және әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, спорт салаларында қабылданып жатқан мәселелерді талқылады.   Бір аптаның ішінде кеңес мүшелері қаланың әлеуметтік нысандары мен балалар мекемелерін аралап, тексерді. Мұнда бала...
Алматының мектеп жасына дейінгі және жалпы білім беретін мекемелеріндегі жағдайлар туралы »»
19 қараша 2019 - 16:34
Бүгін қала әкімдігінің баспасөз орталығында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың оқушыларына тегін ыстық тағам беру, білім мекемелеріндегі орын тапшылығын шешу, мектептер мен колледждерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және материалдық-техникалық жарақтандыруды күшейту, оның ішінде мектеп жасына дейінгі және орта білім беретін жаңа мекемелерді іске қосу қарқынын арттыру мәселелері талқыланды.   Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес барлық мектептерде осы мәсел...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56